Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 26 мамырдағы N 434 қаулысына өзгерiстер енгізу және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 наурыздағы N 288 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі N 1411 Қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 5 маусымдағы N 889 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 26 мамырдағы N 434 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалардың тiзбесiнде:
      10-1 және 13-тармақтар алынып тасталсын.

      2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 
2003 жылғы 21 наурыздағы N 288  
қаулысына қосымша         

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi
жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi 1999-2003 жылдар кезеңiне арналған бағдарламаны бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 9 наурыздағы N 215 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 8, 60-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 9 наурыздағы N 215 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 9 желтоқсандағы N 1886 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 54, 536-құжат).

      3. "Ауыл шаруашылығы дақылдарының аса қауiптi зиянкестерi мен ауруларының жаппай көбеюi мен таралуының алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi республикалық бағдарлама туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 22 мамырдағы N 772 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 23, 269-құжат).

      4. "Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң, жануарлар мен микроорганизмдердiң гендiк қорын сақтаудың, дамыту мен пайдаланудың 2001-2005 жылдарға арналған" республикалық мақсатты бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 1 тамыздағы N 1167 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 32-33, 398-құжат).

      5. "Қазақстан аймақтары бойынша 2001-2005 жылдары ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндіруді, қайта өңдеудi және сақтауды ғылыми қамтамасыз ету" салалық ғылыми-техникалық бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi N 1378 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 40, 466-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 9 наурыздағы N 215 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 29 қарашадағы N 1546 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 41-42, 530-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады