Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттiк аграрлық азық-түлiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспары туралы" 2002 жылғы 2 тамыздағы N 864 және "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 1379 қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Лизингтiк негiзде ауыл шаруашылық техникасымен қамтамасыз етуге кредит беру және сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесi;
2) Лизингтік негiзде ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу жөнiндегi кәсiпорындарды жабдықтармен қамтамасыз етуге кредит беру және сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесi;
3) Ауылдық кредит серiктестiктерi жүйесi арқылы ауыл шаруашылық өндiрiсiне кредит беру ережесi;
4) Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу жөнiндегi кәсiпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға екiншi деңгейдегi банктер беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесi бекiтiлсiн.
2. 2003 жылға арналған республикалық бюджетте 088 "Мал шаруашылығы өнiмiн өндiруге және оны сатып алуға кредит беру" бағдарламасы бойынша көзделген 1 500 000 000 (бip миллиард бес жүз миллион) теңге сомасындағы бюджеттiк кредит мерзiмдiлiк, ақылылық, қамтамасыз етiлу және қайтарымдылық шарттарында бес жыл мерзiмге "Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген сыйақының тiркелмеген (құбылмалы) ставкасы бойынша берiледi деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен аталған кредиттi "Мал өнiмдерi корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамына берудi қамтамасыз етсiн, сондай-ақ осы қаулыны орындау жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2003 жылғы 18 наурыздағы
N 259 қаулысымен
бекiтiлген
Лизингтiк негiзде ауыл шаруашылық техникасымен қамтамасыз
етуге 2003 жылға кредит беру және сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесi
Ескерту. Тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.11.16. N 1204 қаулысымен .
1. Осы Ереже 2003 жылға арналған республикалық бюджетте 085 "Лизингтiк негiзде ауыл шаруашылық техникасымен қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 3776811000 (үш миллиард жетi жүз жетпiс алты миллион сегiз жүз он бiр мың) теңге сомасында (бұдан әрi - Қаражат) кредит беру және олар бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу тәртiбi мен шарттарын анықтайды. <*>
Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.09.29. N 998
қаулысымен
.
2. Қаражат заңнамада белгiленген тәртiппен мерзiмдiлiк, ақылылық, қамтамасыз етiлу және қайтарымдылық шарттарында 7 (жетi) жыл мерзiмге сыйақының жылдық 7,33 %-ына тең тiркелген ставкасы бойынша республикалық бюджеттен бөлiнедi.
Көрсетiлген сыйақы ставкасы осы Ереженiң 3-бөлiмiнде белгiленген тәртiппен республикалық бюджет қаражаты есебiнен толық өтеледi және ол өтелген жағдайда қосып есептеледi.
3. Қаражат кейiннен әртүрлi лизинг түрлерiне берiлуге жататын ауыл шаруашылығы техникасын (бұдан әрi - Техника) сатып алу, Техника сатып алуға байланысты шығындарды өтеу және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Техникаға арналған лизинг шарттарына сәйкес бюджетке төлеуге жататын қосылған құн салығын төлеу үшiн бөлiнедi.
4. Қаражат бөлу екiншi деңгейдегi банкке немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымға (бұдан әрi - Қарыз алушы) кредит беру жолымен жүргiзiледi.
Қарыз алушы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiне сәйкес анықталады.
5. Қаражат бөлу үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi (бұдан әрi - Кредитор) Қарыз алушымен және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен (бұдан әрi - Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi) бiрлесiп, осы Ережеге сәйкес республикалық бюджеттен Қаражат бөлудiң және оны қайтарудың тәртiбiн, Қарыз алушының мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз етудiң тәсiлдерiн және өзге де шарттарды анықтайтын қарыз шарттарын (бұдан әрi - Кредиттiк келiсiмдер) жасасады.
6. Қарыз алушы Қаражатты мақсатты пайдалануды және оны республикалық бюджетке уақтылы қайтаруды жүзеге асырады.
7. Кейiннен Қарыз алушыға беру үшiн Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсiне республикалық бюджеттен Қаражат бөлу Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң өтiнiмi негiзiнде бiрыңғай траншпен жүзеге асырылады.
8. Қарыз алушы Кредиттiк келiсiмдерде белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi мен Кредиторға растаушы құжаттардың көшiрмелерiн қоса бере отырып, бөлiнген Қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп бередi.
9. Қарыз алушы сатып алатын Техниканың номенклатурасы мен көлемiн сатып алу сәтiне жасалған лизинг шарттарының негiзiнде Қарыз алушы анықтайды.
10. Сыйақы ставкасын өтеу 2004 жылдан бастап осы мақсаттарға тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен жүргiзiледi.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.11.16. N 1204
қаулысымен
.
11. Сыйақы ставкасын өтеудi Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi осы Ереженiң 12-тармағына сәйкес Қарыз алушы жұмсаған шығыстарды Қарыз алушыға өтеу жолымен жүргiзедi.
12. Сыйақы ставкасын өтеу үшiн Қарыз алушы Кредиттiк келiсiмдердiң шарттарында республикалық бюджет кiрiсiне Кредитордың сыйақысын немесе кредиттi өтеудi ескере отырып, оның бiр бөлiгiн төлеген сәтте Кредиттiк келiсiмдерге сәйкес игерiлген оның бiр бөлiгiн төлеудi қамтамасыз етедi. Осы Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген сыйақы ставкасын толық өтеу үшiн жеткiлiктi сомадағы қаражат республикалық бюджетте көзделмеген жағдайда, Қарыз алушы Кредитордың сыйақысын немесе оның бiр бөлiгiн төлеуден босатылады.
13. Осы Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген Кредитордың сыйақы ставкасы түпкi қарыз алушыларға (лизинг алушыларға) кредит (лизинг) берген кезде Қарыз алушы өз пайдасына алатын сыйақы (мүдде) ставкасының құрамына енгiзiлмейдi.
14. Сыйақы ставкасын өтеу Қарыз алушыға республикалық бюджеттен субсидия төлеу жолымен, осы Ереженiң 12-тармағына сәйкес Қарыз алушы жүргiзетiн Кредитордың сыйақысын төлеу сомасына тең көлемде, Кредитордың тиiстi сыйақысын немесе Кредиттiк келiсiмдер бойынша оның бiр бөлiгiн Қарыз алушының республикалық бюджеттiң кiрiсiне төлеу фактiсiн растайтын құжаттарды Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсiне берген сәттен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.
15. Кредитор Қаражаттың игерiлуiн, мақсатты пайдаланылуын, республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын және сыйақы ставкасының өтелуiн бақылауды жүзеге асырады.
16. Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi Қарыз алушының Қаражатты мақсатты пайдалануын және республикалық бюджетке уақтылы қайтаруын қамтамасыз етедi.
Осы мақсатта Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi Қарыз алушы сатып алатын Техниканың номенклатурасы мен көлемiн, Қарыз алушының лизинг бойынша сыйақы мөлшерiн және лизингтің мерзiмдерiн келiседi.
17. Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 10-күнiне дейiн Қарыз алушы Кредитордың сыйақысын республикалық бюджетке аударғаны туралы және Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң сыйақы ставкасын өтегенi туралы Кредиторға ақпарат жолдайды.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2003 жылғы 18 наурыздағы
N 259 қаулысымен
бекiтiлген
Лизингтiк негiзде ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу
жөнiндегi кәсiпорындарды жабдықтармен қамтамасыз етуге
кредит беру және сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу
ЕРЕЖЕСI
1. Осы Ереже 2003 жылға арналған республикалық бюджетте 802 "Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу жөнiндегi кәсiпорындар үшiн жабдықтар лизингi" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 500 000 000 (бec жүз миллион) теңге сомасында кредит беру (бұдан әрi - Қаражат) және олар бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу тәртiбi мен шарттарын анықтайды.
2. Лизингтiк негiзде ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта
өңдеу жөнiндегi кәсiпорындарды жабдықтармен қамтамасыз
етуге кредит беру тәртiбi
2. Қаражат заңнамада белгiленген тәртiппен мерзiмдiлiк, қамтамасыз етiлу, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында 7 (жетi) жыл мерзiмге Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiне сәйкес белгiленген ставка бойынша бөлiнедi.
Қаражат бөлу үшiн Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Бағдарламаның әкiмшiсi) екiншi деңгейдегi банктер немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдар (бұдан әрi - Қарыз алушы) арасында мынадай кiшi салалар бойынша конкурс өткiзедi:
1) сүт өңдеу;
2) ет өңдеу;
3) көкөнiстердi, жемiстердi және жүзiмдi өңдеу.
Қарыз алушылар Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiне сәйкес анықталады.
3. Қаражат кейiннен лизингке беруге жататын ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдеу жөнiндегi кәсiпорындарға (бұдан әрi - Түпкi қарыз алушылар) технологиялық жабдықты (бұдан әрi - Жабдық) сатып aлу, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жабдықты лизингке
беру кезiнде бюджетке төлеуге жататын қосылған құн салығын төлеу және Түпкi қарыз алушыға кеден төлемдерiн қоса алғанда, Жабдықты сатып алу мен жеткiзуге байланысты шығындарды өтеу үшiн берiледi.
4. Қарыз алушылар Қазақстан Республикасының заңнамасына Қарыз алушымен жасалған кредиттiк келiсiмге және Қарыз алушының iшкi кредит саясатына сәйкес Түпкi қарыз алушыны дербес анықтайды. Бұл ретте жарғылық капиталында Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң үлесi кемiнде 51%-ды құрайтын, Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген отандық ауыл шаруашылығы шикiзатын пайдаланатын ұйымдар Түпкi қарыз алушылар болады.
5. Кейiннен Қарыз алушыларға беру үшiн Бағдарламаның әкiмшiсiне республикалық бюджеттен Қаражат бөлу Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi (бұдан әрi - Қаржыминi), Бағдарламаның әкiмшiсi және Қарыз алушылар арасында жасалған Кредиттiк келiсiмдерге сәйкес белгiленген тәртiппен мынадай құжаттар негiзiнде жүзеге асырылады:
1) Түпкi қарыз алушыларға кейiннен лизингке беруге жататын Жабдықты сатып алу мақсатында Қаражат бөлу кезiнде - Жабдықты жеткiзуге арналған шарттардың көшiрмелерiн қоса бере отырып, Бағдарлама әкiмшiсiнiң өтiнiмдерi;
2) кедендiк төлемдердi қоса алғанда, Түпкi қарыз алушыларға Жабдықты сатып алу мен жеткiзуге байланысты шығындарды өтеу мақсатында Қаражат бөлу кезiнде - Жабдықты сатып алу мен жеткiзуге байланысты Қарыз алушының шығындарын жүзеге асыруды растайтын құжаттардың көшiрмелерiн қоса бере отырып, Бағдарлама әкiмшiсiнiң өтiнiмдерi;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жабдықты лизингке беру кезiнде бюджетке төлеуге жататын қосылған құн салығын төлеу мақсатында Қаражат бөлу кезiнде - Бағдарлама әкiмшiсiнiң өтiнiмдерi.
6. Қарыз алушылар Қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етедi және Қаржыминi, Бағдарламаның әкiмшiсi мен Қарыз алушы арасында жасалған Кредиттiк келiсiмдерге сәйкес республикалық бюджетке уақтылы қайтаруды жүзеге асырады.
7. Қаражатты игеру қаржы жылы iшiнде жүзеге асырылады, 2003 жылғы 25 желтоқсанға дейiн игерiлмеген сомалар 2 күнтiзбелiк күн ішiнде республикалық бюджетке қайтарылады.
8. Сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу 2003 жылға және келесi жылдарға арналған республикалық бюджетте 716 "Ауыл шаруашылық өнiмдерiн қайта өңдейтiн кәсiпорындар үшiн жабдықтар лизингi бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
Лизинг бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеуге қаражат бөлу үшiн Қарыз алушылар бip жолғы немесе бөлек-бөлек, соның iшiнде сыйақыны немесе Кредиттiк келiсiмдерге сәйкес кредиттердiң бiр бөлiгiн төлеу сәтiнде игерiлген оның бiр бөлiгiн оларды жыл сайын өтеудi ескере отырып, республикалық бюджеттiң кiрiсiне мерзiмiнен бұрын төлеудi қамтамасыз етедi.
9. Бағдарламаның әкiмшiсi Қарыз алушыларға сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу үшiн қаражат бөлудi республикалық бюджеттен субсидиялар төлеу жолымен, осы Ереженiң 8-тармағына сәйкес Қарыз алушылар төлейтiн сыйақы сомасына тең көлемде Кредиттiк келiсiмдер бойынша республикалық бюджеттiң кiрiсiне Қарыз алушылардың тиiстi сыйақыны немесе оның бiр бөлiгiн төлеу фактiсiн растайтын құжаттарды Бағдарламаның әкiмшiсiне берген сәттен бастап 5 жұмыс күнiнiң iшiнде жүргiзiледi.
10. Қаражат пен сыйақы (мүдде) ставкасын өтеудiң игерiлуiн, мақсатты пайдаланылуын, республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды Қаржыминi жүзеге асырады.
11. Қарыз алушының Қаражатты мақсатты пайдалануын және республикалық бюджетке уақтылы қайтаруын Бағдарламаның әкiмшiсi қамтамасыз етедi.
12. Бағдарламаның әкiмшiсi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-күнiне дейiнгi мерзiмде Қарыз алушының республикалық бюджетке Қаржыминiнiң сыйақысын аударғаны туралы және Бағдарлама әкiмшiсiнiң сыйақы (мүдде) ставкасын өтегенi туралы ақпаратты Қаржыминiне жолдайды.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2003 жылғы 18 наурыздағы
N 259 қаулысымен
бекiтiлген
Ауылдық кредит серiктестiктерi жүйесi арқылы
ауыл шаруашылық өндiрiсiне кредит беру
ережесi
1. Осы Ереже 2003 жылға арналған республикалық бюджетте 087 "Ауылдық кредит серiктестiктерi жүйесi арқылы ауыл шаруашылық өндiрiсiне кредит беру" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 1446600000 (бiр миллиард төрт жүз қырық алты миллион алты жүз мың) теңге сомасында (бұдан әрi - Қаражат) кредит беру тәртiбi мен шарттарын анықтайды. <*>
Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.09.29. N 998
қаулысымен
.
2. Қаражат заңнамада белгiленген тәртiппен мерзiмдiлiк, ақылылық, қамтамасыз етiлу және қайтарымдылық шарттарында 7 (жетi) жыл мерзiмге жылдық 0,5 пайызға тең сыйақының тiркелген ставкасы бойынша республикалық бюджеттен бөлiнедi.
4. Қаражат бөлу екiншi деңгейдегi банкке немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымға (бұдан әрi - Қарыз алушы) кредит беру жолымен жүргiзiледi.
Қарыз алушы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiне сәйкес анықталады.
5. Қаражат бөлу үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi (бұдан әрi - Кредитор) Қарыз алушымен және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен (бұдан әрi - Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi) бiрлесiп, республикалық бюджеттен Қаражат бөлудiң және оны осы Ережеге сәйкес қайтарудың тәртiбi, Қарыз алушының мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз етудiң тәсiлдерi мен өзге де шарттар анықталатын қарыз шартын (бұдан әрi - Кредиттiк келiсiм) жасайды. Бұл ретте, Қаражаттың республикалық бюджетке қайтарымдылығын қамтамасыз ету Қарыз алушы мен Серiктестiктер арасында жасалған кредиттiк шарттар бойынша талап ету құқығын кепiлге салу шарттары болып табылуы мүмкiн.
6. Қарыз алушы Серiктестiктерге Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қарыз алушының iшкi кредит саясатына сәйкес мерзiмдiлiк, ақылылық, қамтамасыз етiлу және қайтарымдылық шарттарында кредит берудi, сондай-ақ Қаражатты мақсатты пайдалануды және оны республикалық бюджетке уақтылы қайтаруды жүзеге асырады.
7. Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiне кейiннен Қарыз алушыға беруi үшiн республикалық бюджеттен Қаражат бөлу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттің атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiне сәйкес Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң өтiнiмi негiзiнде жүзеге асырылады. <*>
Ескерту. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.09.29. N 998
қаулысымен
.
8. Қарыз алушы Кредиттiк келiсiмдермен анықталған тәртiппен және мерзiмдерде Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi мен Кредиторға растайтын құжаттардың көшiрмелерiн қоса бере отырып, бөлiнген Қаражаттың пайдаланылуы туралы және түпкi қарыз алушылардан төлемдердiң түсуi туралы есептер бередi.
9. Кредитор Қаражаттың игерiлуiн, мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды жүзеге асырады.
10. Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi Қарыз алушының Қаражатты мақсатты пайдалануын және республикалық бюджетке уақтылы қайтаруын қамтамасыз етедi.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2003 жылғы 18 наурыздағы
N 259 қаулысымен
бекiтiлген
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға
олардың айналымды қаражатын толықтыруға екiншi деңгейдегi
банктер беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде)
ставкасын субсидиялау
ЕРЕЖЕСІ
1. Осы Ереже 2003 жылға арналған республикалық бюджетте 717 "Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға олардың айналымды қаражатын толықтыруға екiншi деңгейдегi банктер беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау" бюджеттiк бағдарламасы бойынша көзделген 395 000 000 (үш жүз тоқсан бес миллион) теңге сомасында қаражат есебiнен жүзеге асырылатын өндiрiстiк мақсаттар үшiн ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға (бұдан әрi - Қарыз алушы) олардың айналымды қаражатын толықтыруға екiншi деңгейдегi банктер (бұдан әрi - Банктер) беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау тәртiбi мен шарттарын анықтайды.
2. Осы бағдарламаны iске асыру өндiрiстiк мақсаттар үшiн Қарыз алушыларға айналымды қаражатын толықтыруға Банктер беретiн кредиттердiң пайыздық ставкалары бойынша Банктерге Қарыз алушылар төлейтiн төлем сомасын iшiнара арзандатуға бағытталған.
3. Республикалық бюджеттен берiлетiн субсидиялау сомасы Қарыз алушыға Банк беретiн кредиттiң пайыздық ставкасының 80%-ына дейiн құрайды. Бұл ретте, кредиттiң пайыздық ставкасының субсидияланатын бөлiгiнiң үлесi барлық Қарыз алушылар үшiн бiрдей болуы тиiс. <*>
Қарыз алушы Банкке банк кредитiнiң белгiлеген пайыздық ставкасы мен республикалық бюджеттен субсидияланатын сома арасындағы айырманы дербес өз қаражатынан төлейдi.
Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.09.29. N 996
қаулысымен
.
4. Келесi қаржы жылына өтетiн шарттық мiндеттемелер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялауды Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Бағдарламаның әкiмшiсi) осы мақсаттар үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
5. Пайыздық ставканы субсидиялауға арналған қаражатты Бағдарламаның әкiмшiсi Қарыз алушыға Банк беретiн кредиттер бойынша мынадай кiшi салалар (лоттар) бойынша бөледi:
1) ет өңдеу;
2) сүт өңдеу;
3) терi шикiзатын және жүн өңдеу;
4) жемiс-жидектердi, көкөнiстердi өңдеу және жемiс-көкөнiс консервiлерiн, балаларға арналған тамақ өндiру;
5) майлы дақылдарды өңдеу және өсімдік майын өндiру. <*> Балдық бағалау негiзiнде әр лоттағы банктердiң үлесi Қарыз алушыларға берiлетiн кредиттер бойынша пайыздық ставканың ең төменгi деңгей критерийi бойынша анықталады.
Осы Ереженiң 6-тармағының 1) тармақшасында көзделген ең жоғары пайыздық ставка бойынша кредиттер берген Банктерге 1 балл берiледi. Төменгi пайыздық ставка бойынша кредиттер берген Банктерге төмендетiлген пайыздық ставканың әрбiр 1 пайызы үшiн балл 0,2-ге ұлғайтылады. Лот бойынша пайыздық ставканы субсидиялау сомасы Банктер арасында Банктер алған балдар бойынша тепе-тең бөлiнедi.
Ескерту. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.09.29. N 996
қаулысымен
.
6. Бағдарламаның әкiмшiсi бюджеттiк бағдарламаны iске асыруға қатысушы Банктердi мынадай талаптарға сәйкес анықтайды:
1) Қарыз алушыға берiлетiн банктiк кредит пайыздық ставканың деңгейi 2003 жылғы 1 қаңтарға белгiленген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ставкасының 2,5 есесiнен аспауы тиiс;
2) Банк пен Қарыз алушы арасында кредит алуға арналған алдын ала шарттарды, Қарыз алушының қысқаша суреттемесiн, жобаның қысқаша суреттемесiн және шикiзат сатып алуға алдын ала шарттарды қамтитын Қарыз алушылардың өтiнiмдерiнен қалыптастырылған портфельдiң болуы;
3) Банктiң ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу жөнiндегi кәсiпорындармен ұтымды жұмыс iстеу тәжiрибесi;
4) бұрын республикалық және/немесе жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен алынған кредиттер бойынша берешектiң болмауы;
5) iрiктеу өткiзiлетiн күннiң алдындағы соңғы үш ай iшiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң пруденциалдық нормативтерiн сақтау;
6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген жарғылық және меншiктi капиталдардың ең төменгі мөлшерiнiң лимиттерiн сақтау;
7) филиалдық және/немесе корреспонденттiк желiлердiң болуы.
Көрсетiлген талаптарға сәйкес келмеу бағдарламаларды iске асыруға Банктердi қатыстырмауға негiз болып табылады.
7. Банктер олардың осы Ереженiң 6-тармағында көзделген талаптарға сәйкестiгін растау ретiнде растаушы құжаттарды ұсынады.
8. Банктер Қарыз алушыларды мына талаптарды негiзге ала отырып, дербес анықтайды:
1) Қазақстан Республикасының резидентi;
2) Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығы, бюджетке төленетiн салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдер бойынша, сондай-ақ бұрын Банк берген кредиттер бойынша берешектiң болмауы;
3) негiзделген бизнес-жобаның болуы;
4) өнеркәсiптiк технологиялар мен жабдықтарды пайдалануы;
5) ұсынылған өнiмдi өндiруге өткiзу нарығының болуы және сыйымдылығы;
6) отандық тауар өндiрушiден өндiрiстiк мақсаттар үшiн қажеттi ауыл шаруашылығы шикiзатын сатып алу.
9. Iрiктеудiң қорытындылары бойынша 10 күнтiзбелiк күн iшiнде Бағдарламаның әкiмшiсi мен Банктер арасында қаражат аудару тәртiбi мен шарттарын, тараптардың жауапкершiлiгiн, Қарыз алушылардың тiзбесiн және өзге де шарттарды көздейтiн шарттар жасалады.
Ескерту. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.09.29. N 996
қаулысымен
.
10. Қарыз алушы осы Ережеге сәйкес банкке сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау жүзеге асырылатын бiр ғана кредит алуды есептеуге құқылы.
11. Банктер тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 10-күнiнен кешіктiрмей, Бағдарламаның әкiмшiсiне республикалық бюджеттен Банктiң есептiк шотына қаражат аударуға өтiнiмдi және Қарыз алушылардың субсидия мөлшерiне төмендетiлген сыйақы (мүдде) ставкасын төлегенiн растайтын құжаттарды бередi.
Бағдарламаның әкiмшiсiне қаражат бөлу кейiннен оларды Банктiң eceптік шотына аудару үшiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832
қаулысымен
бекiтiлген Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.
12. Қарыз алушы Банкке кредиттiң пайыздық ставкасы бойынша төлемдер төлеу жөнiндегi мiндеттемелердi мерзiмiнен бұрын тоқтатқан немесе осы Ереженiң 3-тармағында көзделген кредит бойынша мiндеттемелердi орындамаған жағдайда, Банк бес күнтiзбелiк күн iшiнде ол туралы Бағдарламаның әкiмшiсiне хабарлауға мiндеттi. Қарыз алушы төлемдердi тоқтатқан немесе Банк алдындағы мiндеттемелерiн орындамаған сәттен бастап Қарыз алушыға Банк берген кредиттiң пайыздық ставкасының бiр бөлiгiн республикалық бюджеттен субсидиялау тоқтатылады.
13. Банктер бюджет қаражатын мақсатты пайдаланбағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес жауапкершiлiк жүктейдi.