Мемлекет кепілдік берген заемдардың және жекелеген заңды тұлғалар мониторингінің кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 26 шілде N 1119. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.07.25. N 832 қаулысымен. ~P020832


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қоса беріліп отырған:
     Мемлекет кепілдік берген заемдар алған заңды тұлғалардың қаржылық 
жағдайы мониторингінің ережесі;
     Мемлекет кепілдік берген заемдардың кейбір мәселелері туралы ереже 
бекітілсін.
     2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы 
министрлігіне жүктелсін.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
                                        Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
                                             2000 жылғы 26 шiлдедегi
                                                N 1119 қаулысымен
                                                   бекiтiлген
     
                      МЕМЛЕКЕТ КЕПIЛДIК БЕРГЕН ЗАЕМДАР
                      АЛҒАН ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ
                           ЖАҒДАЙЫ МОНИТОРИНГІНІҢ
                                  ЕРЕЖЕСI
     
                            1. Жалпы ережелер


      1. Осы Мемлекет кепiлдiк берген заемдарды алған заңды тұлғалардың қаржылық жағдайына мониторингтi жүзеге асырудың ережесi (бұдан әрi - ереже) мониторингтi ақпараттық қамтамасыз етуді және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiмен берiлген мемлекеттiк емес сыртқы заемдар алған заңды тұлғалардың қаржылық жағдайының мониторингін жүзеге асырудың тәртiбiн және мониторингтi ақпараттық қамтамасыз етудi (бұдан әрi - мониторинг) анықтайды.
      2. Мониторинг - мемлекет кепiлдiк берген заемдар алған заңды тұлғалардың қаржылық жағдайын анықтауға арналған шаралар кешенi және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң алынған ақпаратты жинақтауы (бұдан әрi - Қаржыминi).
      3. Мониторинг өзiне базалық (заңды тұлғаның басшылығы, қызмет түрлерi, салалар, бәсекелестерi мен рыноктар, нормативтiк құқықтық орта туралы ақпарат) және қаржылық ақпаратты (қаржылық есептi, бизнес жоспарды талдау) талдаудан тұратын заем алушылардың қаржылық жағдайын талдауды қамтуы тиiс, сондай-ақ мониторингтi қамтамасыз ету жүйесiне арналған ақпарат беру мақсатында мониторинг құрылуы тиiс.
      4. Мониторингке мемлекет кепiлдiк берген заемдар алған барлық заңды тұлғалар жатады.

                   2. Мониторингті ақпараттық қамтамасыз ету
      5. Заем алушылардың қаржылық коэффициенттерiн талдау басқа заңды тұлғалар бойынша ұқсас көрсеткiштермен және тұтастай алғанда, сала бойынша деректермен салыстыру жолымен жүргізiледi. Қаржылық коэффициенттер заңды тұлғалардың қаржылық есептiлiгi көрсеткiштерiнiң ара қатынасын бiлдiредi. Әрбiр коэффициенттiң оңтайлы мәнi осы заңды тұлғаның басқа да қаржылық коэффициенттерiн ескере отырып, заем алушы жататын салаға қарай анықталады. Талдау жүргізу үшiн негiзгi көрсеткiштердiң екi тобы пайдаланылады:
      пайда көрсеткiштерi;
      капитал айналымының көрсеткіштері.
      6. Қаржылық коэффициенттер кәсiпорынның қаржылық жағдайының көрсеткiштерiн (кәсiпорын теңгерiмiнiң баптарын және пайда мен залал туралы есептi) ескере отырып, тоқсан сайын есептеледi.
      7. Мониторингтi жүзеге асыру кезiнде мынадай қаржылық коэффициенттер назарға алынады:
      өтiмдiлiк коэффициентi - ақша қаражаты мен қысқа мерзiмдi дебиторлық берешектiң қысқа мерзiмдi мiндеттемелердiң шамасына қатынасы;
      жабу коэффициентi - ағымдағы активтердiң қысқа мерзiмдi мiндеттемелерге қатынасы;
      заемға алынған және меншiктi қаражаттың ара салмағы - ағымдағы мiндеттемелердiң меншiктi капиталдың өлшемiне қатынасы;
      тарту коэффициентi - мiндеттемелердiң ағымдағы және ұзақ мерзiмдi активтердiң сомасына қатынасы;
      пайданың нормасы - салық салынғанға дейінгi жиынтық кiрiстiң iске асыру көлемiне қатынасы;
      меншiктi капиталдың рентабельдiлiк коэффициентi - салық салынғанға дейiнгі жиынтық кiрiстiң капиталдың өлшемiне қатынасы;
      кредиторлық берешек айналымының коэффициентi - сату көлемiнiң кредиторлық берешекке қатынасы;
      Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi (бұдан әрi - Экономикаминi) мен Қаржыминiнiң ұйғарымына қарай басқа да коэффициенттер.

                         3. Мониторингтi жүргізу тәртiбi
      8. Қаржыминi мен Экономикаминi мониторингке жататын заңды тұлғалардың тiзiмiн айқындайды және оны Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгiне (бұдан әрi - Агенттiк) жiбередi.
      9. Агенттiк тоқсан сайын, Қазақстан Республикасындағы шаруашылық жүргiзушi субъектілердiң қаржылық қызметi туралы статистикалық есептi жасауды аяқтағаннан кейiн он күндiк мерзiмде тiзiмде айқындалған шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржылық жағдайының көрсеткiштерiн Қаржыминi мен Экономикаминiне ұсынады.
      10. Қажет болған жағдайда Қаржыминi мен Экономикаминi белгiленген тәртiппен мемлекет кепiлдiк берген заемдар бойынша мiндеттемелерi бар шаруашылық жүргiзушi субъектiлерден, олардың қаржылық көрсеткiштерi туралы қосымша ақпаратты сұрауға құқылы.
      11. Қаржыминi мен Экономикаминi ұсынылған көрсеткiштердiң негiзiнде анықталған қаржылық коэффициенттердi, осы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң өткен кезеңдердегi, қызмет бейiнi ұқсас басқа шаруашылық жүргiзуші субъектілердiң осындай коэффициенттерiмен және осы коэффициенттердiң жалпы қабылданған нормаларымен салыстыру арқылы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң төлем қабiлетiне сараптама жүргiзедi.
      12. Қаржымині мен Экономикамині тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекет кепілдік берген заемдар бойынша заем алушылар ретінде әрекет еткен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық жағдайы туралы ақпарат береді.
      13. Ықтимал төлеуге қабілетсіз заем алушыны анықтаған жағдайда Қаржымині мен Экономикамині бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне хабарлайды және мемлекет кепілдік берген заемдар бойынша заем алушының берешегін өтеу үшін республикалық бюджеттен қаражаттың бөлінуін болдырмау жөнінде заңнамада көзделген шараларды ұсынады.
                                        Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2000 жылғы 26 шілдедегі N 1119 қаулысымен бекiтілген


                  МЕМЛЕКЕТ КЕПIЛДIК БЕРГЕН ЗАЕМДАРДЫҢ КЕЙБIР
                            МӘСЕЛЕЛЕРI ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

                               1. Жалпы ережелер
      1. Осы Ереже тартылған мемлекет кепiлдiк берген заемдар бойынша мiндеттемелердi орындау кезеңiнде көрсетiлген заңды тұлғалардың төлем қабiлетiнiң мониторингiн қамтамасыз ететiн мемлекет кепiлдiк берген заемдарды алған және (немесе) алуға үмiткер, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысқан заңды тұлғаларға немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдарға қойылатын қосымша талаптарды анықтайды.

                               2. Негізгі ұғымдар
      2. Осы ережеде пайдаланылатын ұғымдар мыналарды бiлдiредi:
      жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заем алушы - жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға немесе мемлекет кепiлдiк берген заемдар алған, акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғам;
      мемлекет кепiлдiк берген заемдар бойынша алдағы төлемдердi қамтамасыз ету жүйесi - жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заем алушының Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен (бұдан әрi - Қаржыминiмен) келiсiм бойынша шартты салымның арнайы шотын, сондай-ақ резервтiк шотты құруы не шартты салымның арнайы шотында ақша болмаған жағдайда, шетелдiк несие берушiлерге кезектi төлемдердi өтеуге кепiлдiк беретiн төте кепiлгер банктiң оларға төте кепiлдiк беруi;
      шартты салымның арнайы шоты - жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заем алушының мерзiмдi төлемдер арқылы екiншi деңгейдегi банкте ашылған және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiмен тартылған мемлекеттiк емес заем бойынша алдағы төлемдердi өтеудi қамтамасыз ету үшiн ғана арналған шартты салымның арнайы шотындағы ақшаның бөлiгiн мiндеттi жинақтауы;
      резервтiк шот (депозиттiк шот) - жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заем алушының заем туралы келiсiмге сәйкес кезектi төлемдердi қамтамасыз ету шотынан кезектi төлемдердi төлеудi қамтамасыз ету үшiн екiншi деңгейдегi банкте Қаржыминiнiң атына ашқан шоты. Резервтiк шоттың ақшасын жинақтау сомасын заем туралы келiсімге сәйкес есептелген пайызды (сыйақыны) ескере отырып, ең көп жартыжылдық төлем сомасының пайыздық қатынасында Қаржыминi белгiлейдi. Резервтiк шоттың ақшасын пайдаланудың шарттарын Қаржыминi белгiлейдi;
      банк-агент - мемлекеттiң кепілдiгiмен тартылған мемлекеттiк емес сыртқы заемға қызмет көрсететiн екiншi деңгейдегi банк. Заем алушы, Қаржыминi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен (келiсiм бойынша) (бұдан әрi - Ұлттық Банк) бiрлесiп анықтайтын, екiншi деңгейдегi банктердiң тiзбесiнен банк-агенттi таңдап алады;
      төте кепiлгер банк - кезектi жартыжылдық төлемдерге ақы төлеуге кепiлдiк беретiн екiншi деңгейдегi банк. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заем алушы, Қаржыминi Ұлттық Банкпен (келiсiм бойынша) бiрлесiп анықтайтын, екiншi деңгейдегі банктердiң тiзбесiнен төте кепiлгер банктi таңдап алады;
      жыл сайынғы бизнес жоспар - кірiс көздерiн көрсете отырып, заем бойынша алдағы төлемдер жөнiндегі нақты сандардан тұратын заем алушы әзiрлейтiн алдағы қаржы жылына арналған бизнес жоспар.

                   3. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын
                   заем алушыларға қойылатын қосымша талаптар
      3. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заем алушыларға қойылатын қосымша талаптар, өзiне:
      1) мiндеттi түрде:
      мемлекет кепiлдiк берген заем алуға үмiткер, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын, заем алушының заем бойынша өзiнiң ағымдағы мiндеттемелерiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi ақшаның сомасын мерзiмдi төлемдердiң есебiнен жинақтауды жүргiзу мiндеттемесiнен;
      мемлекет кепілдiк берген заем алған, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын, заем алушының шартты салымның арнайы шотынан кезектi төлем жүргізудiң не мемлекет қатысатын заем алушының төте кепiлгер банктiң төте кепiлдiгін берудiң сақтандыру резервiн (резервтiк шотын) қамтамасыз ететiн қаражатты алдын ала жинақтауды жүргiзу мiндеттемесінен;
      заем алушының Ұлттық Банкте және екiншi деңгейдегi банктерде бар банктiк шоттар туралы заңнамада белгiленген тәртiппен мәлiмет беру мiндеттемесiнен;
      заем алушының заемды толық өтегенге дейiн жыл сайынғы бизнес жоспарды беру мiндеттемесiнен тұруы тиiс. Қаржыминiнiң заем алушылармен мемлекеттiк емес заем бойынша, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепілдiгiн берудiң шарттары туралы келiсiм жасасуын;
      2) мiндеттi түрде:
      тараптардың шартты салымның арнайы шотының есебiн жүргiзу, сондай-ақ екi данада акт жасай отырып, берiлетiн құжаттаманы кезеңдiк салыстыру жүргізу мiндеттемесiнен;
      банк-агенттiң заем алушының қаржылық-экономикалық жағдайына талдау жүргiзу мiндеттемесiнен тұруы тиiс Қаржыминi мен банк-агент арасында шарт жасасуын;
      3) мiндетті түрде мемлекет қатысатын заем алушының мынадай:
      Ұлттық Банкте және екiншi деңгейдегi банктерде ашылған мемлекет қатысатын заем алушының банктiк шоттары туралы мәлiметтерді кезеңдiк беру;
      ақшаны шартты салымның арнайы шотында мерзiмдi шоғырландыру;
      ай сайын банк-агентке қаржылық есептердiң үлгілiк нысандарын (бухгалтерлiк теңгерiм, қаржы-шаруашылық қызметтiң нәтижелерi туралы есеп) және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заем алушының қаржылық жағдайын анықтайтын басқа да қажеттi құжаттарды беру міндеттемелерiнен тұруы тиiс, мемлекет кепiлдiк берген заемдар алған жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заем алушы мен банк-агент арасында шарт жасасуын қамтитын мемлекет кепiлдiк берген заемдар бойынша, алдағы төлемдердi қамтамасыз ету жүйесi болып табылады.
      4. Мемлекет кепiлдiк берген заем алған, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заем алушы Қаржыминiмен келiсiм бойынша алдағы төлемдердi қамтамасыз етудiң мынадай кез келген жүйесiн:
      1) резервтiк шоттарды;
      2) шартты салымның арнайы шотында ақша болмаған жағдайда, шетелдік несие берушiлерге кезектi төлемдерді өтеуге кепiлдiк беретiн төте кепiлгер банк берген төте кепiлдiктi таңдауға құқығы бар.
      Егер, екiншi деңгейдегі банктiң төте кепiлдiк беру жүйесi анықталған жағдайда, Қаржыминi мен төте кепiлгер банк толықтыру арасында жасалған шартта төте кепiлгер банктiң алдағы төлемнiң алдында 6 (алты) ай бұрын Қаржыминiне шартты салымның арнайы шотында қаражат болмаған жағдайда, төте кепiлгер банктiң алдағы төлемге ақы төлеуiн қамтамасыз ететiн қарсы кепiлдiк беру мiндеттемесi болуы тиiс.
      Төте кепiлгер банк банктiң активтерiн сыныптаудың және шартты мiндеттемелер және олар бойынша провизиялар есептемесiнiң тәртiбiн реттейтiн Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық кесімдерiне сәйкес кепiлдiктермен берiлетiн провизияларды қалыптастыруы тиiс.
      Резервтiк шоттың ақшасы мемлекет кепілдiк берген заем алған жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заем алушыға, ол Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгімен тартылған мемлекеттiк емес заемды толық өтегеннен кейiн қайтарылады.
      Шартты салымның арнайы шотына және резервтiк шотқа ақша аударудың нормасы мен кезеңділігiн (кестесiн) Қаржыминi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiмен тартылған мемлекеттiк емес заемның сомасына қарай мемлекет кепiлдiк берген заем алған жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заем алушымен және банк-агентпен бiрлесiп анықтайды.
      Ақшаны жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заем алушы шартты салымның арнайы шоттарына және резервтiк шотқа мемлекет кепiлдiк берген заем алған жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заем алушы мен банк-агент арасында жасалған шартқа сәйкес салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлегеннен кейiн тиiстi сомаларды ұдайы аудару жолымен аударады.
      Мемлекет кепiлдiк берген заем алған жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заем алушының резервтiк шотқа ақшаны бiрiншi аударуы кепiлдiк берген күннен бастап 3 (үш) айдан кешiктiрмей жүргiзiлуі тиіс.
      Мемлекет кепiлдiк берген заем алған жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заем алушы резервтiк шоттың ақшасын толық немесе iшiнара пайдаланған жағдайда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгі берiлген мемлекеттiк емес заемның мерзiмi өткен төлемiн өтеу үшiн резервтiк шотты толықтыру резервтiк шоттан ақшаны алғаннан кейiн 3 (үш) айдан кешiктiрмей жүзеге асырылуы тиiс. Бiрiншi кезекте резервтiк шоттың

ақшасы қалпына келтiрiледi.
     
                             4. Дауларды шешу
     
     5. Заем алушыларға Қазақстан Республикасының мемлекеттiк 
кепiлдiктерiн беру кезiнде туындайтын даулар мен келiспеушiлiктер, 
мүмкiндiгінше, келiссөздер жолымен шешiледi не Қазақстан Республикасының 
заңнамасына сәйкес шешiледi.
   
    Оқығандар:
   Қобдалиева Н.М.
   Орынбекова Д.К.     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады