Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу ережесiн бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 11 қазан N 1118. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 762 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 02.12.2016 № 762 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2002 жылғы 11 қазандағы
N 1118 қаулысымен
бекiтiлген

Нормативтік құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткізу
ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзуге қойылатын негізгі талаптарды белгілейдi.

      2. Осы Ереже конкурсты ұйымдастырушылар мен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға үмiткер мерзiмдi баспасөз басылымдарының арасындағы қарым-қатынастарды реттейдi.

      3. Осы Ереже ресми басылымдар болып табылатын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысына және Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Yкiметінiң актiлер жинағына қолданылмайды.

      4. Конкурстың негізгі мақсаттары:

      1) азаматтардың ақпараттарды еркiн алуындағы конституциялық құқықтарын іске асыру;

      2) азаматтардың құқықтық танымы мен құқықтық хабардар болуын арттыру;

      3) нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға мерзiмдi баспасөз басылымдарының тең қол жеткiзуiн қамтамасыз ету;

      4) мерзiмдi баспасөз басылымдарының қызметiн жандандыру;

      5) мерзiмдi баспасөз басылымдарының арасында бәсекелестiктi арттыру болып табылады.

      5. Осы Ережеде:

      1) мемлекеттiк тапсырыстың негiзiнде мемлекеттiк сатып алуға байланысты (бұдан әрi - мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурс);

      2) мемлекеттік сатып алуға байланысты емес (бұдан әрi - конкурстық iрiктеу) нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурстың екi түрiн өткiзу көзделедi.

      6. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) конкурс - жеңiмпаз мерзiмдi баспасөз басылымдарын оларға нормативтік құқықтық актiлердi ресми жариялауға құқық беру мақсатында анықтау тәсiлi;

      2) конкурстық комиссия - конкурсқа ұсынылған құжаттардың конкурстың шарттарына сәйкестiгiн анықтау және тиiстi шешiм қабылдау мақсатында қарау үшiн конкурсты ұйымдастырушылар құратын алқалы орган;

      3) мерзiмдi баспасөз басылымы - тұрақты атауы, ағымдағы нөмiрi бар және жарты жылда кемiнде бiр рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, оларға қосымшалар;

      4) конкурсты ұйымдастырушылар - осы Ережеге сәйкес конкурс өткiзуге уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдар;

      5) нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау - ресми және мерзiмдi баспасөз басылымдарында нормативтiк құқықтық актiлердiң толық мәтiнiн жалпыға бiрдей мәлiмет үшiн жариялау;

      6) мемлекеттiк сатып алу (конкурстық iрiктеу) жөнiндегi конкурстың қатысушысы - мемлекеттiк сатып алу (конкурстық iрiктеу) жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiм берген мерзiмдi баспасөз басылымы;

      7) уәкiлетті орган - Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары мен ақпарат агенттiктерiнiң қызметтерiн мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.02.14. N 99 қаулысымен.

       7. Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурс және конкурстық iрiктеу нормативтiк құқықтық актiлердi:

      1) заңнамалық актiлер мен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң қаулыларын;

      2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық Жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулыларын;

      3) Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiн, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулыларын;

      4) мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерiн, әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары мен әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерiн ресми жариялауға құқық беру мақсатында өткiзiледi.

      8. Конкурс өткiзудi ұйымдастырушылар:

      1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң өкiлдерi қатысқан кезде заңнамалық актiлердi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулыларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiн ресми жариялау құқығына конкурс өткiзу бойынша - уәкiлеттi орган;

      2) уәкiлеттi органның аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi аумақтық органдарының өкiлдерi қатысқан кезде мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерiн, әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары мен әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерiн ресми жариялау құқығына конкурс өткiзу бойынша - Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары болып табылады.

      9. Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегі конкурс пен конкурстық iрiктеудi конкурстарды ұйымдастырушылар бiр күнде өткiзедi.

2. Мемлекеттік сатып алу жөнiндегi конкурсты және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру тәртiбi мен өткiзу шарттары

      10. Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурсты ұйымдастыру тәртiбi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасымен реттеледi .

      11. Конкурстық iрiктеу тендер өткiзу арқылы жүзеге асырылады. Конкурстық iрiктеу басталар алдында конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы күнiне дейiн 30 күннен кешiктiрмей, бұқаралық ақпарат құралдарында конкурстық iрiктеу өткiзу туралы хабарландыру жариялайды.

      Хабарландыру мынадай мәлiметтердi қамтиды:

      1) конкурстық iрiктеудi ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жерi;

      2) конкурстық iрiктеудi өткiзу уақыты, күнi және орны;

      3) конкурстық iрiктеудi өткiзу шарттары;

      4) конкурстық iрiктеуге қатысу үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi;

      5) конкурстық өтiнiмдердi және өзге де құжаттарды қабылдау, конкурстық iрiктеу туралы қосымша ақпараттарды беру мерзiмi мен орны, сондай-ақ конкурстық өтiнiмдерi мен басқа да құжаттары бар конверттердi ашу орны, күнi және уақыты;

      6) Әдiлет министрлiгiнiң келiсiмi бойынша уәкiлеттi орган белгiлеген конкурстық iрiктеуге қатысушыға қойылатын талаптар;

      7) конкурстық өтiнiмдi және басқа да құжаттарды жасау тiлiне қойылатын талаптар;

      8) конкурсты ұйымдастырушылардың банктiк деректемелерi;

      9) конкурсты ұйымдастырушы белгiлейтiн өзге де қажеттi ақпарат.

      12. Конкурстық iрiктеуге қатысуға тiлек бiлдiрген адам конкурстық өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi бiткенге дейiн конкурсты ұйымдастырушыға желiмделген конвертпен мынадай құжаттарды ұсынуға мiндеттi:

      1) ұсынылған құжаттардың тiзбесi қоса берiлетiн, уәкiлетті орган белгiлеген нысандағы конкурстық өтiнiм;

      2) конкурстық iрiктеуге қатысушының ұсыныстары;

      3) конкурстық iрiктеу өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлген басқа да құжаттар.

      13. Конкурстық iрiктеуге қатысуға конкурстық iрiктеудiң жарияланған талаптарына сай келетiн, конкурстық өтiнiмдi уақытында берген және осы Ереженiң 12-тармағына сәйкес тиiстi түрде ресiмделген құжаттарды ұсынған мерзiмдi баспасөз басылымдары жiберiледi.

      14. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдер мен басқа да құжаттар бар конверттердi конкурстық iрiктеудi өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлген күнi, уақытта және орында конкурстық iрiктеуге қатысушылардың немесе олардың өкiлдерiнiң қатысуымен ашады.

      Конверттi ашу кезiнде конкурстық комиссия мүшелерi алынған құжаттардың әрбiр бетiне қол қоюды жүзеге асырады.

      15. Конкурстық комиссия ұсынылған конкурстық өтiнiмдер мен басқа да құжаттарды қарайды және конверттердi ашқан күннен бастап он күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде конкурстық iрiктеудiң қорытындысын шығарады.

      16. Конкурстық iрiктеу қорытындысы конкурстық комиссияның барлық мүшелерi қол қоятын хаттама түрiнде ресiмделедi.

      17. Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурс пен конкурстық iрiктеудiң нәтижелерi бойынша жеңiмпаздар анықталады, олармен конкурсты ұйымдастырушы шарт жасасады.

      Жасалған шарттарға сәйкес жеңiмпазға осы Ереженiң 7-тармағында көрсетiлген түрлердiң әрқайсысы бойынша жеке-жеке нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығы берiледi.

3. Конкурстық комиссияның жұмыс тәртiбi

      18. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан және комиссия мүшелерiнен тұрады.

      19. Комиссия мүшелерiнiң құрамын, санын конкурс ұйымдастырушылар бекiтедi.

      Конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ санды (үштен жетiге дейiн) құрауы тиiс.

      Конкурстық комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, комиссияның отырыстарында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды және оның шешiмдерiн iске асыруға жалпы бақылауды жүзеге асырады.

      Төраға жоқ кезде оның функцияларын орынбасар орындайды.

      20. Комиссия отырыстары қажеттiлiгіне қарай өткiзiледi.

      21. Комиссия шешiмдерi ашық дауыс берумен қабылданады, егер оған конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы санының басым көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп саналады.

      Дауыстар тең түскен жағдайда, комиссия төрағасы дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.

      22. Комиссия шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi.

      Комиссия отырыстарының хаттамаларын белгiленген тәртiппен оның жұмыс органы дайындайды және қол қойылғаннан кейiн олар барлық мүдделi мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға жiберiледi.

      23. Конкурсты ұйымдастырушының құрылымдық бөлiмшесi комиссияның жұмыс органы болып табылады.

4. Конкурстық комиссияның, конкурстық iрiктеуге қатысушылардың және оның жеңiмпаздарының құқықтары мен міндеттерi

      24. Конкурстық комиссия:

      1) осы Ереженiң талаптарын бұза отырып ұсынылған конкурстық өтінiмдер мен басқа да құжаттарды қараусыз қайтаруға;

      2) заңнамада белгіленген тәртiппен ұсынылатын конкурстық өтiнiмдер мен басқа да құжаттарды қарауға және сараптаманы жүзеге асыруға қатысу үшiн тәуелсiз сарапшылар мен өзге де мамандарды (консультанттарды) тартуға;

      3) мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      25. Конкурстық комиссия:

      1) конкурстық iрiктеуге қатысу үшiн қажеттi конкурстық өтiнiмдер мен басқа да құжаттарды белгiленген мерзiмде қабылдауға;

      2) конкурсқа қатысушыларды конкурстық iрiктеудiң шарттарымен, конкурстық ірiктеудiң жеңiмпазымен конкурсты ұйымдастырушының үлгiлiк шартының жобасымен таныстыруға;

      3) конкурстық iрiктеудi жүргiзуге қатысты қосымша ақпаратты конкурстық iрiктеуге қатысушыларға беруге мiндеттi.

      26. Конкурсқа қатысушылар:

      1) конкурстық iрiктеудiң шарттарымен, конкурстық iрiктеудiң жеңiмпазымен конкурсты ұйымдастырушының үлгiлiк шартының жобасымен танысуға;

      2) конкурстық iрiктеу жүргiзуге қатысты қосымша ақпарат сұратуға құқылы.

      27. Конкурсқа қатысушылар конкурстық iрiктеуге қатысу үшiн қажеттi толық және шынайы ақпаратты беруге мiндеттi.

      28. Конкурстың жеңiмпаздары жасасқан шарттарға сәйкес өзiне алынған мiндеттемелердi тиiстi түрде орындауды қамтамасыз етуге, соның iшiнде нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялаудың талаптары мен мерзiмдерiн сақтауға мiндеттi.

5. Конкурстық iрiктеудiң қорытындысын жарамсыз деп тану

      29. Егер конкурстық iрiктеуге екiден кем қатысушы қатысса, конкурсты ұйымдастырушы оны болған жоқ деп таниды немесе конкурсты ұйымдастырушы конкурстық iрiктеудiң талаптарын қанағаттандырмайтын деп таныған конкурстық iрiктеуге қатысушылардың ұсыныстары жарамсыз болып табылады.

6. Қорытынды ережелер

      30. Конкурстарды өткiзу немесе нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау процесiнде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.

      31. Конкурсты ұйымдастырушы мен жеңiмпаздың арасында жасалған шарттардың орындалуын бақылауды конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

Об утверждении Правил проведения конкурса на получение права официального опубликования нормативных правовых актов

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 октября 2002 года N 1118. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 декабря 2016 года № 762

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 02.12.2016 № 762 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 30 Закона Республики Казахстан "О нормативных правовых актах" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения конкурса на получение права официального опубликования нормативных правовых актов.

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

Премьер-Министр
Республики Казахстан



  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 11 октября 2002 года N 1118

Правила проведения конкурса
на получение права официального опубликования
нормативных правовых актов
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О нормативных правовых актах" и устанавливают основные требования к проведению конкурса на получение права официального опубликования нормативных правовых актов.

      2. Настоящие Правила регулируют отношения между организаторами конкурсов и периодическими печатными изданиями, претендующими на получение права официального опубликования нормативных правовых актов.

      3. Настоящие Правила не распространяются на Ведомости Парламента Республики Казахстан и Собрание актов Президента Республики Казахстан и Правительства Республики Казахстан, которые являются официальными изданиями.

      4. Основными целями конкурса являются:

      1) реализация конституционного права граждан свободно получать информацию;

      2) повышение правосознания и правовой осведомленности граждан;

      3) обеспечение равного доступа периодических печатных изданий к получению права официального опубликования нормативных правовых актов;

      4) активизация деятельности периодических печатных изданий;

      5) повышение конкуренции между периодическими печатными изданиями.

      5. Настоящими Правилами предусматривается проведение двух видов конкурса на получение права официального опубликования нормативных правовых актов:

      1) связанного с государственными закупками на основе государственного заказа (далее - конкурс по государственным закупкам);

      2) не связанного с государственными закупками (далее - конкурсный отбор).

      6. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) конкурс - способ определения периодических печатных изданий- победителей с целью предоставления им права официального опубликования нормативных правовых актов;

      2) конкурсная комиссия - коллегиальный орган, создаваемый организаторами конкурса для рассмотрения представленных на конкурс документов с целью установления их соответствия условиям конкурса и принятия соответствующего решения;

      3) периодическое печатное издание - газета, журнал, альманах, бюллетень, приложения к ним, имеющие постоянное название, текущий номер и выпускаемые не реже одного раза в полугодие;

      4) организаторы конкурса - государственные органы, уполномоченные настоящими Правилами на проведение конкурса;

      5) официальное опубликование нормативного правового акта - публикация для всеобщего сведения полного текста нормативного правового акта в официальных и периодических печатных изданиях;

      6) участник конкурса по государственным закупкам (конкурсному отбору) - периодическое печатное издание, подавшее заявку на участие в конкурсе по государственным закупкам (конкурсному отбору);

      7) уполномоченный орган - центральный исполнительный орган, осуществляющий государственное регулирование деятельности средств массовой информации и информационных агентств Республики Казахстан.

      Сноска. В пункт 6 внесены изменения - постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 февраля 2006 года N 99.

       7. Конкурс по государственным закупкам и конкурсный отбор проводятся в целях предоставления права на официальное опубликование нормативных правовых актов:

      1) законодательных актов и постановлений Конституционного Совета Республики Казахстан;

      2) нормативных правовых Указов Президента Республики Казахстан и постановлений Правительства Республики Казахстан;

      3) нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных центральных государственных органов Республики Казахстан, постановлений Верховного Суда Республики Казахстан и Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан;

      4) нормативных правовых решений маслихатов, нормативных правовых постановлений акиматов и нормативных правовых решений акимов.

      8. Организаторами проведения конкурса выступают:

      1) уполномоченный орган - по проведению конкурса на право официального опубликования законодательных актов, нормативных правовых Указов Президента Республики Казахстан, постановлений Правительства Республики Казахстан, Конституционного Совета Республики Казахстан, Верховного Суда Республики Казахстан и Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан, а также нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных центральных государственных органов Республики Казахстан, при участии представителей Министерства юстиции Республики Казахстан;

      2) местные исполнительные органы Республики Казахстан - по проведению конкурса на право официального опубликования нормативных правовых решений маслихатов, нормативных правовых постановлений акиматов и нормативных правовых решений акимов, при участии представителей территориальных органов уполномоченного органа, территориальных органов Министерства юстиции Республики Казахстан.

      9. Конкурс по государственным закупкам и конкурсный отбор проводятся организаторами конкурсов в один день.

2. Порядок организации и условия проведения конкурса
по государственным закупкам и конкурсного отбора

      10. Порядок организации конкурса по государственным закупкам регулируется законодательством Республики Казахстан о государственных закупках.

      11. Конкурсный отбор осуществляется путем проведения тендера. Перед началом конкурсного отбора организатор конкурса опубликовывает объявление о проведении конкурсного отбора в средствах массовой информации не позднее, чем за 30 дней до даты окончательного приема конкурсных заявок.

      Объявление включает в себя следующие сведения:

      1) наименование и место нахождения организатора конкурсного отбора;

      2) время, дату и место проведения конкурсного отбора;

      3) условия проведения конкурсного отбора;

      4) перечень документов, необходимых для участия в конкурсном отборе;

      5) сроки и место приема конкурсных заявок и иных документов, выдачи дополнительной информации о конкурсном отборе, а также место, дату и время вскрытия конвертов с конкурсными заявками и другими документами;

      6) требования, предъявляемые к участнику конкурсного отбора, установленные уполномоченным органом по согласованию с Министерством юстиции;

      7) требования к языку составления конкурсной заявки и других документов;

      8) банковские реквизиты организаторов конкурса;

      9) иную необходимую информацию, определяемую организатором конкурса.

      12. Лицо, изъявившее желание участвовать в конкурсном отборе, обязано до истечения окончательного срока приема конкурсных заявок представить организатору конкурса в запечатанном конверте следующие документы:

      1) конкурсную заявку, установленной уполномоченным органом формы, к которой прилагается опись представляемых документов;

      2) предложения участника конкурсного отбора;

      3) другие документы, указанные в объявлении о проведении конкурсного отбора.

      13. К участию в конкурсном отборе допускаются периодические печатные издания, отвечающие объявленным условиям конкурсного отбора, своевременно подавшие конкурсную заявку, и представившие надлежащим образом оформленные документы в соответствии с пунктом 12 настоящих Правил.

      14. Конкурсная комиссия вскрывает конверты с конкурсными заявками и другими документами в дату, во время и в месте, указанные в объявлении о проведении конкурсного отбора, в присутствии участников конкурсного отбора или их представителей.

      При вскрытии конвертов членами конкурсной комиссии осуществляется полистное парафирование извлеченных документов.

      15. Конкурсная комиссия рассматривает представленные конкурсные заявки и другие документы и подводит итоги конкурсного отбора в срок не более десяти календарных дней со дня вскрытия конвертов.

      16. Итоги конкурсного отбора оформляются в виде протокола, подписываемого всеми членами конкурсной комиссии.

      17. По результатам конкурса по государственным закупкам и конкурсного отбора определяются победители, с которыми организатор конкурса заключает договор.

      В соответствии с заключенными договорами победителю представляется право официального опубликования нормативных правовых актов отдельно по каждому из видов, указанных в пункте 7 настоящих Правил.

3. Порядок работы конкурсной комиссии

      18. Комиссия состоит из председателя, заместителя председателя и членов комиссии.

      19. Состав, численность членов комиссии утверждается организаторами конкурса.

      Общее количество членов конкурсной комиссии должно составлять нечетное число (от трех до семи).

      Председатель конкурсной комиссии руководит ее деятельностью, председательствует на заседаниях комиссии, планирует ее работу и осуществляет общий контроль над реализацией ее решений.

      Во время отсутствия председателя его функции выполняет заместитель.

      20. Заседания Комиссии проводятся по мере необходимости.

      21. Решения комиссии принимаются открытым голосованием и считается принятым, если за него подано большинство голосов от общего количества членов конкурсной комиссии.

      В случае равенства голосов, принятым считается решение, за которое проголосовал председатель комиссии.

      22. Решения комиссии оформляются протоколами.

      Протоколы заседаний комиссии в установленном порядке подготавливаются ее рабочим органом и после подписания рассылаются во все заинтересованные государственные органы и организации.

      23. Рабочим органом комиссии является структурное подразделение организатора конкурса.

4. Права и обязанности конкурсной комиссии,
участников и победителей конкурсного отбора

      24. Конкурсная комиссия вправе:

      1) возвращать без рассмотрения конкурсные заявки и другие документы, представленные с нарушением требований настоящих Правил;

      2) привлекать в установленном законодательством порядке независимых экспертов и иных специалистов (консультантов) для участия в рассмотрении и осуществлении экспертизы представляемых конкурсных заявок и других документов;

      3) запрашивать и получать в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, от государственных органов, организаций, их должностных лиц необходимую информацию и материалы;

      4) осуществлять иные права в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      25. Конкурсная комиссия обязана:

      1) принимать в установленные сроки конкурсные заявки и другие документы, необходимые для участия в конкурсном отборе;

      2) знакомить участников конкурса с условиями конкурсного отбора, проектом типового договора организатора конкурса с победителем конкурсного отбора;

      3) предоставлять участникам конкурсного отбора дополнительную информацию, касающуюся проведения конкурсного отбора.

      26. Участники конкурса вправе:

      1) знакомиться с условиями конкурсного отбора, проектом типового договора организатора конкурса с победителем конкурсного отбора;

      2) запрашивать дополнительную информацию, касающуюся проведения конкурсного отбора.

      27. Участники конкурса обязаны представлять полную и достоверную информацию, необходимую для участия в конкурсном отборе.

      28. Победители конкурса обязаны в соответствии с заключенными договорами обеспечивать надлежащее исполнение взятых на себя обязательств, в том числе соблюдать условия и сроки официального опубликования нормативных правовых актов.

5. Признание результатов конкурсного
отбора недействительными

      29. Конкурсный отбор может быть признан организатором конкурса несостоявшимся, если в нем приняло участие менее двух участников или предложения участников конкурсного отбора, признанные организатором конкурса не удовлетворяющими условиям конкурсного отбора, являются недействительными.

6. Заключительные положения

      30. Все споры, возникающие в процессе проведения конкурсов или официального опубликования нормативных правовых актов, разрешаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      31. Контроль за исполнением договоров, заключенных между организатором конкурса и победителем, осуществляется организатором конкурса в соответствии с законодательством Республики Казахстан.