"Сарытаc" ашық акционерлiк қоғамының кредиторлық берешегiн қайта құрылымдау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 20 тамыз N 931

      Отандық тауар өндiрушiлердi қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Медетшi қор" жабық акционерлiк қоғамымен бiрлесiп (келiсiм бойынша) заңнамада белгiленген тәртiппен 1996 жылғы 15 наурыздағы N 38, 1996 жылғы 29 тамыздағы N 48, 1997 жылғы 11 сәуiрдегi N 74, 1997 жылғы 18 тамыздағы N 88, 1997 жылғы 23 қазандағы N 97 және 1997 жылғы 25 қарашадағы N 101 кредит шарттарына сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебiнен берілген кредиттер бойынша "Сарытас" ашық акционерлiк қоғамының кредиторлық берешегiн қайта құрылымдауды қамтамасыз етсiн, онда:
      2004 жылдан бастап 2005 жылды қоса алғанда негiзгi борыш пен сыйақы;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 P020832_ қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiне сәйкес сыйақы есептеу;

 

     "Сарытас" ашық акционерлiк қоғамының республикалық бюджет алдындағы

мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету мақсатында тиiстi кепіл келiсiмiн

ресiмдеу қамтылады.

     2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

А.С.Павловқа жүктелсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Жұманазарова А.Б.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады