2002 жылға арналған оралмандардың көшiп келу квотасы бойынша келген оралмандар отбасылары үшiн тұрғын үй сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 11 қазан N 1111

      "Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 3 қарашадағы N 1663 P001663_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi

 

агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:

     1) 2002 жылға арналған оралмандардың көшiп келу квотасы бойынша

келген саны 2655 оралмандар отбасылары үшiн тұрғын үй сатып алуды бiр

көзден сатып алу тәсiлiмен жүргiзсiн;

     2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Икебаева А.Ж.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады