"Қазақстан Республикасында түркi тiлдi мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын, ЮНЕСКО-ның және Бүкiлдүниежүзiлiк Туристiк ұйымның Ұлы Жiбек Жолы бойындағы туризм инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi жобасын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығын жүзеге асыру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 7 шiлдедегi N 1067 P971067_ қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
"Жiбек жолы" ұлттық комитетiнiң төрағасы болып Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрi И.Н.Тасмағамбетов тағайындалсын;
аталған комитеттiң құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Бекбосынов К. - ежелгi Тараз ескерткiштерi қорық-мұражайының директоры;
Демитов К.К. - Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрiнiң орынбасары /вице-министр/;
Жәлелов У.К. - Қазақстан Республикасы Бiлiм және мәдениет министрлiгiнiң Мәдениет департаментiнiң мәдениет ескерткiштерiн қорғау мен мұражай жұмыстары инспекциясының бастығы;
Құлыбаев А. - Қазақстан Республикасы Экономика және сауда
министрлiгiнiң Құрылыс және сәулет-қала құрылысын бақылау жөнiндегi агенттiгiнiң директоры; Қозыбаев М. - Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры; Рыскелдиев Т. - "Әзiрет-Сұлтан" Түркiстан тарихи-мәдени қорық-мұражайының директоры; Ходжаев М. - Отырар археологиялық қорық-мұражайының директоры; Хадлоу М. - ЮНЕСКО-ның Қазақстан Республикасындағы өкiлi (келiсiм бойынша). "Жiбек жолы" ұлттық комитетiнiң құрамынан мыналар шығарылсын: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары А.С.Есiмов; Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрi Ө.Е.Шүкеев. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары