Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.05.08 № 598 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "14805 әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мемлекеттік мекеме) құрылсын.
2. Мемлекеттік мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін ұстауға көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылатын болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Мемлекеттік мекеменің Жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Құпия.
5. Құпия.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі