"Еркiн сауда аймағын құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердің импортты лицензиялау ережесi туралы хаттаманы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 15 ақпан N 162

      Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Еркiн сауда аймағын құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң импортты лицензиялау ережесi туралы хаттаманы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Еркін сауда аймағын құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң импортты лицензиялау ережесi туралы хаттаманы бекiту туралы

      2000 жылғы 30 қарашада Минск қаласында жасалған Еркiн сауда аймағын құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң импортты лицензиялау ережесi туралы хаттама бекiтiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Еркiн сауда аймағын құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң импортты лицензиялау Ережесi туралы
ХАТТАМА

      Ресми куәландырылған мәтін

      Бұдан әрi - тараптар деп аталатын, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Үкiметтерi,
      еркiн сауда аймағын құру туралы 1994 жылғы 15 сәуiрдегi келiсiм және еркiн сауда аймағын құру туралы 1994 жылғы 15 сәуiрдегі келiсімге тараптар мемлекеттерiнiң кедендiк аумағында еркiн сауда режимiн қамтамасыз ету бөлiгiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы 1999 жылғы 2 сәуiрдегi хаттама бойынша өздерiнiң мiндеттерiн орындау мақсатында,
      еркiн сауда аймағының тиiмдi жұмыс iстеуі үшін Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларын жақындастыруға ұмтыла отырып, тауарлар импортын лицензиялау рәсiмдерiн тиiмсiз пайдалану өзара сауданың дамуын тежеуi мүмкiн екендiгiн мойындай келiп,
      төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап
Қолданылу аясы

      Осы хаттамамен белгiленген импортты лицензиялау ережесi Тараптардың бiрiнiң кедендiк аумағында жүргізiлетiн және басқа Тараптардың кедендiк аумақтары үшiн арналған тауарлар импортына байланысты туындайтын өзара қатынастарды реттейді.
      Тараптар мемлекеттерiнiң кедендік аумағы олардың ұлттық заңнамаларына сәйкес белгiленеді.

2-бап
Жалпы ережелер

      1. Осы Хаттаманың мақсаты үшін өтiніштің және/немесе лицензияны ресiмдеуге қажеттi өзге құжаттардың негiзiнде тауарлардың белгiлi бiр түрлерiнiң импортына тараптың уәкiлеттi мемлекеттi органының лицензия беруiн көздейтiн, сыртқы сауда қызметiн реттейтiн әкiмшiлiк шара ретiнде белгiленедi.
      2. Тараптардың әрқайсысы импортты лицензиялаудың ережесiн, сондай-ақ оларға енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар туралы ақпарат ұлттық ресми басылымдарда жариялайды және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының атқарушы комитетiне хабарлайды.
      Ресми жарияланым ұлттық заңнамамен және әрбiр Тараптың мемлекетiнiң халықаралық мiндеттерiмен белгiленген мерзiмдерде жүзеге асырылады.
      3. Лицензия беру туралы өтiнiш нысаны және оны берудiң тәртiбi туралы мүмкiндігінше оңайлатылуы және ұлттық заңнаманың талаптарына және импорттаушы тарапты мемлекетінiң халықаралық мiндеттемелерiне сәйкес болуы тиiс.
      Лицензия беру туралы өтiнiш жасаған кезде импорттаушы тараптың мемлекеттiк органы лицензияны ұлттық заңнамаға және импорттаушы Тарапты мемлекетінiң халықаралық мiндеттемелерiне сәйкес тиiсiнше ресiмдеуге қажеттi құжаттар мен ақпаратты талап ете алады.
      4. Осы Хаттаманың шарттары Тараптардан мемлекеттерiнiң ұлттық мүдделерiне қайшы келетiн немесе коммерциялық құпияны сақтауға шаруашылық жүргiзушi субъектілердiң заңды құқықтарын бұзатын жасырын ақпаратты жария етудi талап етпейдi.

3-бап
Тауарлар импортын автоматты лицензиялау

      1. Тауарлар импортын автоматты лицензиялау Тараптар мемлекеттерiнiң кедендiк аумағында тауарлар импортына сандық шектеу немесе рұқсат беру тәртібiн енгізу мақсаттарын көздемейтiн, сыртқы сауда саясатын реттеудiң әкiмшілік шарасы болып табылады.
      Тауарлар импортын автоматты лицензиялау мiндеттi сипатқа ие және кез келген жағдайда жүзеге асырылады. Өтiнiш және/немесе белгiленген тәртіппен мүдделi шаруашылық субъектi ұсынған өзге де құжаттар лицензия алу үшiн негіз болып табылады.
      2. Тауарлар импортын автоматты лицензиялау мынадай қағидаттарды сақтаған кезде жүзеге асырылады:
      а) лицензияланатын тауарлардың импортын шектемеу үшiн тауарлар импортына лицензия алудың рәсiмi барынша оңайлатуы тиiс;
      б) тауарлар импортына лицензия беру туралы өтiнiш және/немесе өзге де қажетті құжаттарды тапсырған және импорттаушы Тараптың нормативтiк-құқықтық кесiмдерiмен көзделген барлық ресмилiктердi орындаған Тараптардың барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi меншiк нысанына қарамастан осындай лицензияны алуға тең құқыққа ие болады;
      в) лицензия беру туралы өтiнiштi және/немесе өзге қажеттi құжаттарды тауарларды кедендік ресiмдеуге дейiн кез келген жұмыс күнi беруге болады;
      г) лицензия барынша кiдiртпестен берiледi, бұл ретте беру мерзiмi өтiнiштi және/немесе белгiленген талаптарға жауап беретiн өзге қажеттi құжаттарды алған күннен бастағанда 15 жұмыс күннен аспауы тиiс.
      3. Тауарлар импорттауын автоматты лицензиялау әзiр оның енгiзiлуiне себепшi болған жағдайлар сақталғанға дейiн қолданылатын уақытша шара болып табылады.

4-бап
Сандық шектеулер немесе рұқсат беру тәртiбiн белгілеу мақсатында тауарлар импортын лицензиялау

      1. Сандық шектеулер немесе рұқсат беру тәртiбiн белгiлеу кезiнде импортты лицензиялау Тараптардың кедендік аумақтарына тауарлар импортының белгілi бiр түрiне сандық шектеу немесе рұқсат беру тәртiбiн белгілеу жағдайында қолданылатын, сыртқы экономикалық қызметті әкімшілік реттеу шарасы болып табылады.
      Сандық шектеулер немесе рұқсат беру тәртiбiн белгілеу кезiнде лицензиялаудың рәсiмi осы Хаттаманың 2 бабына, сондай-ақ осы баптың 2-9-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады және ол енгiзiлiп отырған мақсатына баламалы болуы тиiс.
      2. Импорты сандық шектеудi көздемейтiн лицензиялауды көздемейтiн жағдайында Тараптарға мұндай лицензиялау енгiзудiң себебiн түсiндiретiн ақпарат берiлуi тиiс.
      3. Белгiлi бiр тауармен сауда жасауға мүдделi Тараптың сұрауы бойынша сұрау жасалған Тарап;
      импортты шектеудің қолданылуына;
      импортталатын тауарлардың көрсету арқылы лицензиялардың санына;
      тараптар мемлекеттерiнен импортталатын, лицензияланатын тауардың құны және/немесе көлемi туралы статистикалық деректерге қатысты ақпарат береді.
      4. Сандық шектеудi белгiлеу мақсатында тауарлар импортын лицензиялауды қолданатын Тарап тауарлардың санын және/немесе құнын белгiлейтiн квоталардың жалпы мөлшерiн, квоталардың қолданылуы басталатын және аяқталатын күнiн және олардың кез-келген өзгерiстерiн осы Хаттаманың 2-бабының 2-тармағында белгiленген мерзiмдерде жариялайды.
      5. Квоталарды экспорттаушы мемлекеттердiң арасында бөлген жағдайда импорттық-сандық шектеудi қолданатын Тарап белгiленген квотадағы экспорттаушы мемлекеттердің үлесi туралы басқа мүдделi Тараптарға жедел хабарлайды және осы ақпаратты осы Хаттаманы 2-бабының 2-тармағында белгiленген мерзiмдерде жариялайды.
      6. Тараптардың импорттаушы Тараптың нормативтiк-құқықтық кесiмдерiмен белгiленген талаптарды орындайтын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi меншiк нысанына қарамастан лицензия беру туралы өтiнiш жасауға және осы өтiнiштiң қаралуына тең құқыққа ие болады. Егер лицензия берiлмесе, онда өтiнiш беруге оның себебi хабарланады. Өтiніш берушiнiң импорттаушы тараптың ұлттық мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес мұндай шешiмге шағымдануына немесе қайта қаратуына құқығы бар.
      7. Егер өтiнiштер түсу тәртiбiмен қаралатын болса, онда өтiнiштi қараудың мерзiмi өтiнiштi алған күннен есептегенде 30 жұмыс күнiнен аспауы тиiс.
      Егер барлық өтiнiштер бiр мезгiлде қаралатын болса, онда өтiнiштердi қараудың мерзiмi өтiнiштер қабылдаудың жарияланған мерзiмiнiң аяқталған күнiнен есептегенде 60 жұмыс күнiнен аспауы тиiс.
      8. Лицензияның қолданылу мерзiмi импорт күтпеген қысқа мерзiмдi қажеттiлерді қанағаттандыру үшiн жүзеге асырылатын ерекше жағдайларды есептемегенде импортқа, соның iшiнде импортқа алыстатылған көздерден жасалатындарына кедергi жасамауға жеткiлiктi болуы тиiс.
      9. Квоталарды бөлген кезде лицензияда экспорттаушы мемлекет көрсетiледi. Мұндай бөлу болмаған жағдайда лицензиялардың иелерi импорт көздерiн еркiн таңдай алады.

5-бап
Тараптардың осы Хаттаманы орындау жөнiндегi іс-қимылдарын үйлестiретiн орган

      Осы Хаттаманың орындалу барысын бақылауды және оның орындалуына қатысты кез-келген мәселелер бойынша консультациялар жүргізудi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының атқарушы комитеттерi жүзеге асырады.

6-бап
Хабарландырулар

      1. Лицензиялау рәсiмiн белгiлейтін осы рәсiмге өзгерiстер енгізетiн Тараптар бұл туралы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының комитетiне тиiстi ақпарат жарияланған күннен бастап 60 күннiң iшiнде хабарлайды.
      2. Тауарлар импортын лицензиялаудың ережесi туралы хабарландыру мынадай мәлiметтердi қамтиды:
      автоматты лицензиялауға не сандық шектеулер немесе рұқсат беру тәртібiн белгiлеу мақсатында лицензиялауға жататын тауарлардың тiзбесi;
      өтiніштi және/немесе өзге де қажеттi құжаттарды, сондай-ақ лицензиялау ережесi туралы ақпаратты тапсыратын уәкілеттi мемлекеттiк органның атауы;
      тауарлар импортын лицензиялаудың ережесi жарияланатын ұлттық ресми басылымдардың атауы және жарияланған күнi;
      тауарлар импортын лицензиялауды енгiзудің мақсаты;
      лицензиялауды қолданудың болжамды мерзiмi.
      3. Лицензиялау ережесiне өзгерiстер енгiзу туралы хабарландырулар осы баптың 2-тармағында көрсетiлген мәлiметтердi қамтуы тиiс.
      4. Тараптар осы Хаттаманы 2-бабының 2-тармағында көзделген ақпаратты қамтитын ұлттық ресми басылымдар туралы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының атқарушы комитетiне хабарлайды.
      5. Тараптар осы Хаттамаға қатысты мәселелер жөнiндегi заңдар мен басқа да нормативтiк-құқықтық кесiмдердiң өзгеруi және олардың қолданылуы туралы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының атқарушы комитетiн хабардар етедi. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының атқарушы комитеті алынған ақпаратты жүйеге келтiредi және оны Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге жеткiзедi.

7-бап
Осы Хаттаманың орындалуы

      1. Тараптар осы Хаттаманың күшiне енген күннен бастағанда 12 айдың iшiнде:
      осы Хаттаманы iске асыру үшiн қажеттi шаралар қабылдайды;
      осы Хаттаманың 6-бабының 2-тармағына сәйкес лицензиялаудың қолданылатын режимдерiн көрсете отырып лицензия алатын тауарлардың тiзбесiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының атқарушы комитетіне жiбередi.
      2. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының атқарушы комитетi Тараптарға тауарлар импортына қатысты мәселелер жөнiнде ақпарат алуға жәрдем көрсетеді.

8-бап
Қорытынды ережелер

      1. Осы Хаттама бекiтуге жатады және депозийтариге үш бекiту грамотасын өткiзген күннен бастап күшiне енедi. Оны кешірек бекiткен Тараптардың мемлекеттерi үшiн олардың депозийтариге өздерiнің бекiту грамоталарын тапсырған күннен бастап күшiне енеді.
      2. Тараптардың жалпы келiсiмiмен осы Хаттамаға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Хаттаманың күшiне енуi үшін ресiмге сәйкес жеке Хаттамалармен ресiмделедi.
      3. Осы Хаттаманы қолдануға немесе түсіндіруге байланысты даулы мәселелер консультациялар жолымен шешiледі.
      4. Осы Хаттама оның күшiне енген күнiнен бастап 5 жыл бойы қолданылады. Егер Тараптар өзге шешiм қабылдамаса, осы мерзiм аяқталғанда осы Хаттама әрбiр ретте келесi 5 жыл кезеңге автоматты түрде ұзартылады.
      5. Тараптардың кез-келгенi осы Хаттамаға сәйкес туындаған өзiнiң мiндеттемелерiн алдын-ала реттей отырып, өзiнiң ой-ниетi туралы шығудан кем дегенде 6 ай бұрын депозийтариге жазбаша хабарландыру жiберу арқылы осы Хаттамадан шыға алады.
      6. Осы Хаттама мұндай қосылу туралы тиiстi құжаттарды беру жолымен оның ережесiн мойындайтын басқа мемлекеттердiң қосылуы үшiн ашық.
      7. Осы Хаттама ескертулерге жол бермейдi.
      2000 жылғы 30 қарашада Минск қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқалық данада жасалды. Түпнұсқалық дана Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы атқарушы комитетiнде сақталады, ол осы шешiмге қол қойған әрбiр мемлекетке куәландырылған көшiрмесiн жiбереді.

      Әзiрбайжан Республикасының      Молдова Республикасының
      Үкiметi үшiн                    Үкiметi үшiн

      Армян Республикасының           Ресей Федерациясының
      Үкiметi үшiн                    Үкiметi үшiн

      Беларусь Республикасының        Тәжiкстан Республикасының
      Үкiметi үшiн                    Үкiметi үшiн

      Грузия Үкiметі үшiн             Түркiменстан Республикасы үшiн

      Қазақстан Республикасының       Өзбекстан Республикасының
      Yкіметi үшiн                    Үкiметi үшiн

      Қырғыз Үкiметi үшін             Украина Республикасының
                                      Үкiметi үшін

      Минск-30.11.2000

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады