Оралмандардың отбасылары үшін тұрғын үй сатып алу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 4 мамыр N 605. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.02.25. N 225 қаулысымен.

      "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы  Заңының  29-бабына және "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. Қоса беріліп отырған Оралмандардың отбасылары үшін тұрғын үй сатып алу ережесі бекітілсін. <*>
      Ескерту. Тақырып және 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.01.17. N 48   қаулысымен.  

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға тиіс.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы      
Yкiметiнiң           
2001 жылғы 4 мамырдағы      
N 605 қаулысымен        
бекiтiлген            

        Оралмандардың отбасылары үшiн тұрғын үй сатып алу
                          ережесi <*>

       Ескерту. Тақырып және мәтіндегі сөздер ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2003.01.17. N 48   қаулысымен.

      Оралмандардың отбасылары үшiн тұрғын үй сатып алудың осы ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының "Халықтың көшi-қоны туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы, "Мемлекеттiк сатып алу туралы"  Z970163_  1997 жылғы 16 шiлдедегi, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi  Z970094_  Заңдарына, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" туралы 1999 жылғы 21 шiлдедегi N  1020  , "Оралмандар үшiн республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаражатты мақсатты пайдалану туралы ереженi бекiту туралы" 1999 жылғы 18 тамыздағы N  1194  және "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N  1950  қаулыларына сәйкес, тұрғын үй сатып алу процесiнде ықтимал өнiм берушiлер мен Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi - аумақтық органдар) арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттеу, репатрианттар (оралмандар) отбасылары үшiн тұрғын үй сатып алу ерекшелiктерiн айқындау және республикалық бюджеттен бөлiнген қаражатты тиiмдi жұмсау мақсатында әзiрлендi.

                         1. Жалпы ережелер  

      1. Осы Ережелерде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 
      1) сатып алынатын тұрғын үйдiң түрi - мемлекеттiк сатып алуға ұсынылатын жеке тұрғын үй бiрлiгi (жеке тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме); 
      2) құзыреттi органдар - осы Ереже шеңберiнде тиiстi сұраныстар бойынша қажеттi ақпарат беретiн мемлекеттiк органдар; 
      3) аумақтық органдар - Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгiнiң оралмандар үшiн мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға сәйкес конкурстар ұйымдастыруды, өткiзудi және тұрғын үйлердi мемлекеттiк сатып алу ісiн жүзеге асыратын аумақтық бөлiмшелерi.

      2. Осы Ережеде, сондай-ақ "Мемлекеттiк сатып алу туралы"  Заңда  көзделген ұғымдар да пайдаланылады.

      3. Сатып алынуға тиiстi тұрғын үйлердiң саны әрбiр күнтiзбелiк жылға арнап Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген оралмандардың көшіп келу квотасына сәйкес және өткен жылдардың көшiп келу квотасы бойынша жинақталып қалған оралмандарға тиесiлi берешектi өтеу үшiн республикалық бюджеттен көзделген қаражат ескерiле отырып, айқындалады. <*>
       Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.01.17. N 48   қаулысымен.

      4. Оралмандар үшiн сатып алынатын тұрғын үйлер Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында көзделiп, белгiленген техникалық, санитариялық және басқа мiндеттi талаптарға сай және қоныстандыруға дайын болуға тиiс. 

       2. Оралмандардың отбасылары үшiн тұрғын үй сатып алу
               жөнiндегi конкурсты ұйымдастыру
                          тәртiбi

      5. Аумақтық органның басшысы өзiнiң құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес оралмандар үшiн тұрғын үйлердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы шешiм қабылдайды, сатып алынатын тұрғын үйлер санын, сондай-ақ республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде сатып алуды қаржыландыру көлемiн бекiтедi. 
      Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi жауапты лауазымды адамды тағайындайды, "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Заңға сәйкес мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру тәсiлiн таңдайды. 
      Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың негiзгi тәсiлi ашық конкурс болып табылады.

      6. Аумақтық орган конкурстық комиссияны құрады, оның құрамына аумақтық органның басшысы мен мамандары, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлдерi енгiзiледi. Қажет болған жағдайда техникалық сарапшы ретiнде тегiн негiзде мемлекеттiк органдардың мамандары тартылады. 

      7. Тұрғын үйдi мемлекеттiк сатып алу процесiне байқаушылар ретiнде Оралмандар кеңесiнiң өкiлдерi - тұрғын үй алуға үмiткерлер жiберiлуi мүмкiн. <*>
       Ескерту. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.01.17. N 48   қаулысымен.

      8. Конкурстық комиссия конкурс құжаттамасында көрсетiлген мынадай өлшемдердi: 
      1) тұрғын үй алаңы бiрлiгiне ең төменгi баға негiзiнде айқындалған тұрғын үй құнын; 
      2) қосалқы үй-жайлары мен үй іргесiндегi аумақтың абаттандырылу элементтерiнiң болуын; 
      3) абаттандырылу дәрежесiн, қосымша шаруашылық құрылыстары мен үй іргесiндегi учаскесi (жеке тұрғын үйлер үшiн) болуын; 
      4) орналасқан жерiн (ұсынылып отырған ауданда жалпы бiлiм беретiн мектептiң, мәдени-ағарту, мектепке дейiнгi және емдеу мекемелерiнiң, жалпы жұрт пайдаланатын жолаушылар көлiгiнiң қозғалыс бағыттары және т.б. болуын); 
      5) тұрғын үйдiң санитариялық және техникалық нормаларға сай келуiн ескере отырып, сатып алынатын әрбiр тұрғын үй бойынша ұтып шыққан конкурстық өтiнiмдi айқындайды.

      9. Конкурстық комиссия өз қызметiн мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырады. 
      Конкурстық комиссияның шешiмiне Қазақстан Республикасының заңнамада белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн. 

       3. Оралмандардың отбасылары үшiн тұрғын үй сатып алудың
                        ерекшелiктерi

      10. Сатып алынатын тұрғын үйдiң әрбiр түрi бойынша үш конкурстық өтiнiмнен аз табыс етiлген жағдайда немесе олар болмаған жағдайда, тұрғын үйдiң осы түрiн сатып алу жөнiндегi конкурс өткен жоқ деп танылады.

      11. Сатып алынатын үйдiң қандай да бiр түрi бойынша конкурс өткен жоқ деп танылған жағдайда, аумақтық орган тұрғын үйдiң осы түрiн мемлекеттiк сатып алуды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген бiр көзден сатып алу тәсiлiн жүзеге асыруға құқылы.

      12. Конкурстық комиссия ықтимал өнiм берушiнiң конкурстық өтiнiмiн қараған кезде ұсынылып отырған тұрғын үйдiң конкурстық құжаттамада көрсетiлген өлшемдерге сәйкестiгiн тексерiп қарауға мiндеттi, ол актiмен ресiмделедi.

      13. Сатып алынған тұрғын үй заңнамада белгiленген тәртiппен оралманның меншiгiне тегiн берiледi. 

        4. Ықтимал өнiм берушiлер конкурсқа қатысу үшiн табыс
                   ететiн құжаттардың тiзбесi 

      14. Ықтимал өнiм берушi әзiрлеген конкурстық өтiнiм Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 10 желтоқсандағы N 1268  қаулысымен  бекiтiлген "Тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүргiзудiң тәртiбi туралы" нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келуге және оған қосымша: 
      1) ұсынып отырған тұрғын үйiне ықтимал өнiм берушiнiң меншiк құқығын растайтын;
     2) тұрғын үйдiң құзыреттi органдар берген техникалық паспорты; 
     3) жер учаскесiнiң экспликациясы (жер учаскесi болған жағдайда);
     4) сатылатын тұрғын үйге қатысты кедергiнiң жоқтығы туралы құзыреттi органдардан анықтама;
     5) коммуналдық және басқа да көрсетiлетiн қызметтерге төлем бойынша берешегi жоқтығы туралы құзыреттi органдардан анықтама (Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген салықтардың, баждар мен басқа да мiндеттi төлемдердiң және алымдардың барлық түрлерi бойынша) құжаттарды қамтуы тиiс.

      15. Конкурсқа қатысуға арналған құжаттарды әзiрлеу үшiн жұмсалған  барлық шығыстарды (соның iшiнде нотариалдық қызмет көрсетулерге де) ықтимал өнiм берушi төлейдi.

           5. Сатып алынатын тұрғын үйдiң тұрғын алаңы
       нормаларын белгiлеу үшiн оралмандар табыс ететiн
                    құжаттардың тiзбесi

     16. Сатып алынатын тұрғын үйдiң тұрғын алаңы нормасы әрбiр оралманның отбасы үшiн Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес жеке белгiленедi.

     17. Сатып алынатын тұрғын үйдiң тұрғын алаңы нормасын белгiлеу үшiн оралман аумақтық органдарға:
     1) отбасының құрамы туралы анықтама;
     2) отбасында жүктi болғанына жиырма аптадан асқан әйел бар болса, ол туралы тиiстi анықтама;
     3) тұрғын үйiнiң және жер учаскесiнiң жоқ екендiгi туралы анықтама;
     4) бұрын келгендер өздерiнiң және өздерiмен бiрге туралы тұрып жатқан отбасы мүшелерiнiң мемлекеттен тұрғын үй және жер учаскесiн алмағандығы туралы тұрған жерiнен анықтама табыс етедi.

     18. Қажет болған жағдайда оралман сондай-ақ отбасында қосымша тұрғын алаңға құқық беретiн науқастың ауыр түрiнен зардап шегетiн адамның бар екендiгi туралы құзыреттi органдардан алынған тиiстi анықтаманы да табыс етедi.

                 6. Есепке алу және есептiлiк тәртiбi

     19. Тұрғын үйге мұқтаж оралмандарды есепке қою, олардың құқықтық мәртебесiн растайтын құжаттарды табыс ету арқылы, аумақтық органда тұратын жерi бойынша жүзеге асырылады.

     20. Оралмандардың отбасылары үшiн тұрғын үйлердi мемлекеттiк сатып алу жүргiзiлгендігi туралы есеп пен ақпаратты, аумақтық органдар Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгiне табыс етедi.

     21. Есептер мен ақпараттардың уақытылы, толық және дұрыс берiлуi үшiн жауапкершiлiк аумақтық органның басшысына жүктеледi.

                         7. Қорытынды ережелер

     22. Тұрғын үйдi сатып алу туралы шарттардың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

     23. Тұрғын үйдi сатып алу процесiнде аумақтық орган мен өнiм берушi арасында туындаған барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.

     24. Тұрғын үйдi сатып алу процесiне қатысушылар осы Ереженiң талаптарын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады