"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Z990357_ Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 17 шiлдедегi N 1082 P001082_ қаулысымен бекiтiлген Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуы есебiнен қаржыландырылатын аймақтық инвестициялық бағдарламаларды Қазақстан Республикасының Үкiметімен келiсу рәсiмi жөнiндегi ережеге сәйкес, сондай-ақ жергiлiктi тауар өндiрушілердi қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Жергiлiктi атқарушы органның қарыз алуы қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Шығыс Қазақстан облысының 2002 жылға арналған мынадай жергілiктi инвестициялық жобаларына келiсiм берiлсiн:
1) 2000000000 (екі миллиард) теңге қаржыландыру көлемiмен "БИПЭК АВТО" жабық акционерлiк қоғамының Өскемен автомобиль құрастыру зауытына;
2) 700000000 (жетi жүз миллион) теңге қаржыландыру көлемiмен шағын бизнестi, өңдеу өнеркәсiбiн және ауыл шаруашылығын қолдау.
2. Жергiлiктi инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 4 қыркүйектегi N 1139 P011139_ қаулысымен бекiтiлген Жергiлiктi атқарушы органдардың орта мерзiмдi валюталық мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару, орналастыру, айналысқа қосу, өтеу және оларға қызмет көрсету ережесiне сай 2700000000 (екі миллиард жеті жүз миллион) теңге көлемiнде жергілiктi атқарушы органның бағалы қағаздарын шығару жолымен "Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999
жылғы 2 тамыздағы
Заңына сәйкес белгiленген жергiлiктi атқарушы
органның борыш лимитi шегiндегi заемдарды заңнамада белгіленген тәртіппен
тарту туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің ұсынысы қабылдансын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.