"Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 20 наурыздағы N 2 нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 19 Нормативтік қаулысы.

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      қаулы етеді:

      1. "Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 20 наурыздағы N 2 нормативтік қаулысына (2006 жылғы 23 шілдедегі және 2007 жылғы 25 желтоқсандағы өзгерістерімен бірге) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) 29-тармақта :

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "АІЖК 392-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына және 394-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес, бір жылдық мерзімі өткізіліп және оны қалпына келтіру туралы өтінішсіз берілген қадағалау шағымы оны берген тұлғаға қайтарылады.";

      төртінші абзацтағы "қадағалау шағымының иесіне дәлелді жауап қайтарылады" деген сөздер "АІЖК 392-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына және 394-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес, қадағалау шағымын қайтару туралы қаулы шығарылады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер бір жылдық мерзімі бұзылып берілген және оны қалпына келтіру туралы өтініші бар қадағалау шағымын қараудың нәтижесінде шағым берілген сот актілерін қайта қарау жөнінде қадағалау іс жүргізуін қозғау туралы қаулы шығарылса, онда қадағалау сатысының соты осы мерзімді қалпына келтіру туралы мәселені АІЖК 398-бабының екінші бөлігінде қарастырылған тәртіпте сот отырысында қарайды. Прокурордың наразылық келтіру мерзімін қалпына келтіру туралы мәселені де қадағалау сатысының соты осындай тәртіпте қарайды. Қадағалау шағымын (наразылық) берудің дәлелсіз себептермен өткізіліп алынған мерзімі қалпына келтіруге жатпайды, ал шағым (наразылық) қараусыз қайтарылады.";

      2) 33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Қадағалау шағымы бойынша келіп түскен азаматтық іс соттан сұратып алдырылған жағдайда ғана АІЖК 396-бабында көрсетілген лауазымды тұлғалар заңды күшіне енген сот актілерін орындауды тоқтата тұруы мүмкін.";

      3) 34-тармақ алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы

Қ. Мәми

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы

Ж. Бәйішев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады