1995 жылғы 26 мамырдағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасындағы арнайы жүктерді және әскери мақсаттағы өнімдерді тасымалдау туралы келісімге , "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнімдер транзитінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Беларусь Республикасынан Тәжікстан Республикасына 1998 жылғы 15 мамырдағы N 7/СИ/1558 келісім-шарт бойынша қосымшаға сәйкес номенклатурада және санда Тәжікстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 10001-ә/б 832-автобронетехника әскери зауыты үшін (Тәжікстан Республикасы, Душанбе қаласы) Беларусь Республикасының Қорғаныс министрлігі 140-жөндеу зауыты (Беларусь Республикасы, Минск қаласы) беретін әскери мүліктің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитіне рұқсат берілсін.
2. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі және Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен әскери мүліктің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитін бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі осы қаулыны іске асыру мақсатында қажетті шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 17 қаңтардағы
N 34 қаулысына
қосымша
Тәжікстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің
10001-ә/б 832-автобронетехника әскери зауыты үшін
"140-жөндеу зауыты" республикалық біртұтас кәсіпорны
беретін әскери мүліктің саны
-------------------------------------------------------------------
Р/с | Әскери | СЭҚ ТН | Өлшем | Саны | Бір бірлік | Құны
N | мүліктің | коды |бірлігі| | бағасы | АҚШ
| атауы | | | | үшін АҚШ |долларымен
| | | | | долларымен |
-----|----------|----------|-------|------|------------|-----------
1 УТД-20 871000000 дана 7 6717 47019
двигателі
2 В-46-6 871000000 дана 1 6493 6493
двигателі
3 В-84-1 871000000 дана 1 7314 7314
двигателі
4 В-55 871000000 дана 3 5200 15600
двигателі
5 765-сб 117 871000000 дана 13 3549 46137
трансмис.
сиясы
-------------------------------------------------------------------
Жиыны 25 122563
-------------------------------------------------------------------
Шекаралық өту пункттері: Илецк-1 (Ресей Федерациясы) -
Луговая (Қазақстан Республикасы)
Жөнелту пункті: Минск қаласы (Беларусь Республикасы)
Баратын пункті: Душанбе қаласы (Өзбекстан Республикасы)