Алматы қаласында жыл сайынғы "Жібек жолы - Қазақстан" халықаралық фестивалін ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 27 қараша N 1763

      Республикада ішкі және халықаралық туризмді одан әрі дамытуды ынталандыру, Қазақстанның туристік бейнесін қалыптастыру жөніндегі жұмысты күшейту мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралардың жоспарын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 2001 жылғы қазанда Алматы қаласында жыл сайынғы "Жібек жолы - Қазақстан" халықаралық бірінші фестивалі (бұдан әрі - Фестиваль) өткізілсін.
      2. Фестивальді дайындау және өткізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру тиісті бағдарламалардың орындалуына жауапты әкімші-мекемелер жоспарлы жылға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде, сондай-ақ демеушілік көмекті тарту есебінен жүзеге асырылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Фестиваль іс-шаралары өткізілетін орындарда және оған қатысушылар тұратын жерлерде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Алматы облысы мен Алматы қаласының әкімдері, "Жібек жолы - Қазақстан" ұлттық компаниясы" ашық акционерлік қоғамы (келісім бойынша) Фестивальдың мәдени бағдарламасын және осы іс-шараның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі

 

Фестивальға қатысушыларды, ресми  адамдарды уақытылы тасымалдауды және

олардың жүктері мен теңдеме жүгін жеткізуді қамтамасыз етсін.

     6. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі:

     - белгіленген тәртіппен Фестивальға қатысушылардың келу және кету

құжаттарын ресімдеуді қамтамасыз етсін;

     - Фестиваль туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының дипломатиялық

өкілдіктері арқылы таратуға жәрдем көрсетсін.

     7. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Фестивальде

аймақтардың туристік әлеуетін ашып көрсететін стенділер ұсынсын.

     8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі  



     Мамандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады