"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Z990357_ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1-3-қосымшаларға сәйкес қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2002 жылғы 3 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы
11 қаңтардағы N 42 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
"Үкіметтік борышқа қызмет көрсету"
042 республикалық бюджеттік бағдарламасының
2002 жылға арналған
Паспорты
1. Құны: 43 877 407 000 (қырық үш миллиард сегіз жүз жетпіс жеті
миллион төрт жүз жеті мың) теңге.
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Мемлекеттік
және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан
Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңның
11-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджет.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының
үкіметтік борышына қызмет көрсету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
1) үкіметтік заемдар бойынша сыйақы төлеу;
2) үкіметтік заемдарды тартқаны үшін комиссиялық сыйақы төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
---------------------------------------------------------------------------
N!Бағ.!Кіші !Бағдарламалардың!Бағдарламаны (кiшi бағдар. !Іске !Жауапты
!дар.!бағд.!(кiшi бағдар. !ламаны) iске асыру жөнiндегi!асыру !орындау.
!лама!коды !ламалардың) !iс-шаралар !мерзі.!шылар
!коды! !атауы ! !мі !
---------------------------------------------------------------------------
1 2 3 4 5 6 7
---------------------------------------------------------------------------
1 042 Үкіметтік борыш.
қа қызмет көр.
сету
011 Заемдар бойынша Үкіметтік заемдар 2002 Қазақстан
сыйақыларды бойынша сыйақы жыл Республи.
(мүдделерді) төлеу ішін. касының
төлеу де Қаржы
министр.
лігі
030 Заемдарды Үкіметтік заемдарды 2002 Қазақстан
орналастырғаны тартқаны үшін жыл Республи.
үшін комиссия. комиссиялық ішін. касының
лық төлемдер сыйақы төлеу де Қаржы
министр.
лігі
--------------------------------------------------------------------------
7. Бюджетті бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: үкіметтік
борышқа қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелерді орындау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы
11 қаңтардағы N 42 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
"Қазақстан Даму банкінің жарғылық капиталына қатысу"
республикалық бюджеттік бағдарламасының
2002 жылға арналған
Паспорты
1. Құны: 2 500 000 000 (екі миллиард бес жүз миллион) теңге.
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның Даму банкі туралы" 2000 жылғы 28 желтоқсандағы U000531_ Жарлығы, "Қазақстанның Даму банкі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі Заңының Z010178_ 16-бабы, "Қазақстанның Даму банкі" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы N 659 P010659_ қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджет.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мемлекеттік кепілдіктер бермей
заем қаражатын "Қазақстанның Даму банкі" жабық акционерлік қоғамының
(бұдан әрі - ЖАҚ) тарту мүмкіндігін қамтамасыз ету, сондай-ақ орта және
ұзақ мерзімді несиелерді жыл сайын бөлу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеті: ЖАҚ-тың жарғылық капиталын
қалыптастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
---------------------------------------------------------------------------
р/!Бюдж.!Кіші !Бағдарламалардың!Бағдарламаны (кiшi бағдар. !Іске !Жауапты
с !бағ. !бағд.!(кiшi бағдар. !ламаны) iске асыру жөнiндегi!асыру !орын.
N !дар !коды !ламалардың) !iс-шаралар !мерзі.!дау.
!лама ! !атауы ! !мі !шылар
!коды !
---------------------------------------------------------------------------
1 2 3 4 5 6 7
---------------------------------------------------------------------------
1 050 Қазақстан Даму 1. Республикалық бюджеттің 2002 Қазақ.
банкінің жарғылық қаражатын ЖАҚ-тың жарғылық жылғы стан
капиталына капиталын қалыптастыруға сәуір. Респуб.
қатысу жіберу ге ликасы
дейін Қаржы
министр.
лігі
---------------------------------------------------------------------------
7. Бюджетті бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: "Қазақстанның Даму банкі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі Z010178_ Заңына сәйкес ЖАҚ-тың алдына қойылған:
1) орта мерзімді (бес жыл және одан көп мерзімге) және ұзақ мерзімді (он жыл және одан көп - жиырма жылға дейінгі мерзімге) инвестициялық жобаларды несиелендіру;
2) Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын өнімдер экспортын ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы резиденттерінің экспорттық операцияларын несиелендіру;
3) басқа несие институттары берген заемдар мен несиелер бойынша кепілдікті міндеттемелерді беру жолымен Қазақстан Республикасы экономикасының өндіріс секторын несиелендіруді, сондай-ақ бірлесіп қаржыландыруды ынталандыру;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі іске асыратын инвестициялық жобаларды қаржыландыру тетіктерін жетілдіру міндеттерін орындауды қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы
11 қаңтардағы N 42 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
081 "Мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді
орындау" республикалық бюджеттік бағдарламасының 2002 жылға арналған
Паспорты
1. Құны: 13 553 571 000 (он үш миллиард бес жүз елу үш миллион бес жүз жетпіс бір мың) теңге.
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы N 464-І Z990464_ Заңының 17, 25-баптары, "Мемлекет кепілдік берген заемдардың кейбір мәселелері және жекелеген заңды тұлғалардың мониторингі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 шілдедегі N 1119 P001119_ қаулысы, "Мемлекеттік кепілдіктер берудің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 желтоқсандағы N 1652 P011652_ қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: заемшы заем туралы шартқа (келісімге) сәйкес одан тиесілі төлемдерді төлемеген жағдайда, Қазақстан Республикасының несие берушілер алдындағы міндеттемелерін орындау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктері бар мемлекеттік емес заемдары бойынша дефолт фактісіне жол бермеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мемлекеттік кепілдігі бар
мемлекеттік емес заемдар бойынша заемшылардың тізбесін Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекіту; егер кепілдікпен қамтамасыз
етілген заемды заемшы төлем мерзімінің басталған күні толық және жартылай
және 2002 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттың
шегінде өтелмеген жағдайда, негізгі борышты, сыйақыны, мемлекеттік
кепілдігі бар өзге де төлемдерді төлеу;
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары:
---------------------------------------------------------------------------
р/!Бағ. !Кіші !Бағдарламалардың!Бағдарламаны (кiшi бағдар. !Іске !Жауапты
с !дар !бағд.!(кiшi бағдар. !ламаны) iске асыру жөнiндегi!асыру !орын.
N !лама !коды !ламалардың) !iс-шаралар !мерзі.!дау.
!коды ! !атауы ! !мі !шылар
! !
---------------------------------------------------------------------------
1 2 3 4 5 6 7
---------------------------------------------------------------------------
1 081 Мемлекеттік Ықтимал төлеуге қабілетсіз 2002 Қазақ.
кепілдіктер заемшы анықталған жағдайда, жыл стан
бойынша Қаржы министрлігі бұл ішін. Респуб.
міндеттеме. туралы Қазақстан Респуб. де ликасы
лерді ликасының Үкіметін ның
орындау хабардар етеді және қайтару Қаржы
сызбасын ұсына отырып минис.
(заемды қайта құрылымдау, трлігі
заемшыны банкроттау, кепіл.
дік мүлкін қабылдау),
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
21 маусымдағы N 813
қаулысымен құрылған Ведо.
мствоаралық комиссияның
қарауына оқшауландырылған
қаражатты республикалық
бюджетке қайтару мәселесін
ұсынады. Ұсынылып отырған
қайтару нұсқасын комиссия
мақұлдаған жағдайда,
Қазақстан Республикасының
Үкіметі шешімінің тиісті
жобасы әзірленеді.
--------------------------------------------------------------------------
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: мемлекеттік
кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау.
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қобдалиева Н.М.