Мемлекеттiк кепiлдiк бойынша мiндеттемелердi орындау және қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында "Айт-Отель" Қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны" ашық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ) төмен төлем қабiлеттiлiгiн назарға ала отырып Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен "Қазақстан Эксимбанкi" жабық акционерлiк қоғамымен (бұдан әрi - Қазақстан Эксимбанкi) (келiсiм бойынша) және - "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-пен (келiсiм бойынша) бiрлесiп келiсiмге қол қоюды қамтамасыз етсiн, онда:
1) қаулының қосымшасына сәйкес Түркия кредит желiсi шеңберiнде тартылған мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың шетелдiк банкке ақы төлеудi жүргiзу мiндеттемесiн;
2) мемлекеттiк кепiлдiк бойынша мiндеттемелердi орындауға республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың қайтару тәртiбiн, оның iшiнде:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептілік (мерзiмдiк және жылдық) нысандарын жүргiзу жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiне сәйкес сыйақы есептеудi;
мемлекеттiк кепiлдiк бойынша республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатқа 2000 жылдан бастап 2012 жылды қоса алғандағы кезең үшiн есептелген сыйақыны негiзгi борышқа 2013 жылы капиталдандыруды;
2000 жылдан бастап 2012 жылды қоса алғандағы кезең үшiн есептелген сыйақыны қоса алғанда, 2013 жылдан бастап 2025 жылды қоса алғанда тең үлеспен мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша оқшауландырылған қаражатты "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың республикалық бюджетке қайтаруын;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне мемлекет кепілдiк берген қарыздың шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың қайтаруын қамтамасыз ету ретiнде "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың бас құрылтайшысы - "Ahsell Insaat Taahhut ve Ticaret А.S." түрiк фирмасының кепiлдiгiн берудi;
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың республикалық бюджет алдындағы мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету мақсатында тиiстi кепiлдiк келiсiмiн ресiмдеудi;
қарыз алушы - "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың қаражаты есебiнен Қазақстан Эксимбанкiне агенттiк сыйақы төлеуді көздесiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
ЕСКЕРТУ. мәтіндегі сөздер өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.12.25. N 1366 қаулысымен .
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 20 тамыздағы
N 927 қаулысына
қосымша
Түркия кредит желiсi шеңберiнде тартылған мемлекет кепiлдiк берген
қарыз бойынша "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ шетелдiк банкке төлемдерi
Қарыз алушы Төлем Төлем Төлем |
Түркия несие желiсi
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ USD 22.12.02 1 500 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ USD 22.06.03 1 000 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ USD 22.12.03 2 000 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ USD 22.06.04 1 000 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ USD 22.12.04 2 000 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ USD 22.06.05 1 000 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ USD 22.12.05 2 000 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ USD 22.06.06 1 250 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ USD 22.12.06 2 250 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ USD 22.06.07 1 250 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ USD 22.12.07 2 250 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ USD 22.06.08 1 500 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ USD 22.12.08 2 500 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ USD 22.06.09 1 500 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ USD 22.12.09 2 500 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ USD 22.06.10 2 000 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ USD 22.12.10 2 500 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ USD 22.06.11 2 000 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ USD 22.12.11 2 500 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ USD 22.06.12 2 000 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ USD 22.12.12 2 500 000, 00
Барлығы USD 39 000 000, 00
_____________________________________________________________________