"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Режимдік аумақтардың аймақтарын пайдалану тәртібі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі |
Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 45 қаулысымен бекiтiлген |
Режимдiк аумақтардың аймақтарын пайдалану
ЕРЕЖЕСI
1. Осы Режимдiк аумақтардың аймақтарын пайдаланудың ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдер мен мемлекеттiк нормативтерге сәйкес әзiрлендi.
Ереже ерекше режим белгiленетiн әскери, қорғалатын және басқа объектiлердi (бұдан әрi — ерекше режим объектiлерi) жаңадан игерiлетiн (жайластырылатын, салынатын) аумақтарда орналастыруды жоспарлаған әрi орналастырған кезде, егер Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, қала құрылысы регламентациясының әдiстерiмен режимдiк аумақтардың аймақтарын пайдаланудың тәртiбiн айқындайды.
Ерекше режимдiк, режимдiк және ерекше қорғалатын объектiлердi жобалағанда, салғанда әрi қайта жаңғыртқанда Қазақстан Республикасының ерекше режимдiк, режимдiк және ерекше қорғалатын объектілерiнiң санатына мемлекеттiк органдарды және ұйымдарды жатқызу жөнiндегi бекiтілген нормалармен талаптар қолданылады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.10.2014 N 1098 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Режимдiк аумақтардың аймақтары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң ерекше реттелетiн және қала құрылысы регламентациясының аумақтық объектiлерiне жатады және оған ерекше режим объектiлерi орналастырылған (орналасқан) арнайы аймақтар, сондай-ақ мемлекеттiк нормативтерде көзделген елдi мекендердегi немесе олардың шегiнен тысқары өзге де ерекше реттелетiн аумақтар - ерекше режим объектiлерiнiң маңындағы санитарлық, қорғаныш немесе қорғау аймақтары, су қорғау аймақтары мен белдеулерi кіредi.
3-1. Қорғалатын объектілерді елді мекендерде орналастыруға арналған режимдік аумақтардың аймақтары объектілердің сыртқы шекарасынан 100 метр арақашықтықпен шектелген, ал олардың шегінен тыс 1 километр жер учаскесі болып табылады.
Көрсетілген аумақтардың шегінде сәулет және қала құрылысы қызметін жүзеге асыру мен келісу тәртібі қарамағында аталған аумақ орналасқан жергілікті атқарушы органның Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен келісілген актісімен айқындалады.
Ескерту. Ереже 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 16.10.2014 N 1098 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4. Ереже Қазақстан Республикасының аумақтарында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыратын барлық субъектiлер үшiн мiндеттi болып табылады әрi заңнамаға сәйкес белгіленген режимдiк аумақтар шекарасының шегiнде қолданылады.
Әрбiр нақты ерекше режим объектiсi немесе олардың кешендерi үшiн республикалық және аймақаралық маңызы бар режимдiк аумақтардың арнайы аймақтарының шекараларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, санитарлық, қорғаныш немесе қорғау аймақтарының шекаралары, ерекше режим объектiлерi мен басқа функционалдық аймақтар объектiлерiнiң арасындағы бөлiну параметрлерi, сондай-ақ оларға талаптар (шектеулер, шарттар) өзге де режимдiк аумақтардың немесе ерекше режим объектiлерiнiң мақсатына байланысты мемлекеттiк нормативтермен белгiленедi.
Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн әрбiр нақты сутоған үшiн су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгілеу ережесіне сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар белгiлейдi. <*>
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.13. N 725 қаулысымен.5. Режимдік аумақтардың қолданыстағы аймақтарына жаңадан орналастырылатын объектiлер үшiн оларды жобалауға арналған тапсырма бекiтiлген кезден бастап және салынған объектiлердi пайдалануға бергенге дейiн жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын әзiрлей бастағанда ерекше режим объектілерiнiң мәртебесi белгiленуi мүмкін.
Салынған объектiнiң немесе оның бөлiгiнiң функционалдық мақсатына байланысты объектiнi пайдалануға бергеннен кейiн де ерекше режим объектiсiнiң мәртебесi сақталуы мүмкiн.
6. Құрылыс объектiлерiн орналастыру немесе өзге де қала құрылысын игеру (жайластыру, салу) үшін режимдік аумақтардың аймақтарын пайдалануды жоспарлау пайдаланумен (құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзумен, сондай-ақ кейiннен салынған объектiлердi пайдалануға берумен) тең және:
1) адамның өмiрi мен денсаулығын қорғауға;
2) экологиялық теңгерiмдi сақтауға және экологиялық жағдайды жақсартуға;
3) аумақтарды, суды және өзге де табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға;
4) адам мекендейтiн және тiршiлiк ететiн қолайлы ортаны қалыптастыруға жәрдемдесуге;
5) қорғалатын ландшафтық объектiлердi және мемлекеттiк табиғи-қорық қорының өзге де объектiлерiн қорғауға;
6) тарих және мәдениет ескерткiштерi мен олардың ансамбльдерiн қорғауға;
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасында көзделген құпиялылық режимiн қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралармен (нормативтiк қашықтықтарды толық сақтауды қоса алғанда) қамтамасыз етiлуге тиiс.
7. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнің режимдiк аумақтардың аймақтарын пайдалануы тек қана белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау құжаттамасына сәйкес және берiлген жер телiмiнiң мақсатты пайдаланылуын немесе сервитутын, аумақтарды аймақтарға бөлудi, аумақтық құрылыс салу ережелерiн сақтай отырып, ал қалалар мен қала үлгiсiндегi кенттерде қызыл сызықтарды және құрылыс салуды реттейтін сызықтарды сақтай отырып жүзеге асырылуы мүмкiн.
8. Режимдiк аумақтардың аймақтарын пайдаланудың, сондай-ақ олардың жай-күйiнiң жол берiлетiн кез келген өзгерiстерiнiң қала құрылысы регламенттерi мемлекеттік нормативтерге сәйкес орындалған қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасымен белгіленедi.
Режимдiк аумақтардың аймақтарын пайдаланудың қала құрылысы регламенттерiн белгiлейтiн, белгiленген тәртiппен бекiтiлген құжаттама осы регламенттердiң қолданысын шектейтiн мерзiмдердi анықтауға тиiс.
9. Режимдiк аумақтың аймағында орналастырылатын кез келген объектiнi жобалауға арналған тапсырма бекітілгенге дейiн осы жер телiмi қарауындағы немесе жедел басқаруындағы тиiстi мемлекеттiк органдармен (қызметтермен) келiсiлуге тиiс.
10. Режимдiк аумақтың аймағында орналастырылатын объект бойынша жергiлікті сәулет және қала құрылысы органдарының сәулет-жоспарлау тапсырмасында осы режимдiк аумақты жоспарлау және құрылыс салу кезiнде құрылысқа бөлiнiп берiлген жер телiмiнiң (алаңның, трассаның) функционалдық мақсатына сәйкес белгiленген қала құрылысы регламенттерiнде көзделген талаптар (шарттар, шектеулер) болуға тиiс.
11. Режимдiк аумақтардың аймақтарын қала құрылысы және (немесе) құрылыс мақсаттарына жоспарлаған әрi пайдаланған кезде жол берiлген мемлекеттiк нормативтердiң талаптарын бұзу не олардан ауытқу, сондай-ақ оларға қатысты ерекше режим белгiленген объектiлердi зақымдау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершiлiкке әкеп соғады.