Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 901 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi) қаулысымен.
"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етудi жетілдiру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегi N 845 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 31, 269-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсін:
1) кiрiспедегi "Автомобиль жолдарының тиiмдi жұмыс iстеуiн, жол қозғалысының қауіпсiздiгін қамтамасыз ету мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегi N 156-XIII Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 15, 201-құжат), Қазақстан Республикасы Президентiнің " Жол қоры туралы " 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2701, " Жер туралы " 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717 заң күшi бар Жарлықтарына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің Жарнасы, 1995 ж., N 23, 151-құжат; N 24, 159-құжат) және "Жол жүрiсi қауiпсiздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi N 29-1 Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1996 ж., N 14, 273-құжат)" деген сөздер "Автомобильдердiң және басқа да көлік құралдарының үздiксiз, қауiпсiз жүрiсiн қамтамасыз ету, жалпы пайдаланылатын мемлекеттiк автомобиль жолдарын салу және күтіп ұстау үшiн берiлген жерлердi жол органдарының ұтымды пайдалануы мақсатында және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы " 1994 жылғы 21 қыркүйектегi, " Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы " 1996 жылғы 15 шiлдедегi, " Жер туралы " 2001 жылғы 24 қаңтардағы, " Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегi Заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-тармақтың екiншi абзацында "және жол құрылысын" деген сөздер алынып тасталсын;
3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын және жол құрылыстарын пайдаланудың тәртiбiнде:
тақырыбында, 2-тармағында және 7-бөлiмнің тақырыбында "және жол құрылыстарын", "мен жол құрылыстарын" деген сөздер алынып тасталсын;
1-тармақ алынып тасталсын;
3-тармақта:
"жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарын пайдаланушылардың, жол органдарының және шаруашылық автомобиль жолдары иелерiнiң" деген сөздер "жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарын пайдаланушылардың, жол органдарының және автомобиль жолдарын басқарушылардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
2, 3-бөлiмдер тақырыптарының және 7-тармақтың қазақ тiлдегi мәтіндерi өзгерiссiз қалады;
10, 12, 17, 22-тармақтарда:
"бақыланатын аймақтың", "бақыланатын аймағына", "бақыланатын аймақ" және "бақыланатын аймақта" деген сөздер тиiсiнше "жол бойындағы жолақтың", "жол бойындағы жолағына", "жол бойындағы жолақ" және "жол бойындағы жолақта" деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақта "жол иесi" деген сөздер "автомобиль жолдарын басқарушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтың бiрiншi абзацының қазақ тiлдегi мәтiнi өзгерiссiз қалады;
13-тармақта "жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарын мемлекеттiк басқару органдары" деген сөздер "көлiк саласындағы уәкілеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген көлемдерiн, сондай-ақ автокөлiк құралдарының салмақтарын және автокөлiк құралдарының бiлiкке түсетiн жүктемелерiн, автокөлiк құралдарының жүріп өту ережесiн және рұқсат құжаттарын беру тәртiбiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алынатын алым ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейді.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Жалпы пайдаланылатын халықаралық және республикалық автомобиль жолдарының бойындағы жолақтарға жол қызметi объектілерiн және жол сервисi объектiлерiн қоспағанда, күрделi құрылыстар салуға тыйым салынады.";
25-тармақта "осы жол басқаруындағы жол органы өкiлiнiң" деген сөздер "жол органы өкiлiнің және автомобиль жолдарын басқарушы өкілiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-бөлiмнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жол органдары мен автомобиль жолдарын басқарушылардың автомобиль жолдарын пайдаланушыларға қатысты құқықтары мен міндеттерi";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Жол органдарының қызметкерлерi заңнамада белгiленген тәртiппен жол элементтерiн бүлдiретiн немесе ластайтын не жүрiп өтуге арнайы рұқсаты жоқ iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты көлiк құралдарын автомобиль жолының көлiк құралдары жүретiн бөлiгiнен тысқары әкетудi талап етуге құқылы";
32-тармақтың үшiншi абзацында "жол органдары мен" деген сөздерден кейін "автомобиль жолдарын басқарушылардың," деген сөздермен толықтырылсын;
33-тармақта "жол қозғалысына қатысушыларға" деген сөздер "автомобиль жолдарын пайдаланушыларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
36-тармақта "қозғалысқа қатысушыларға" деген сөздер "автомобиль жолдарын пайдаланушыларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
38-тармақта "жол органдарының" деген сөздерден кейін "және автомобиль жолдарын басқарушылардың" деген сөздермен толықтырылсын;
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда жол жұмыстары автомобиль жолдарын басқарушылардың жол полициясымен келiсілген рұқсаттарын алғаннан кейiн жүзеге асырылады";
47-тармақтың екiншi абзацында "республикалық немесе облыстық жол қорына" деген сөздер "тиiстi бюджетке" деген сөздермен ауыстырылсын;
50-тармақ алынып тасталсын;
4) көрсетiлген қаулымен бекiтілген Жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының жерлерi пайдаланудың тәртібінде:
2-тармақ алынып тасталсын;
5-тармақтың үшiншi абзацында "Қысқа мерзiмге (3 жылға дейiн) және ұзақ мерзiмге (3 жылдан 99 жылға дейiн) деген сөздер "Қысқа мерзiмге (5 жылға дейiн) және ұзақ мерзiмге (5 жылдан 49 жылға дейiн)" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің Заң күші бар Жарлығымен" деген сөздер "Жер туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта "бақыланатын аймағының" деген сөздер "жол бойындағы белдеуiнің" деген сөздермен ауыстырылсын;
27-тармақта:
"жер ресурстарын басқару жөнiндегі аумақтық органдар" деген сөздер "жерге орналастыру органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
"автомобиль жолдарын басқару органдары мен" деген сөздер "жол органдары мен автомобиль жолдарын басқарушылардың және" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының |
|
Премьер-Министрі |