1. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 6 ақпандағы N 172 P020172_ қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
1-тармақтағы "1-3" деген сандар "1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7" деген
сандармен ауыстырылсын; осы қаулыға 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес 4, 5, 6 және 7-қосымшалармен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 23 сәуiрдегi N 172а қаулысына 1 қосымша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 6 ақпандағы N 172 қаулысына 4 қосымша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Бюджеттік бағдарламаның әкімшiсi 033 "Әдiлет бiлiктілiк алқасының қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасының 2002 жылға арналған ПАСПОРТЫ 1. Құны: 18 480 мың теңге (он сегiз миллион төрт жүз сексен мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның қалыптық-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының сот жүйесi және судьяларының мәртебесі туралы" Конституциялық Z000132_ Заңының 36 бабы; Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 11 шiлдедегi "Қазақстан Республикасының Әдiлет бiлiктiлiк алқасы туралы" Z010234_ Заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 1 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының сот жүйесiнiң тәуелсiздігін күшейту жөнiндегі шаралар туралы" N 440 U000440_ Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 12 қазандағы "Сот әкiмшiлiгiнiң жаңа жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегі шаралар туралы" N 471 U000471_ Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкiмшiлiгi жөнiндегi комитетi туралы Ереже.
3. Бюджеттiк бағдарламаның қаржыландыру көзi: республикалық бюджеттiң
қаржысы. 4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары және судьяларының бос орындарына тағайындалуға кандидаттарды сапалы таңдау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру. 5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндетi: жүктелген мiндеттердi барынша тиiмдi атқаруға қол жеткiзу үшiн Әдiлет бiлiктілiк алқасының қызметiн қамтамасыз ету. 6. Бюджеттiк бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi шаралар жоспары: --------------------------------------------------------------------------- N !Бағдар.!Кiшi !Бағдарламалардың !Бағдарламаны (кiшi!Iске !Жауаптылар !лама !бағд.!(кiшi бағдарла. !бағдарламаны) iске!асыру !орындаушылар !коды !коды !малардың) атауы !асыру шаралары !мерзiмi! --------------------------------------------------------------------------- 033 Әділет бiлiктілік Әділет бiлiктілiк Жыл Қазақстан алқасының қызме. алқасын ұстау, ішінде Республикасы тiн қамтамасыз оның iшiнде 240 Жоғарғы ету адам/күндiк Сотының iссапар шығынын жанындағы төлеу, кеңсе Сот тауарларын алу, әкімшілігі аудандық және жөніндегі облыстық соттар комитеті судьялығына кандидаттардың әрқайсысымен қалааралық байланысты, ғимарат пен жабдықтарды пайдалану шығындарын төлеу. Конкурстық негiзде судьялық бос орындарға кандидаттарды таңдауды жүзеге асыру және қажеттігiне қарай басқа да кадрлық мәселелердi шешу. Басылымдар арқылы 3778 шаршы метрлiк көлемде бос орындар туралы ақпарат беру. 1 - аудармашының, 1 - бейнетаспа түсiру операторының, 1 - хатшының, 1 - курьердiң, 1 - мұрағатшының, 1 - қызмет бөлмесiн жиыстырушының, 1 - компьютерлiк және ұйымдық iс техникасына қызмет көрсету маманын, заңды тұлғалар қызметтерiн, алқа мәжілiстерiн, судьяларға кандидаттардың емтиханын, конкурстық комиссиялар өткiзу бойынша шығындарды төлеу. Активтер: 15 компьютер, 10 принтер, 2 бейне камерасын, 1 көшiрме аппаратын, 2 құрылымдық кеңсе жиһазын, 1 монитор, 1 бейне магнитофонын, 15 орындық 1 конференц-жүйесiн, 1 телевизор, 1 тоңазытқыш алу. --------------------------------------------------------------------------- 7. Бюджеттiк бағдарламаны орындалудан күтiлетiн нәтижелер: республика соттарындағы судьялық бос орындарды уақытымен толтыру, конкурстар ұйымдастыру және өткiзу арқылы судьялық қызметке бiлiктi кадрларды таңдау, судьялық қызметке резерв дайындау. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 23 сәуiрдегi N 172а қаулысына 2 қосымша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 6 ақпандағы N 172 қаулысына 5 қосымша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Бюджеттік бағдарламаның әкімшiсi 034 "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгіне түскен мүлiктi бағалау, сақтау және өткiзу" бағдарламасының 2002 жылға арналған ПАСПОРТЫ 1. Құны: 32 000 мың теңге (отыз екi миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтi құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Z980253_ Заңының 2 тарауының 27-бабының 2-тармағы, 29-31-баптары, 3 тараудың 40, 41, 43-56-баптары, 4 тараудың 74-бабы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 12 қазандағы "Сот әкiмшiлігінiң жаңа жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегі шаралар туралы" N 471 U000471_ Жарлығы; Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 1994 жылғы 10 қазандағы N 250 "а" бұйрығымен бекiтiлген тәркiленген, иесiз мүлiктердi, мұрагерлiк құқығымен мемлекетке аударылған қазыналарды, олжаларды, сонымен қатар қымбат металдар мен қымбат тастардан жасалған бұйымдарды есепке алу, бағалау және өткiзу туралы Ереже.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық
бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: атқарушылық құжаттардың мiндеттi түрде орындалуы бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету және үйлестiру. 5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: атқарушылық iс-әрекеттердi жүргiзу жұмыстарын жүзеге асыру. 6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар: --------------------------------------------------------------------------- N !Бағдар.!Кiшi !Бағдарламалардың !Бағдарламаны (кiшi!Iске !Жауаптылар !лама !бағд.!(кiшi бағдарла. !бағдарламаны) iске!асыру !орындаушылар !коды !коды !малардың) атауы !асыру шаралары !мерзiмi! --------------------------------------------------------------------------- 1 034 Жекелеген негіздер Борышкердiң мүлкiн Жыл Облыстар. бойынша мемлекет табу, қарау, ішінде дағы, Астана меншiгiне келiп бағалау; Борышкер. және Алматы түскен мүлiктердi дiң мүлкiне тиым қалаларының бағалау, сақтау салу, тiзбесiн сот және өткiзу жүргiзудi және сол әкiмшiлерi мүлiкті тасымалдауды және сақтауды ұйымдастыру; тәркiленген мүлiкті өткiзу; 2002 жылы түскен мүлiктерге атқарушылық әрекеттер жасау барысында қалыптасқан тәртiп бойынша аудармашыларға, мамандарға және басқа да жұмылдырыл. ған адамдарға төлем төлеу --------------------------------------------------------------------------- 7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: тәркiленген мүлiктердi өткiзуден түскен қаржымен республика бюджетiнiң кiрiс бөлiгiн толықтыру, сот шешімдерiнiң орындалуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 23 сәуiрдегi N 172а қаулысына 3 қосымша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 6 ақпандағы N 172 қаулысына 6 қосымша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Бюджеттік бағдарламаның әкімшiсi 201 "Сот жүйесi органдарын материалдық-техникалық және басқадай да қамтамасыз ету" бағдарламасының 2002 жылға арналған ПАСПОРТЫ 1. Құны: 590 000 мың теңге (бес жүз тоқсан миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының сот жүйесi және судьяларының мәртебесi туралы" Z000132_ Заңының 47, 56 баптары; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Z970163_ Заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 1 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасының сот жүйесiнiң тәуелсiздiгiн күшейту жөнiндегi шаралар туралы" N 440 U000440_ Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 12 қазандағы "Сот әкiмшiлiгiнiң жаңа жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" N 471 U000471_ Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаржысы.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: сот жүйесi органдарының қызметiн
оларға жүктелген мiндеттердi барынша тиiмдi орындауға қол жеткiзу үшiн материалдық-техникалық және басқадай да қамтамасыз ету. 5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: сот жүйесi органдарының қызметiн қажеттi арнайы және кеңселік жиhазбен, темiр шкафтармен (сейфтермен) қамтамасыз ету, сот әдiлдiгiн сапалы жүзеге асыру мақсатында ғимараттарға күрделi жөндеу жүргiзу. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары: --------------------------------------------------------------------------- !Бағдар.!Кiшi !Бағдарламалардың !Бағдарламаны (кiшi!Iске !Жауаптылар !лама !бағд.!(кiшi бағдарла. !бағдарламаны) iске!асыру !орындаушылар !коды !коды !малардың) атауы !асыру шаралары !мерзiмi! --------------------------------------------------------------------------- 201 Сот жүйесi Сот мәжіліс Жыл Қазақстан органдарын залдарына 333 ішінде Республика. материалдық- құрылымдық жиhаз сының Жоғар. техникалық және (судьяларға арналған, ғы Соты жа. басқадай да айыптаушы жақ нындағы Сот қамтамасыз ету өкілiне арналған, әкімшілігі сот мәжілiсi жөніндегі хатшысының столы, комитеті, сөйлеушілерге облыстарда. арналған мiнбе, ғы, Астана аудандық соттарға және Алматы 8 адамға және қалаларының облыстық соттарда сот 15 адамға арналған әкімшілері құрылым есебiнен - келушілерге арналған орындықтар); 1231 құрылым кеңсе жиhазы (жұмыс столы, бұрыштық қосымшасы бар компьютерге арналған стол, кеңесу столы, қорапты тумба, қағаз шкафы, киiм шкафы); 750 дана темiр шкафтар (сейфтер) сатып алу; 96 ғимараттар мен үй-жайларға күрделi жөндеу жасау: Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облыстары және Астана және Алматы қалалары жалпы көлемi 92 477,2 шаршы метр. --------------------------------------------------------------------------- 7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: бөлiнген бюджеттiк қаражат соттарды жартылай жиhазбен, темiр шкафтармен (сейфтермен) жабдықтау мәселелерiн, облыстық және аудандық соттардың ғимараттарын және үй-жайларына тиiстi сыртқы көрiнiс беруге, соттар қызметкерлерiнiң жұмыс iстеулерiне тиiстi жағдай жасау мәселелерiн шешуге мүмкiндiк бередi. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 23 сәуiрдегi N 172а қаулысына 4 қосымша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 6 ақпандағы N 172 қаулысына 7 қосымша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Бюджеттік бағдарламаның әкімшiсi 600 "Сот жүйесi органдарының автоматтандырылған бiркелкi ақпараттық-талдау жүйесiн құру" бағдарламасының 2002 жылға арналған ПАСПОРТЫ 1. Құны: 1 50 000 мың теңге (жүз елу миллион теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының сот жүйесi және судьяларының мәртебесi туралы" N 132-ІІ ҚР Z000132_ Конституциялық Заңының 25-бабының 4-тармағы, 56-бабы; Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 мамырдағы "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Z980253_ Заңының 88-бабы; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегі "Мемлекеттiк сатып алу туралы" N 163 Z970163_ Заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының сот жүйесiнiң тәуелсiздiгiн күшейту жөніндегі шаралар туралы" N 440 U000440_ Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 12 қазандағы "Сот әкiмшiлiгiнiң жаңа жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" N 471 U000471_ Жарлығы.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық
бюджеттiң қаржысы. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: соттар мен сот жүйесiнiң органдарының ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге уәкiлеттi органдарының жұмыстарын ақпараттау. 5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: соттарды және сот жүйесi органдарын компьютерлiк және ұйымдастыру iс техникаларымен қамтамасыз ету. 6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары: --------------------------------------------------------------------------- !Бағдар.!Кiшi !Бағдарламалардың !Бағдарламаны (кiшi!Iске !Жауаптылар !лама !бағд.!(кiшi бағдарла. !бағдарламаны) iске!асыру !орындаушылар !коды !коды !малардың) атауы !асыру шаралары !мерзiмi! --------------------------------------------------------------------------- 600 Сот жүйесi 1100 дана компьютер, Жыл Қазақстан органдарының 500 дана принтер ішінде Республикасы бiркелкi автомат. сатып алу, соның Жоғарғы тандырылған ішінде: Ақмола Сотының ақпараттық-талдау облысы сот әкiмшi. жанындағы жүйесiн құру сiне 63 компьютер, Сот 28 принтер; Ақтөбе әкімшілігі облысына 55 - 25; жөніндегі Алматы облысына 83 комитеті - 38; Атырау облысына 37 - 17; Шығыс Қазақстан облысына 128 - 55; Жамбыл облысына 57 - 26; Батыс Қазақстан облысына 47 - 21; Қарағанды облысына 125 - 16; Қостанай облысына 79 - 36; Маңғыстау облысына 34 - 15; Павлодар облысына 64 - 29; Солтүстік Қазақстан облысына 62 - 28; Оңтүстік Қазақстан облысына 75 - 34; Алматы қаласына 108 - 49; Астана қаласына 38 - 17; Сот әкiмшiлігі жөнiндегі комитетке 10 - 10. ---------------------------------------------------------------------------
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Бөлiнген
бюджеттiк қаржы сот жүйесi органдарын сатылап компьютерлендiруге база жасауға мүмкiндiк бередi, ол iстердi мерзiмiнде және сапалы қарауға ықпал етедi. Соттарды және сот жүйесi органдарын компьютерлендiру ақпараттар беруге, оларды жинақтаудағы жаңа технологияларға және ақпараттарға мұқтаждықты қанағаттандыру үшiн тиiмдi жағдай жасауы керек, ал ол сот билiгінiң дербестігі мен судьялардың тәуелсiздiгiн нығайтуға, олардың қызметтерiнiң тиiмдiлiгін арттыруға өз ықпалын тигiзедi. Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.