Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006.08.17. N 778 қаулысымен.
Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу саласын реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнің мынадай шешімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрамына кiретiн де, кiрмейтiн де орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актілерi мен жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының актiлерiн мемлекеттік тiркеудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 12 желтоқсандағы N 1278
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 48, 427-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрамына кiретiн де, кiрмейтiн де орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi мен жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының актiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң тәртiбiнде:
3-тармақта:
бiрiншi абзацта:
"тiркеушi органға" деген сөздер "Әдiлет министрлiгіне және оның аумақтық органдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бiр данада" деген сөздер "екi данада" деген сөздермен ауыстырылсын, "және электронды" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының нормативтiк құқықтық актiлердiң туынды түрлерiн бекiтудi көздемейтiн нормативтiк құқықтық актiлерi, сондай-ақ республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудан, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң нормативтiк құқықтық актiлерi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органдарына олар бекітілген (оларға қол қойылған) сәттен бастап екi аптаның iшiнде, мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегі түпнұсқасын (түпнұсқа мәтiнiн) қоса алғанда, қағаз жеткiзiлiмдердегі екi данада тиiстi мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы қол қойғаннан (бекіткеннен) кейiн ұсынылады.";
4-тармақта:
1) тармақшада "ұсыныс дайындау туралы мәліметтер;" деген сөздерден кейiн "мемлекеттiк тiркеуден бас тартылған, бұл мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық актiлер туралы мәлiметтер;" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшада:
екiншi абзацта "виза" деген сөз "қол" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Көрсетiлген адамдар болмаған көзде анықтама-негiздемеге осы актiнi шығарған органның бiрiншi басшысы қол қояды.";
6-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Мемлекеттiк тiркеудiң қажеттiлiгi туралы мәселенi шешу үшiн сол немесе өзге актiнi ұсыну туралы Әдiлет министрлiгiнiң және оның аумақтық органдарының сұрауларын мемлекеттік органдар мұндай сұрау түскен сәттен бастап екi аптаның iшiнде орындайды.";
9-тармақ "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң" деген сөздерден кейiн "және оның аумақтық органдарының" деген сөздермен толықтырылсын;
13-тармақта:
1-1) тармақшаның бесіншi абзацы "Келiсу" деген сөзден кейiн "нормативтiк құқықтық актінiң негізгі түрiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшаның төртiншi абзацында:
"мәслихаттың шешiмi," деген сөздерден кейiн "әкiмдiктiң қаулысы," деген сөздермен толықтырылсын;
"мен өкiмi" деген сөздер алынып тасталсын;
13-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13-1. Осы Тәртiптiң 5-тармағымен көзделген жағдайларда, сондай-ақ 3-тармағында, 13-тармағының 1-1) тармақшасының бесiншi және алтыншы абзацтарында және 1-2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетiлген талаптар сақталмаған жағдайда нормативтiк құқықтық акт тиiстi заң сараптамасы жүргізiлместен, осы актiнi ұсынған органға пысықтауға жетi күн iшiнде қайтарылады.";
17-тармақта:
бiрiншi абзацта "Нормативтік құқықтық актiнiң" деген сөздердiң алдынан "Осы Тәртiптiң 3-тармағының екiншi абзацында көрсетiлген нормативтiк құқықтық актiлердi қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Осы Тәртiптiң 3-тармағының екiншi абзацында көрсетiлген мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актілерi мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жiберiлмейді.";
үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қорытынды мен тiркеу нөмiрi берiлген "құпия" деген белгiсi бар нормативтiк құқықтық актiнiң бiр данасы (түпнұсқасы) құжатты тiркеуге ұсынған органға баспасөз басылымына жариялау мiндеттемесiнсiз жiберiледi. Екiншi данасы Әдiлет министрлiгінде және оның аумақтық органдарында қалады.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн ресми жариялау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.";
21-тармақта:
бiрiншi абзац "күшi жойылған деп танылған" деген сөздерден кейiн "не оның қолданылуы белгiлi бiр мерзiмге тоқтатыла тұрған" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшада "орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне немесе жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң тiзiлiмiне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) <*>
Ескерту. 2) тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.04.29. N
343
қаулысымен.