Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасы Қарулы Кұштерiнiң құрылымын одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі N 418 қаулысы

      Қазақстан Республикасының қорғаныс қабiлетiн нығайту, Қарулы Күштердiң құрылымын жетiлдiру және қызметiн ұйымдастыру, әскери басқару жүйесiн қазiргi заманғы әскери-саяси және экономикалық талаптарға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің құрылымын одан әpi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнің қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымын одан әрi жетілдіру жөнiндегi шаралар туралы

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сәуiрдегi Заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының қорғаныс қабiлетiн нығайту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің мынадай құрылымы бекiтiлсiн:
      1) Қарулы Күштерге басшылық жасаудың жоғары әскери-саяси органы - соғыс кезiнде Қарулы Күштердің бүкiл қызметiне жалпы басшылық жасауды және Штабтар бастықтарының комитетi арқылы оларды басқаруды жүзеге асыратын Жоғарғы Бас Қолбасшылық (Жоғарғы Бас Қолбасшылықтың Ставкасы);
      2) басқару органдары:
      стратегиялық - орталық атқарушы (Қорғаныс министрлiгi) және ведомство (Штабтар бастықтарының комитетi);
      жедел-стратегиялық - Қарулы Күштер түрлерi бас қолбасшыларының және Қарулы Күштер әскер тектерi қолбасшыларының басқармалары;
      жедел-аумақтық - өңiрлiк қолбасшылықтар басқармалары;
      жедел-тактикалық - Қарулы Күштер түрлерiнiң, әскер тектерi бастықтарының басқармалары;
      тактикалық - құрамалар мен әскери бөлiмдердiң басқармалары;
      жергілiктi - облыстардың қорғаныс iсi жөнiндегі департаменттерi (басқармалары және аудандар мен қалалардың бөлiмдерi);
      3) Қарулы Күштер түрлерi:
      басқару органдары, өңірлiк қолбасшылық, әскер тектерi, арнайы әскерлер, тыл, әскери оқу орындары, оқу және резервтiк бөлiмдер құрамындағы Құрлық әскерлерi;
      басқару органдары, әскер тектерi, арнайы әскерлер, тыл, әскери оқу орындары, оқу және резервтiк бөлiктер құрамындағы Әуе қорғанысы күштерi;
      басқару органдары, әскер тектерi, арнайы әскерлер, тыл, әскери оқу орындары және оқу бөлiмдерi құрамындағы Әскери теңiз күштері;
      4) Қарулы Күштер әскер тектерi:
      басқару органдары, құрамалар мен бөлімдер құрамындағы Аэроұтқыр әскерлер;
      басқару органдары, құрамалар мен бөлiмдер құрамындағы Ракета әскерлерi мен артиллерия;
      5) басқару органдары, құрамалар, жедел, жауынгерлiк және техникалық қамтамасыз ету бөлiмдерi мен мекемелерi құрамындағы Арнайы әскерлер;
      6) басқару органдары, құрамалар, бөлiмдер мен мекемелер құрамындағы Қарулы Күштер Тылы;
      7) әскери оқу орындары мен әскери-ғылыми мекемелер.
      2. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгi шекарасының шегiнде өңiрлiк қолбасшылықтардың жауапкершілiк аймағы айқындалсын:
      1) "Астана" - Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары;
      2) "Шығыс" - Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары;
      3) "Батыс" - Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары;
      4) "Оңтүстiк" - Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстары.
      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылымы туралы" 2000 жылғы 6 шiлдедегi N 417 Жарлығының 1, 2 және 3-тармақтарының күшi жойылды деп танылсын.
      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 7 шiлдедегi N 418 өқ Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы Әскери құрылыстың 2005 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес басқару органдарын, Әскери теңiз күштерiн құруды және Әскери теңiз күштерінiң қажеттi инфрақұрылымын құруды қамтамасыз етсiн;
      2) "Қорғаныс және Қарулы Күштер туралы" және "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларын әзiрлесе және көрсетілген заң жобаларын 2003 жылғы 15 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзсiн;
      3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң 2004-2005 жылдар кезеңіне арналған штат санының лимиті бойынша ұсыныстар енгiзсiн;
      4) Осы Жарлықтан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
      6. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады