"Айт-Отель" Қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны" ашық акционерлiк қоғамы тартқан мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың кейбiр мәселелерi туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 20 тамыз N 927

      Мемлекеттiк кепiлдiк бойынша мiндеттемелердi орындау және қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында "Айт-Отель" Қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны" ашық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ) төмен төлем қабiлеттiлiгiн назарға ала отырып Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен "Қазақстан Эксимбанкi" жабық акционерлiк қоғамымен (бұдан әрi - Қазақстан Эксимбанкi) (келiсiм бойынша) және - "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-пен (келiсiм бойынша) бiрлесiп келiсiмге қол қоюды қамтамасыз етсiн, онда:
      1) қаулының қосымшасына сәйкес Түркия кредит желiсi шеңберiнде тартылған мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың шетелдiк банкке ақы төлеудi жүргiзу мiндеттемесiн;
      2) мемлекеттiк кепiлдiк бойынша мiндеттемелердi орындауға республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың қайтару тәртiбiн, оның iшiнде:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептілік (мерзiмдiк және жылдық) нысандарын жүргiзу жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiне сәйкес сыйақы есептеудi;
      мемлекеттiк кепiлдiк бойынша республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатқа 2000 жылдан бастап 2012 жылды қоса алғандағы кезең үшiн есептелген сыйақыны негiзгi борышқа 2013 жылы капиталдандыруды;
      2000 жылдан бастап 2012 жылды қоса алғандағы кезең үшiн есептелген сыйақыны қоса алғанда, 2013 жылдан бастап 2025 жылды қоса алғанда тең үлеспен мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша оқшауландырылған қаражатты "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың республикалық бюджетке қайтаруын;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне мемлекет кепілдiк берген қарыздың шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың қайтаруын қамтамасыз ету ретiнде "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың бас құрылтайшысы - "Ahsell Insaat Taahhut ve Ticaret А.S." түрiк фирмасының кепiлдiгiн берудi;
      "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың республикалық бюджет алдындағы мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету мақсатында тиiстi кепiлдiк келiсiмiн ресiмдеудi;
      қарыз алушы - "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың қаражаты есебiнен Қазақстан Эксимбанкiне агенттiк сыйақы төлеуді көздесiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      ЕСКЕРТУ. мәтіндегі сөздер өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.12.25. N 1366 қаулысымен .

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң      
2002 жылғы 20 тамыздағы         
N 927 қаулысына            
қосымша              

Түркия кредит желiсi шеңберiнде тартылған мемлекет кепiлдiк берген
қарыз бойынша "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ шетелдiк банкке төлемдерi

  Қарыз алушы              Төлем       Төлем            Төлем
      ұйым                валютасы      күні            сомасы

                            Түркия несие желiсi

"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ         USD       22.12.02       1 500 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ         USD       22.06.03       1 000 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ         USD       22.12.03       2 000 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ         USD       22.06.04       1 000 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ         USD       22.12.04       2 000 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ         USD       22.06.05       1 000 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ         USD       22.12.05       2 000 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ         USD       22.06.06       1 250 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ         USD       22.12.06       2 250 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ         USD       22.06.07       1 250 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ         USD       22.12.07       2 250 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ         USD       22.06.08       1 500 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ         USD       22.12.08       2 500 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ         USD       22.06.09       1 500 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ         USD       22.12.09       2 500 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ         USD       22.06.10       2 000 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ         USD       22.12.10       2 500 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ         USD       22.06.11       2 000 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ         USD       22.12.11       2 500 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ         USD       22.06.12       2 000 000, 00
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ         USD       22.12.12       2 500 000, 00
        Барлығы               USD                     39 000 000, 00
_____________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады