Отандық тауар өндiрушiлердi қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Медетшi қор" жабық акционерлiк қоғамымен бiрлесiп (келiсiм бойынша) заңнамада белгiленген тәртiппен 1996 жылғы 15 наурыздағы N 38, 1996 жылғы 29 тамыздағы N 48, 1997 жылғы 11 сәуiрдегi N 74, 1997 жылғы 18 тамыздағы N 88, 1997 жылғы 23 қазандағы N 97 және 1997 жылғы 25 қарашадағы N 101 кредит шарттарына сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебiнен берілген кредиттер бойынша "Сарытас" ашық акционерлiк қоғамының кредиторлық берешегiн қайта құрылымдауды қамтамасыз етсiн, онда:
2004 жылдан бастап 2005 жылды қоса алғанда негiзгi борыш пен сыйақы;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 P020832_ қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiне сәйкес сыйақы есептеу;
"Сарытас" ашық акционерлiк қоғамының республикалық бюджет алдындағы
мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету мақсатында тиiстi кепіл келiсiмiн
ресiмдеу қамтылады.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
А.С.Павловқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Жұманазарова А.Б.