ХАБАРЛАНДЫРУ
Ескерту. Нормативтік қаулының тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "АІЖК", "қадағалау", "тиісті қадағалау", "шағым берілген сот актілерін қайта қарау жөнінде қадағалау іс жүргізуін қозғау туралы", "сот қадағалауы тәртібімен" деген сөздер тиісінше "АПК", "кассациялық", "өтінішті іспен бірге кассациялық сатының сот отырысының қарауына беру туралы", "кассациялық тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша:
"талапкерлер", "талапты", "Кассациялық сатысындағы сот", "кассациялық сатысындағы сот", "кассациялық сатысының соты", деген сөздер тиісінше "талап қоюшылар", "талап қоюды", "Кассациялық сатыдағы сот", "кассациялық сатыдағы сот", "кассациялық сатының соты" деген сөздермен;
"өндірісті", "өндірісіне" деген сөздер тиісінше "іс жүргізуді", "іс жүргізуіне" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР Жоғарғы Сотының 29.09.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі — АПК) кейбір нормаларының өзгеруіне және оларды сот практикасында біркелкі қолдану қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.1. Заңдылық қағидатына және әділдік пен ақылға сыйымдылық өлшемшарттарына жауап беретін сот актісін (шешімді, ұйғарымды, қаулыны, сот бұйрығын) шығару мақсатында әрбір азаматтық істі қарау кезінде материалдық және процестік құқық нормаларын мүлтіксіз сақтау қажеттігіне соттардың назары аударылсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.2. АПК-нің 148-бабына сәйкес талап қоюшылар арыздарда тек талаптарын көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге бұзу мәнін немесе өздерінің құқықтарын, бостандықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін бұзу қаупін, өз талаптарын негіздеген мән-жайларды, сондай-ақ осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелердің мазмұнын егжей-тегжейлi баяндауға міндетті.
Прокурордың мемлекеттің немесе қоғамның не азаматтың мүддесін көздеп қойған талаптары АПК-нің 148-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
АПК-нің 151, 152, 272, 273, 277, 279-баптарында көрсетілген талап қоюды қабылдаудан бас тартудың не талап қоюды талап қоюшыға қайтарудың немесе қараусыз қалдырудың, ал қозғалған азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрудың не қысқартудың негіздері түпкілікті болып табылады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.3. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 Нормативтік қаулысымен.
4. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 Нормативтік қаулысымен.
5. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 19.01.2018 № 2 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).6. АПК-нің 47-бабының екінші бөлігіне сәйкес заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда заңды тұлға болып табылмайтын ұйымдар да іс бойынша тараптар бола алады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тиісті шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаларды (компанияларды, фирмаларды, кәсіпорындарды және т.б.) шетелдік ұйымдар деп түсіну қажет. Қазақстан Республикасының аумағында оның заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, оның ішінде бірлескен кәсіпорындар мен шетелдік инвесторға толығымен тиесілі кәсіпорындар шетелдік ұйымдар болып табылмайды.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.7. АПК-нің 34-бабы екінші бөлігінің 1), 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда істі бір соттың іс жүргізуінен басқа соттың іс жүргізуіне беру заңды күшіне енген сот ұйғарымының негізінде жүргізіледі. Тараптардың осындай ұйғарымдарға жеке шағымдарын, прокурордың өтінішхатын апелляциялық сатыдағы сот қарайды.
АПК-нің 34-бабы екінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіз болған жағдайда жоғары тұрған соттың судьясы іске қатысатын адамдарға істің қаралатын орны мен уақыты туралы хабарламастан, істің нақты қай соттың қарауына жататыны туралы ұйғарымды жеке-дара шығарады.
Соттар арасында нақты істің соттылығы туралы дау туындаған жағдайда жоғары тұрған соттың судьясы іске қатысатын адамдарға оның қаралатын орны мен уақыты туралы хабарламастан және соттың істі басқа соттың іс жүргізуіне жіберу туралы ұйғарымының күшін жоймастан, істің нақты қай соттың қарауына жататыны туралы ұйғарым шығарады.
Апелляциялық саты сотының ұйғарымы және жоғары тұрған соттың судьясының істің қай соттың қарауына жататыны туралы ұйғарымы шағым жасауға, наразылық келтіруге жатпайды.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.8. Сотта талап қоюшылар мен жауапкерлердің мүдделерін олардың заңды өкілдері және сенімхатта көрсетілген адамдар (тапсырма бойынша өкілдер) білдіре алады.
Өкілдің сенімхатында АПК-нің 60-бабының бірінші бөлігінде көзделген процестік әрекеттердің ішінен өкіл сенім білдірушінің атынан сотта жасауға құқылы процестік әрекеттер санамалануы тиіс.
Егер өкілге берілген сенімхатта оның нақты өкілеттіктері көрсетілмесе, онда өкіл АПК-нің 60-бабының бірінші бөлігіне сәйкес берілуі тиіс өкілеттіктерден басқа процестік әрекеттерді жасауға (іс материалдарымен танысуға, олардан үзінді көшірмелер жасауға, өтінішхаттар білдіруге, даудың мәні бойынша түсіндірмелер беруге және т.б.) құқылы.
Адвокат куәлігі және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарлама адвокатқа заңгерлік көмек көрсетуге өтініш білдірген тұлғаның мүддесін сотта білдіру (іс материалдарымен танысу, олардан үзінді көшірмелер жасау, өтінішхаттар білдіру, даудың мәні бойынша түсіндірмелер беру және т.б.) құқығын береді, бірақ сенімхатты алмастырмайды және адвокатқа АПК-нің 60-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген процестік әрекеттерді жасау құқығын бермейді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.9. Сот істі сот талқылауына дайындау сатысында, сонымен қатар істі мәні бойынша қарау процесінде дәлелдеу нысанасын нақтылауы тиіс.
Соттар дәлелдемелерді бағалау және тараптарды дәлелдеуден босату туралы мәселені шешу кезінде АПК-нің 73-бабының тоғызыншы бөлігінде, 79-бабының екінші бөлігінде және 82-бабының сегізінші бөлігінде қамтылған нормаларды ескеруге тиіс.
АПК-нің 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73-баптарына сәйкес соттар сот отырысында даудың нысанасына тікелей қатысы бар және жиынтығында істің мән-жайын анықтау, даудың мәні бойынша тараптардың дәлелдерін растау немесе теріске шығару үшін жеткілікті болып табылатын дәлелдемелер ғана зерттелетінін назарда ұстауы қажет.
Істің заң бойынша белгілі бір дәлелдемелермен расталуы тиіс мән-жайлары басқа ешқандай дәлелдемелермен (мысалы, егер мәміленің маңызды шарттары бойынша дау туындайтын болса, шартпен) расталмауы тиіс.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.10. АПК-нің 158-бабына сәйкес талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі АПК-нің 156-бабының бірінші бөлігінде аталған шараларды қолдану туралы соттардың ұйғарымдары сот шешімдерін орындау үшін көзделген тәртіппен дереу орындалуға жатады.
Мына жағдайларда:
жауапкердің банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда сақталатын ақшасына, өзге де мүлкіне тыйым салу туралы ұйғарымдарды тікелей банк немесе осындай ұйым орындайды;
АПК-нің 156-бабы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 6), 7), 8) тармақшаларында көзделген талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы ұйғарымдар талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ретінде сот көрсеткен әрекеттерден тартынуға міндетті адамға қол қойғызып тапсыру арқылы орындалады;
АПК-нің 156-бабы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген талап қоюларды қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы ұйғарымдарды мемлекеттік орган дауланып отырған актіні шығарған ұйым немесе лауазымды адам орындайды. Егер шағымдалып отырған акт бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланса, онда соттың осы актінің қолданысын тоқтата тұру туралы ұйғарымы бұқаралық ақпарат құралының кезекті санында талап қоюшының есебінен жариялануы тиіс.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.11. АПК-нің 27-бабына сәйкес мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар, басқа соттың соттылығына жататындығы заңда айқындалған істерді қоспағанда, тараптары заңды тұлғалар, заңды тұлға құрмай, жеке кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер) болып табылатын мүлiктiк және мүлiктiк емес даулар бойынша, сондай-ақ корпоративтік даулар бойынша азаматтық iстердi қарайды және шешеді.
АПК-нің 27-бабында көрсетілген корпоративтік дауларға олардың тарапы коммерциялық ұйым, коммерциялық ұйымдар қауымдастығы (одағы), коммерциялық ұйымдар және (немесе) дара кәсіпкерлер қауымдастығы (одағы), Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым және (немесе) оның акционерлері (қатысушылары, мүшелері, оның ішінде бұрынғы акционерлері) болып табылатын даулар жатады (АПК-нің 23-бабының екінші бөлігі). Мұндай дауларға, атап айтқанда акциялармен, қатысу үлестерімен мәміле жасасуға байланысты дауларды, серіктестіктерге қатысушылар, акционерлер арасында осындай серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар қызметінің мәселелері бойынша дауларды жатқызуға болады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.12. Абыройын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген моральдық зиянды өтеуді ақшалай мәнде өндіріп алу туралы талап қоюлар, АПК-нің 104-бабы бірінші бөлігінің 2) тармақшасына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес, егер талап қоюшы заңнамаға сәйкес мемлекеттік баж төлеуден босатылмаса, оларды беру кезінде мемлекеттік баж төленетіндігіне соттардың назары аударылсын. Соттар өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстарды өтеу туралы осындай талап қоюлар бойынша мәселені шешу кезінде осындай шығыстар талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігінің он пайызынан аспауға тиіс екендігі туралы АПК-нің 113-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарды негізге алуы тиіс.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.12-1. АПК-нің 164-бабының бірінші бөлігіне сәйкес азаматтық істерді сот талқылауына дайындау, талап қою соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Алименттерді өндіріп алу туралы, денсаулықтың зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу туралы, сондай-ақ асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты істерден басқа, аса күрделі істер бойынша айрықша жағдайларда және еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын талаптар бойынша істі сот талқылауына дайындау үшін берілген мерзім өткеннен кейін бұл мерзім судьяның ұйғарымы бойынша қосымша бір айға ұзартылуы мүмкін.
Көрсетілген мерзім шегінде сот бірқатар процестік әрекеттер жасайды, сондай-ақ жауапкерге талап қоюшы мәлімдеген талаптарға пікір ұсынуды сотқа беруге міндеттейді (АПК-нің 165-бабының бірінші бөлігі). АПК-нің 166-бабының екінші бөлігіне сай, пікір талап қоюдың көшірмелерін алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.
Ескерту. Нормативтік қаулы 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.13. АПК-нің 198-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша істі қарау кейінге қалдырылған жағдайда, іс жаңа сот отырысында АПК-нің 189, 190 және басқа да баптарында белгіленген қағидалар сақтала отырып жүргізіледі. Алдыңғы сот отырыстарында алынған құжаттар АПК-нің 208-бабында көзделген тәртіппен даудың мәні бойынша шешім шығарылатын сот отырысында жариялануы тиіс.
Істі қарауға, қатысушылардың сот отырысына келуіне кедергі келтіретін не оған мүмкіндік бермейтін күтпеген және төтенше мән-жайлар туындаған жағдайларда, оның ішінде егер сот осы АПК-нің 196 және 197-баптарында көзделген тәртіппен - процеске қатысушылардың біреуінің келмеуі салдарынан істі осы сот отырысында қарау мүмкін емес деп таныған; АПК-нің 188-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіп қолданылатын істi талқылау барысында оған қатысушылар жаппай тәртiп бұзған; АПК-нің 73-бабында көзделген тәртіппен қосымша дәлелдемелерді ұсыну немесе талап етіп алдырту қажет болған жағдайларда; АПК-нің 153-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен қарсы талап қою кезінде ғана істі талқылауды кейінге қалдыруға жол беріледі.
Сот талқылауын кейінге қалдыру саны, әдетте, төрт реттен аспауы тиіс.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.14. Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарда жауапкер талап қоюды сот шешім шығару үшін шығып кеткенге дейін тануға құқылы.
Сот жауапкерге талап қоюды тану туралы жасалған мәлімдеменің құқықтық салдарын түсіндіреді, жауапкерді талап қоюды тануға мәжбүрлегенін куәландыруы мүмкін деректердің бар-жоғын анықтайды.
Егер жауапкер талап қоюды ішінара таныса, онда сот талқылауын өткізгеннен кейін және сот талап қоюды тануды қабылдаған соң барлық қойылған талаптар бойынша шешім қабылданады. Дәлелдемелерді зерттеу жауапкер талап қоюды мойындамаған бөлікте ғана жүргізіледі. Талап қоюды бір бөлікте мойындаған кезде алдын ала сот отырысында тараптардың дәлелдерін, дәлелдемелерін зерттеу қажеттілігіне байланысты шешім қабылдау мүмкін емес, осыған байланысты істі сот талқылауына тағайындау қажет.
АПК-нің 48-бабының екінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша жауапкердің талап қоюды толық немесе ішінара тануын қабылдау туралы не осындай тануды қабылдамау туралы соттың шешімінде немесе қаулысында көрсетіледі. Осы мәселе бойынша бөлек ұйғарым шығарылмайды.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.15. Егер талап қоюшы бір арызда немесе сот бір іс жүргізуінде талаптар біріктірілген болса, біреулері үшін қысқартылған, ал екіншілері үшін жалпы екі айлық қарау мерзімі белгіленсе, онда істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап іс екі айға дейінгі мерзімде қаралуға жатады.
Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы немесе азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы істерді қарау мерзімін тиісті хабарландыру жарияланған күнінен кейін үш айлық мерзім аяқталған күнінен бастап есептеген жөн. Бұл ретте істі қарау мерзімінде сотқа арыз келіп түскен күнінен бастап және осы санаттағы істі қозғау туралы хабарландыру жарияланған күнге дейінгі уақыт есепке жатқызылуға тиіс.
Сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы шешім не ұйғарым немесе талап қоюды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарған күн істің қарау мерзімінің аяқталған күні болып есептеледі.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.16. Егер жауапкерден немесе сот бұйрығында құқықтары мен міндеттері қозғалған өзге адамнан сот бұйрығының көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде немесе оның шығарылғаны туралы оларға белгілі болған күннен бастап мәлімделген талапқа қарсылығын немесе арызын сотқа жолдаса, онда судья үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзім ішінде сот бұйрығының күшін жою туралы не сот бұйрығының күшін жоюдан бас тарту туралы ұйғарым шығаруға міндетті. Егер жауапкер осындай қарсылықтарды беру мерзімін дәлелді себептермен өткізіп алса, онда ол АПК-нің 126-бабына сәйкес қалпына келтірілуі мүмкін.
Егер күші жойылған сот бұйрығы орындауға жіберілсе немесе өндіріп алушыға берілсе, онда сот мұндай сот бұйрығын кері қайтарып алады.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.17. Алып тасталды – ҚР Жоғарғы Сотының 29.09.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
18. АПК-нің 401-бабының бірінші бөлігіне сәйкес заңды күшіне енбеген соттың шешіміне тараптар және іске қатысатын басқа да адамдар апелляциялық шағым беруі, прокурор апелляциялық тәртіппен апелляциялық өтінішхат келтіруі мүмкін.
Іске қатысуға тартылмаған адамдар, егер сот олардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты шешім қабылдаған жағдайда ғана апелляциялық шағым жасауға құқылы.
Ескерту. 18-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.19. АПК-де белгіленген жағдайларды қоспағанда, сот шешіміне апелляциялық шағым (прокурордың өтінішхаты) беру (келтіру) үшін АПК-нің 403-бабының үшінші бөлігінде көзделген мерзімді түпкілікті нысанда шешім шығарылған күнінен бастап, ал сот талқылауына қатыспаған адамдар үшін оларға шешімнің көшірмесі жолданған күнінен бастап есептеу керек.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.20. Мыналар:
сот бұйрықтарына;
АПК-нің нормаларында шағым жасау көзделмеген немесе істің одан әрі қозғалысына кедергі келтірмейтін бірінші сатыдағы соттардың ұйғарымдарына;
шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы бірінші сатыдағы соттардың шешімдеріне апелляциялық тәртіппен шағым жасалмайды (прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралмайды).
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.21. Апелляциялық (жеке) шағым беру мерзімін қалпына келтіру туралы іске қатысатын адамдардың арыздары, прокурордың өтінішхаттары АПК-нің 126-бабында белгіленген қағидалар бойынша сот отырысында бірінші сатыдағы соттың қарауына жатады.
Соттың апелляциялық (жеке) шағым беру мерзімін қалпына келтіруден бас тарту туралы ұйғарымына АПК-нің 429-бабының бірінші бөлігінде көзделген мерзімдерде шағым берілуі, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.22. АПК-нің 412, 413-баптарына сәйкес апелляциялық сатыдағы сот істегі бар және қосымша ұсынылған материалдар бойынша бірінші сатыдағы сот шешімінің заңдылығы мен негізділігін толық көлемде тексереді.
Сот шешімін толық көлемде тексеру деп бірінші сатыдағы соттың істің нақты мән-жайларын анықтауының, материалдық және процестік құқық нормаларын қолдануының немесе түсіндіруінің дұрыстығы тексерілетінін түсіну қажет.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.23. АПК-нің 198, 272, 273, 277, 279-баптарында көзделген негіздер бойынша апелляциялық сатыдағы сот істі талқылауды кейінге қалдыруға, іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға немесе тоқтатуға, талап қоюды қараусыз қалдыруға құқылы, бұл туралы тиісті ұйғарым шығарады.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.24. Апелляциялық сатыдағы сот жаңадан ұсынылған құжаттар мен материалдарды, егер бұл құжаттар мен материалдар бірінші сатыдағы сотқа дәлелді себептермен ұсынылмаса немесе оларды талап етіп алдыртуға және сот отырысында зерттеуге жәрдемдесу туралы өтінішхатты бірінші сатыдағы сот қабылдамаған жағдайда ғана қарауға қабылдауға құқылы.
Тараптың АПК-нің 72 және 73-баптарына сәйкес бірінші сатыдағы сотқа дәлелсіз себептермен ұсынбаған дәлелдемелерді апелляциялық сатыдағы сотқа ұсынуы апелляциялық сатыдағы соттың оларды қабылдап, зерделеуіне мүмкіндік бермейді және мұндай жағдай тараптың процестік олқылығы деп бағаланады. АПК-нің 404-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда дәлелдемелер апелляциялық сатыдағы сотқа ұсынылуы мүмкін.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.25. Апелляциялық сатыдағы сот тараптар жаңадан ұсынған зерттеуге қабылданған дәлелдемелердің негізінде, егер іске қатысатын басқа адамдар апелляциялық шағымға (прокурордың өтінішхатына) немесе апелляциялық сатыдағы сот отырысында осы дәлелдемелер бойынша өз пікірлерін білдірсе, мәлімделген талап қоюдың шегінде жаңа фактілерді анықтай алады. Мұндай жағдайларда апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертеді немесе оның күшін жойып, іс бойынша жаңа шешім шығарады.
Апелляциялық сатыдағы сот толық, жан-жақты және объективті зерттелген азаматтық іс материалдарының негізінде іс үшін маңызы бар мән-жайларды қайтадан анықтап қана қоймай, сонымен бірге сол немесе басқа мән-жайлардың дәлелденгені немесе дәлелденбегені туралы түйін жасауға, материалдық немесе процестік құқық нормаларын дұрыс қолдануға не заң ұқсастығын немесе құқық ұқсастығын қолдануға құқылы.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.26. Егер істі қарау кезінде апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың АПК-нің 427-бабының екінші бөлігінде көзделген бұзушылықтарға жол бергенін анықтаса, онда ол бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгерту туралы немесе оның күшін жою туралы қаулы шығарады және дауды мәні бойынша шешеді.
АПК-нің 277-бабында және 279-бабының 2), 3), 4), 5), 9) және 10) тармақшаларында көзделген негіздер болған кезде аппеляциялық сатыдағы сот шешімнің күшін толық немесе ішінара жояды және іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады не арызды қараусыз қалдырады. Апелляциялық сатыдағы соттың көрсетілген негіздер бойынша шығарған ұйғарымдарына кассациялық тәртіппен шағым жасалуы және наразылық келтірілуі мүмкін.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.27. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.12.29 № 6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
27-1. Апелляциялық шағым берген адам апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарғанға дейін одан бас тартуға немесе бірінші сатыдағы сотта оны кері қайтарып алуға құқылы. Прокурор өтінішхатты апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарғанға дейін кері қайтарып алуға құқылы.
Апелляциялық шағымнан бас тартуды қабылдау туралы апелляциялық сатыдағы сот, егер шешімге басқа адамдар шағым жасамаса немесе жоғары тұрған прокурор өтінішхат келтірмесе апелляциялық іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады (АПК-нің 409-бабының екінші бөлігі).
Шағым, наразылық кері қайтарылып алынған жағдайда сот оны қайтару туралы ұйғарым шығарады, ол шағымдануға және прокурордың өтінішхаты келтіруге жатпайды.
Ескерту. 27-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 30.12.2011 № 5; жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.27-2. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
27-3. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
28. АПК-нің 434-бабының бірінші бөлігіне сәйкес жергілікті және басқа да соттардың заңды күшіне енген сот актілері, оларға шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталған жағдайда, АПК-нің 28-1-бабының қағидалары бойынша қаралған істер бойынша шығарылған сот актілері тараптар, іске қатысатын адамдар, мүдделері сот актілерімен қозғалатын басқа да тұлғалар және олардың өкілдері берген өтінішхаттар бойынша кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін. АПК-нің 441-бабының екінші бөлігіне сәйкес іске қатысуға тартылмаған адамдар аталған сот актілеріне, егер осы актілермен олардың құқықтары мен міндеттері туралы мәселе шешілген жағдайларда ғана шағым беруге құқылы.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.29. АПК-нің 436-бабының бірінші бөлігіне сай шағым жасалған (наразылық келтірілген) сот актісі заңды күшіне енген күнінен бастап алты айдың ішінде өтінішхат берілуі (наразылық келтірілуі) мүмкін. Өтінішхат берудің (наразылық келтірудің) алты айлық мерзімі сот актісі АПК-нің 431-бабында көзделген қағидалар бойынша заңды күшіне енген күнінен бастап есептеледі.
Егер кассациялық сатыдағы сот заңды күшіне енген сот актілерін жаңа шешім шығарып өзгертсе немесе оның күшін жойса, онда мұндай қаулыға шағым жасау мерзімі осы қаулы шығарылған күнінен бастап есептеледі.
АПК-нің 442-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына және 444-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес алты айлық мерзім өткізіліп және оны қалпына келтіру туралы өтінішхатсыз берілген өтінішхат оны берген адамға қайтарылады.
Егер шағым берудің өткізілген мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхат қоса тіркелген өтінішхатты қарау кезінде заңды күшіне енген сот актісін қайта қарау үшін АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігінде көзделген негіздер жоқ екені анықталса, онда АПК-нің 442-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына және 444-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес өтінішхатты кері қайтару туралы қаулы шығарылады.
Егер Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасына кассациялық сатыға наразылық келтіру туралы өтінішхат алты айлық мерзім ішінде берілген, бірақ прокурор наразылықты мерзімін бұза отырып енгізген жағдайда, кассациялық сатыдағы сот АПК-нің 436-бабының төртінші бөлігіне сәйкес көрсетілген мерзімді ұзартады.
Егер алты айлық мерзім бұзылып және оны қалпына келтіру туралы өтінішхаты бар өтінішхатты қарау нәтижелері бойынша шағым жасалған сот актілерін қайта қарау жөнінде кассациялық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы шығарылса, онда кассациялық сатыдағы сот осы мерзімді қалпына келтіру туралы мәселені АПК-нің 450-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен сот отырысында қарайды. Кассациялық сатыдағы сот прокурордың наразылық беру мерзімін қалпына келтіру туралы мәселені осындай тәртіппен қарайды. Кассациялық өтінішхат (наразылық) берудің дәлелсіз себептермен өткізіліп алынған мерзімі қалпына келтіруге жатпайды, ал өтінішхат (наразылық) қаралмай кері қайтарылады.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.30. АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға себеп болған елеулі бұзушылықтарға АПК-нің 427-бабының төртінші бөлігінде санамаланған процестік құқық нормаларын бұзушылықтарды жатқызған жөн. Материалдық құқық нормаларының дұрыс қолданылмауы, егер сот соның салдарынан істі дұрыс шешпеген жағдайда ғана, елеулі бұзушылыққа жатқызылуы мүмкін.
Мәні бойынша дұрыс сот актісін формальды пайымдаулар бойынша кассациялық тәртіппен қайта қарау мүмкін емес. Соттың істі қарау кезінде АПК-нің 427-бабының төртінші бөлігімен қамтылмайтын немесе соттың материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбағанын куәландырмайтын жіберген бұзушылықтарын формальды пайымдаулар деп түсіну қажет.
Кассациялық сатыдағы сот бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сот зерттемеген, тарап ұсынған дәлелдемелердің негізінде заңды күшіне енген сот актісін өзгертуге немесе оның күшін жоюға құқылы емес. Тиісті негіздер болған жағдайда мұндай сот актісі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қаралуы мүмкін.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.31. АПК-нің 35-бабының бесінші бөлігіне сәйкес кассациялық сатыдағы соттың алқалы құрамы судьялардың тақ санынан (кемінде үш) болуға тиіс.
АПК-нің 427-бабында көрсетілген процестік құқық нормаларының елеулі бұзушылықтарының тізбесі толық болып табылатындықтан, кассациялық сатыдағы соттың істі судьялардың жұп санынан тұратын алқалы құрамда қарауы соттың осындай құрамы шығарған қаулының күшін жоюға әкеп соқтырмайды.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.32. Іс бойынша шығарылған сот актілерінің күші жойылып, іс бірінші сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жіберілген сот актісіне өтінішхат беру процестік әрекет болып табылады. Ұсыну енгізу немесе наразылық келтіру құқығы бар лауазымды адамдар осындай істі талап етіп алдыртқан жағдайда бірінші сатыдағы сот АПК-нің 198-бабына сәйкес өтінішхат шешілгенге дейін оны қарауды кейінге қалдырады.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.33. Егер келіп түскен өтінішхат бойынша азаматтық істі соттан талап етіп алдыртқан жағдайда ғана АПК-нің 448-бабында санамаланған лауазымды адамдар заңды күшіне енген сот актілерінің орындалуын тоқтата тұруы мүмкін.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.34. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 19 Нормативтік қаулысымен.
35. Апелляциялық және кассациялық сатыдағы судьяның ерекше пікірінің мазмұнын жария етуге жол берілмейді. Кассациялық сатыдағы сот осы істі қараған кезде ерекше пікірмен танысуға құқылы.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.36. Күші жойылды – ҚР Жоғарғы Сотының 2007.12.25. N 12 Нормативтік қаулысымен.
37. Күші жойылды – ҚР Жоғарғы Сотының 2007.12.25. N 12 Нормативтік қаулысымен.
38. Күші жойылды – ҚР Жоғарғы Сотының 2007.12.25. N 12 Нормативтік қаулысымен.
39. Күші жойылды – ҚР Жоғарғы Сотының 2007.12.25. N 12 Нормативтік қаулысымен.
40. Кассациялық сатыдағы сот АПК-нің 270-бабының ұқсастығы бойынша сот отырысында анықталған заң бұзушылық фактілері бойынша тиісті мемлекеттік органдардың, ұйымдардың лауазымды адамдардың атына жеке ұйғарым шығаруға құқылы. Олар қабылданған шаралар туралы бір айлық мерзім ішінде сотқа хабарлауға міндетті.
Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.41. Осы нормативтік қаулының қабылдануына байланысты 2000 жылғы 30 қазандағы № 15 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының қаулысымен енгізілген өзгерістермен "Соттардың азаматтық іс жүргізу заңының кейбір нормаларын қолдануы туралы" 2000 жылғы 30 маусымдағы № 9 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумы қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.42. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкесосы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
Қазақстан Республикасы | |
Қазақстан Республикасы |