Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Германия Федеративтiк Республикасының Федеральдық қорғаныс министрлігі арасындағы Германия Федеративтiк Республикасының Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қажеттілігі үшін медициналық мүліктерді өтеусiз беруі туралы келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі N 412 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Германия Федеративтік Республикасының Федеральдық қорғаныс министрлiгi арасындағы Германия Федеративтiк Республикасының Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің қажеттілігі үшiн медициналық мүлiктердi өтеусiз беру туралы келiсiмге қол қоюға келiсiм берiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Германия Федеративтiк Республикасының Федералдық Республикасының қорғаныс министрлігі арасындағы Германия Федеративтiк Республикасының Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мұқтажы үшін медициналық мүлікті өтеусiз бeру туралы
КЕЛIСIМ

      Бұдан әрi қазақстан Тарапы деп аталатын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және бұдан әрi герман Тарапы деп аталатын Германия Федеративтiк Республикасының Федералдық қорғаныс министрлiгi осы Келiсiмді жасасты және төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап
Келісімнің мәнi

      1. Герман Тарапы қазақстан Тарабына осы Келiсiмнің қосымшасына сәйкес өтеусiз көмек ретiнде Бундесвер қорларынан медициналық мүлiктi өтеусiз негiзде бередi.
      2. Герман Тарапынан берiлу медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар Қазақстан Республикасының аумағында медициналық қолдануға рұқсат ету мақсатында қазақстан Тарапынан тiркелген болуы тиiс.

2-бап
Тапсыру және орындау орны, жөнелту, алушы

      1. Медициналық мүлiк Лорх Бас әскери-медициналық қоймасында (ГФР, Лорх-Райнгау қаласы) жөнелтуге дайын болады. Осы Келiсiмді орындау мақсатында берiлетiн медициналық мүлiк үшiн жеткiзу пунктi Орталық медициналық қоймасы (Қазақстан Республикасы, Алматы облысының Қапшағай қаласы) болып табылады.
      2. Жеткiзу Incoterms-2000: "CPT - тасымалдау төлендi, Алматы/Қазақстан" деген шартқа сәйкес жүргiзiледi.
      3. Медициналық мүлiктi алуды Тараптар Қабылдау-беру актiсiне қол қоюмен растайтын болады.
      4. Егер мүлік, оны жөнелту әзiрлiгi туралы хабарламадан кейiн алты ай iшінде қазақстан Тарапынан болатын себептер бойынша жеткiзiлмеген жағдайда, герман Тарапы өзiнiң қалауы бойынша оны одан әрi пайдалануды айқындайды. Бұл жағдайда герман Тарапы мүлiктi ауыстыруды және залалдың орнын толтыруды жүргiзбейдi.
      5. Медициналық мүлiктiң алушысы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігi болып табылады.

3-бап
Тасымалдау

      1. Осы Келiсiмнiң қосымшасында көрсетiлген медициналық мүлiкті жөнелту пунктiнен жеткiзу пунктiне дейiн тасымалдауды герман Тарапы жүзеге асыратын болады.
      2. Германия Федеративтiк Республикасынан Қазақстан Республикасына медициналық мүлiктiң экспортын ресiмдеудi герман Тарапы жүзеге асырады.
      3. Тауарға iлестiру құжаттарында осы Келiсiмге сiлтеме болуы тиiс.

4-бап
Меншіктiң ауысуы, тәуекел, өтемақы және жауапты болу

      1. Медициналық мүлiктi берген және Тараптар тиiстi Қабылдау-беру актiсiне қол қойған сәттен бастап мүлiкке иелiк ету және тәуекел құқығы осы Келiсiмнің 2-бабының 2-тармағында көрсетiлген жеткiзiп беру шартына қарамастан қазақстан Тарапына көшедi. Бұл peттe, қазақстан Тарапы қандай да бiр өтемақыны талап етпейтiн болады.
      2. Берiлетiн медициналық мүлiк берiлу кезінде пайдалану мен қолдануға жарамды болуы керек.
      3. Медициналық мүлiктi бергеннен кейiн герман Тарапы оны тасымалдау, сақтау немесе қолдану салдарынан мүлiкке келтiрiлуі мүмкiн залал үшiн жауапты болмайды.
      4. Егер осы Келiсiмді iске асыру барысында берiлетін мүлiкке үшiншi тарап залал келтiрген жағдайда қазақстан Тарапы герман Тарапын кез келген жауаптылықтан босатады.
      5. 4-тармақтың ережесi герман Тарапы немесе оның қызметкерi берiлетiн мүлiкке өрескел немқұрайдылықпен немесе қасақана залал келтiрген жағдайда қолданылмайды.

5-бап
Шығыстар

      1. Осы Келiсiмнің қосымшасында көрсетiлген медициналық мүлiктi осы Келiсiмнің 2-бабының 2-тармағына сәйкес "CPT - тасымалдауға төлендi, Алматы/Қазақстан" деген жеткiзу шартына сәйкес туындайтын Қазақстан Республикасының шекарасына дейiн жеткiзуге байланысты (дайындық, сақтау, тиеу, тасымалдау шығыстары және жүру бағытында күтпеген басқа да шығыстар) барлық шығыстар герман Тарапына жүктеледі.
      2. Осы Келiсiмнің қосымшасында көрсетiлген медициналық мүлiктi Қазақстан Республикасының аумағында кедендік ресiмдеудi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазақстан Тарапы жүргізеді.

6-бап
Соңғы қолдану

      1. Қазақстан Тарапы алынған медициналық мүлiкті герман Тарапының алдын ала жазбаша келiсуінсiз үшiншi тарапқа қолдануға бермеуге міндеттенедi.
      2. Герман Тарапы үшінші тарапқа беруге келiсiм берген жағдайда қазақстан Тарапы осыған ұқсас міндеттеменi осындай үшiншi тарапқа жүктеуге міндеттенедi.

7-бап
Келiспеушiлiктерді реттеу

      Осы Келiсiмнің ережелерiн орындау және түсіндiру кезiнде келiспеушілiктер туындаған жағдайда Тараптар оларды келiссөздер және консультациялар жолымен шешедi.

8-бап
Қорытынды ережелер

      1. Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге осы Келiсiмнің ажырамас бөлiгi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресімделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілуi мүмкiн.
      2. Осы Келiсiмге қосымша Келiсiмнің ажырамас құрамдас бөлiгi болып табылады.

9-бап
Күшiне ену

      Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      200 жылғы "____"________ ________ қаласында екi түпнұсқалық данада қазақ, немiс және орыс тілдерінде жасалды.
      Осы Келiсiмнің ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

      Қазақстан Республикасының      Германия Федеративтiк
      Қорғаныс министрлігі үшін    Республикасының Федералдық
                                    Қорғаныс министрлігі үшін

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Германия Федеративтiк Республикасының Федеральдық қорғаныс министрлiгi арасындағы Германия Федеративтiк Республикасының Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мұқтажы үшін медициналық мүлiктi өтеусiз беру туралы келiсiмге
ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне өтеусiз негiзде берiлетiн Бундесвер медициналық мүлкiнің
ТIЗБЕСI

_______________________________________________________________
Р/с         Заттардың атауы                 Саны
N
_______________________________________________________________
1.  Далалық электрокардиограф             5 жиынтық
2.  ЭКГ-ны тiркеу үшiн қағаз              20 оралым
3.  Керек-жарақтармен жарық беретiн         4 дана
    аспаптар
4.  Хирургиялық құрал-саймандар,          2 жиынтық
    лапароскопия
5.  Yлкен далалық автоклав                2 жиынтық
6.  Стоматологиялық аспап                 2 жиынтық
7.  Хирургиялық құрал-саймандар,          2 жиынтық
    трахеотомия
8.  Жалпы емдеу үшiн, стоматологиялық     2 жиынтық
    жабдық, далалық 4 жәшiкте
9.  Құрал-саймандар                       1 жиынтық
10. Қанға арналған тоңазытқыш,            1 дана
    520-түрi
_______________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады