"Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 3 қарашадағы N 1663 P001663_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi
агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) 2002 жылға арналған оралмандардың көшiп келу квотасы бойынша
келген саны 2655 оралмандар отбасылары үшiн тұрғын үй сатып алуды бiр
көзден сатып алу тәсiлiмен жүргiзсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Икебаева А.Ж.