Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Павлодар облысы бюджетінің кредиторлық берешегін өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 сәуірдегі N 581
қаулысына
:
2-тармақтың үшінші абзацындағы "өтеуді 2003 жылдан бастап 2003-2005 жылдардың ішінде" деген сөздер "өтеуді 2004 жылдан бастап 2004-2010 жылдардың ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Павлодар облысы бюджетінің кредиторлық берешегін өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы N 1239
қаулысына
:
2-тармақтың үшінші абзацындағы "өтеуді 2003 жылдан бастап 2003-2005 жылдардың ішінде" деген сөздер "өтеуді 2004 жылдан бастап 2004-2010 жылдардың ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Павлодар облысының жергілікті атқарушы органымен 2004-2010 жылдардың ішінде келісілген кесте бойынша "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгіленген сыйақы ставкасын қолданып 1414623118 (бір миллиард төрт жүз он төрт миллион алты жүз жиырма үш мың бір жүз он сегіз) теңге мөлшеріндегі берешек сомасын республикалық бюджетке кейіннен өтеу туралы қосымша келісім жасассын.
3. Павлодар облысының әкімі 2004-2010 жылдарға арналған облыстық бюджет жобаларын қалыптастырған кезде осы қаулының 2-тармағында көрсетілген берешек сомасын өтеуге арналған қаражат көздесін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі