Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 20 ақпан N 182. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін, Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын акцизделетін тауарларға және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 137 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 4, 56-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
      мына:
"________________________________________________________________
Мұнай өңдеу зауыттарының өз           4500           540
өндірісінің бензин (авиациялықтан
басқа) мен дизель отынын көтерме
саудада сатуы
________________________________________________________________
Мұнай өңдеу зауыттарының бензин       5000           600
(авиациялықтан басқа) мен дизель
отынын бөлшек саудада сатуы,
өздерінің өндірістік мұқтаждарына
пайдалануы
________________________________________________________________";

      деген жолдарда:
      "Мұнай өңдеу зауыттарының" деген сөздер "Өндірушілердің" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады