Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін, Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын акцизделетін тауарларға және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 137
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 4, 56-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
мына:
"________________________________________________________________
Мұнай өңдеу зауыттарының өз 4500 540
өндірісінің бензин (авиациялықтан
басқа) мен дизель отынын көтерме
саудада сатуы
________________________________________________________________
Мұнай өңдеу зауыттарының бензин 5000 600
(авиациялықтан басқа) мен дизель
отынын бөлшек саудада сатуы,
өздерінің өндірістік мұқтаждарына
пайдалануы
________________________________________________________________";
деген жолдарда:
"Мұнай өңдеу зауыттарының" деген сөздер "Өндірушілердің" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі