Беларусь Республикасынан Тәжікстан Республикасына әскери мүліктің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитіне рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы. 2003 жылғы 17 қаңтар N 34

      1995 жылғы 26 мамырдағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасындағы арнайы жүктерді және әскери мақсаттағы өнімдерді тасымалдау туралы келісімге , "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнімдер транзитінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Беларусь Республикасынан Тәжікстан Республикасына 1998 жылғы 15 мамырдағы N 7/СИ/1558 келісім-шарт бойынша қосымшаға сәйкес номенклатурада және санда Тәжікстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 10001-ә/б 832-автобронетехника әскери зауыты үшін (Тәжікстан Республикасы, Душанбе қаласы) Беларусь Республикасының Қорғаныс министрлігі 140-жөндеу зауыты (Беларусь Республикасы, Минск қаласы) беретін әскери мүліктің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитіне рұқсат берілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі және Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен әскери мүліктің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитін бақылауды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі осы қаулыны іске асыру мақсатында қажетті шаралар қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің      
2002 жылғы 17 қаңтардағы 
N 34 қаулысына     
қосымша       

Тәжікстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің
10001-ә/б 832-автобронетехника әскери зауыты үшін
"140-жөндеу зауыты" республикалық біртұтас кәсіпорны
беретін әскери мүліктің саны

-------------------------------------------------------------------
Р/с |  Әскери  |  СЭҚ ТН  | Өлшем | Саны | Бір бірлік |   Құны
  N  | мүліктің |   коды   |бірлігі|      |   бағасы   |   АҚШ
     |  атауы   |          |       |      |  үшін АҚШ  |долларымен
     |          |          |       |      | долларымен |
-----|----------|----------|-------|------|------------|-----------
  1     УТД-20    871000000   дана      7       6717        47019
      двигателі

  2   В-46-6      871000000   дана      1       6493         6493
      двигателі

  3   В-84-1      871000000   дана      1       7314         7314
      двигателі

  4   В-55        871000000   дана      3       5200        15600
      двигателі

  5   765-сб 117  871000000   дана     13       3549        46137
      трансмис.
      сиясы
-------------------------------------------------------------------
       Жиыны                           25                  122563
-------------------------------------------------------------------

Шекаралық өту пункттері: Илецк-1 (Ресей Федерациясы) -
Луговая (Қазақстан Республикасы)
Жөнелту пункті: Минск қаласы (Беларусь Республикасы)
Баратын пункті: Душанбе қаласы (Өзбекстан Республикасы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады