Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегі
агенттiгінiң республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған
паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы
12 ақпандағы N 205
қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтыру
енгiзiлсiн:
1-тармақтағы "4" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2002 жылғы 29 мамырдағы
N 205а қаулысына
қосымша
"Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2002 жылғы 12 ақпандағы
N 205 қаулысына
5-қосымша
Қазақстан Республикасының Көшi-қон және
демография жөнiндегi агенттiгi
-----------------------------------------
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
Репатрианттардың (оралмандардың) отбасыларына тұрғын
үй сатып алудың 2002 жылға арналған 032 бюджеттiк
бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 767986 мың теңге (жетi жүз алпыс жетi миллион тоғыз жүз
сексен алты мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Z970204_ Заңының 29-бабы; "Республикалық бюджеттен репатрианттар (оралмандар) үшiн бөлiнген қаражаттарды нысаналы пайдалану туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1194 P991194_ қаулысы; "Репатрианттардың (оралмандардың) отбасылары үшiн үй сатып алу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 4 мамырдағы N 605 P010605_ қаулысы.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландырудың көздері: республикалық
бюджет қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: 2002 жылғы көшiп келу квотасы
бойынша келген оралмандар отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: 2002 жылғы көшiп келу квотасы
бойынша өзiнiң тарихи отанына қайтып оралған оралмандарды дер кезiнде
жайластыру (тұрғын үймен қамтамасыз ету).
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
--------------------------------------------------------------------------
N ! Бағ.! Бағ. ! Бағдарлама. !Бағдарламаларды!Iске асыру! Жауапты
!дарл.! дарл.! лардың (кiшi !(кiшi бағдарла.!мерзiмдерi! орындаушылар
!Коды ! Коды ! бағдарлама. !маларды) iске ! !
! ! ! лардың) атауы!асыру жөнiндегi! !
! ! ! !iс-шаралар ! !
--------------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7
--------------------------------------------------------------------------
032 Репатрианттар. 2655 оралмандар 2002 ж. Қазақстан
дың (оралман. отбасылары үшін Мамыр- Республикасының
дардың) отба. тұрғын үй сатып желтоқсан Көшi-қон және
сыларына алу демография
тұрғын үй жөнiндегi
сатып алу агенттiгi
---------------------------------------------------------------------------
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: 2655
оралмандар отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету.".
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.