Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Норвегия Корольдiгiнiң Үкiметi арасында Өзара түсіністiк туралы меморандум жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 6 мамырдағы N 429 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Норвегия Корольдiгiнің Үкiметi арасындағы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумның жобасы (бұдан әрi - Меморандум) мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер бiрiншi вице-министрi Қайрат Қуатұлы Әбусейiтовке Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Меморандумды жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қайрат Қуатұлы Әбусейiтовке Меморандумды жасасуға өкiлеттiк сертификатын ресiмдесiн.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  
2003 жылғы 6 мамырдағы        
N 429 қаулысымен         
мақұлданған        

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Норвегия Корольдігінің Үкiметi арасындағы Өзара түсiнiстiк туралы меморандум

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Норвегия Корольдiгінің Үкiметi,
      халықаралық терроризмге, діни және саяси экстремизмге қарсы күрес жөнiндегi "Мызғымас бостандық" операциясы шеңберiнде екi жақты деңгейде тығыз өзара әрекет етуге дайын екендiгiн бiлдiре отырып,
      Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Қауiпсiздiк Кеңесiнің N 1386 (2001), N 1383 (2001), N 1378 (2001) қарарларын орындау үшiн,
      1995 жылғы 19 маусымда Брюссельде қол қойылған Солтүстiк Атлантика Шартына қатысушы мемлекеттер арасындағы және "Бейбiтшiлiк жолындағы әрiптестiк" бағдарламасына қатысатын басқа да мемлекеттер арасындағы олардың әскерлерiнің мәртебесiне қатысты келiсiмдi (РfР SOFA), Қазақстан Республикасы азаматтарының өмiрi мен денсаулығына нұқсан келтiретiн, сондай-ақ материалдық зиян шектiретiн жағдайларды қоспағанда, осы Меморандум шеңберінде әрекет ететiн Норвегия Корольдiгiнiң персоналына қолдануды мойындай отырып,
      мынадай мәселелер бойынша өзара түсінiстік қол жеткiздi:

      I. "Мызғымас бостандық" операциясын қолдауға "Манас" әуежайынан (Қырғызстан) әрекет жасайтын Норвегия Корольдігінің әскери ұшақтары үшiн қосалқы әуеайлақты беру туралы Норвегия Корольдiгi Үкiметінің Қазақстан Республикасының Үкiметiне өтінішін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi қосалқы әуеайлақ ретiнде Шымкент қаласының әуежайын (бұдан әрi - әуежай) мынадай шарттар бойынша беруге келiседi:
      1. Норвегия Корольдiгінің ұшақтары ұшудың қауіпсiздiгiне қауіп төндiретiн және "Манас" әуежайына қону үшiн ең аз талап етiлетiн деңгейден төмен ауа райы жағдайы бойынша ұшақтың дереу қонуын талап ететiн борттағы авариялық ахуал жағдайында немесе оның ұшу-қону белдеулерi төтенше жабылған жағдайда ғана әуежайда жоспарланбаған қону жасай алады.
      Норвегия Корольдiгiнiң Үкiметi әуежайды пайдалану кезiнде әуеайлақты пайдалану жөнiндегi техникалық талаптардың сақталуына жауап бередi.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi жоспарланбаған қонуды жасау үшiн әуежайдың қосалқы әуежайлақ ретінде пайдаланылуынан мынадай жағдайда бас тартуға құқылы:
      - әуежайға қону үшiн ең аз талап етiлетiн деңгейден төмен ауа райы жағдайы бойынша;
      - әуежайдың ұшу-қону белдеулерi төтенше жабылған жағдайда;
      - әуежайдан/әуежайға аса маңызды ұшуға немесе қонуға байланысты (авариялық жағдайдағы ұшақтың қонуға сұранған жағдайын қоспағанда).
      Әуежайға жоспарланбаған қонуды жүзеге асырушы Норвегия Корольдiгiнiң барлық ұшақтары жоспарланбаған қонудың себептерiн жойғаннан кейiн әуежайдан ұшып кетедi.
      2. Hopвегия Kopoльдігінің ұшақтары әуежайда орнығып қалмайды.
      3. Осы Меморандум Норвегия Корольдігінiң әскери қызметшiлерiнiң әуежайда немесе оның жанында тұрақты негізде болуын көздемейдi.
      Әуежайда жоспарланбаған қонуды жүзеге асырушы Норвегия Корольдiгінің ұшақтарына осы Меморандумның 1-тармағында көрсетілген себептер бойынша болу уақытын ұзарту талап етiлсе, экипаждар тек қана Шымкент қаласы әуежайының қонақ үйiне орналастырылады. Бұл ретте, әуежайда экипаж мүшелерiнiң жеке қару-жарағын әуежайдың қауiпсiздiк қызметінің қызметкерлерi алып қояды және экипаждардың мүшелерi әуежайдағы ұшаққа қайтып келгенде оларға қайтарады.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi Норвегия Корольдiгiнiң әуе кемесi әуежай аумағында болған кезеңiнде оны күзетудi қамтамасыз етедi, сондай-ақ жоспарланбаған қонуды жасаған кез келген ұшақ (ұшақтар) тұрақ алаңына толық тоқтағаннан кейiн бiрден оның айналасына қауіпсiздiк аймақ орнатуға ұмтылатын болады.
      Норвегия Корольдiгінің Үкiметi ұшақтың бортында болатын авиациялық және басқа да қару-жарақтың санкцияланбаған атылып кетпеуi үшiн жауап бередi.
      4. Норвегия Корольдiгiнің Үкiметi әуежайдың барлық сұратылған және алынған қызметтер көрсетуіне, сондай-ақ қондыру мен тұраққа қоюға коммерциялық әуе кемелерi осындай қызметтер көрсету үшін төлейтiн жарияланған ставкалардан қолайлылығы кем емес, қабылдауға болатын ставкалар бойынша ақы төлейдi.
      Әуежайдың барлық сұратылған және алынған, соның ішінде қону және тұраққа қою қызметтерiн көрсетуге ақы төлеудi Норвегия Корольдiгiнің Yкіметi сұратылған қызметтер көрсету ұсынылған күннен бастап бiр айдың iшiнде жүргiзедi.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi "Мызғымас бостандық" операциясына қатысатын Норвегия Корольдігінің ұшақтарына осы ұшақтар Қазақстанның әуе кеңiстiгiнде болған кезде ақы төлеудi талап ете отырып, аэронавигациялық қызметтер көрсетедi.

      II. Осы Меморандумның 1-тармағында көрсетiлген мақсатта Қазақстан Республикасының Үкiметi әуежайдан ұшып өту мен оған қонуға дипломатиялық рұқсаттың мынадай бiртұтас нөмiрiн белгiлейдi: N МИД 087/001 KЗH02.
      Осы Меморандумның ережелерiн орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi мынадай әуе жолын белгілейдi: ABEKA А 177 DODUR А 118/A121 SHYMKENT В 114 TOLE ВI A355 RODAM. Авариялық қону кезiнде магниттiк бағыт 101 о болады.

      III. Қазақстанның әуе кеңiстiгiн пайдаланатын әуе кемелерінің ұшулары (жекелеген ұшулар) азаматтық әуе кемелерi ұшуларының халықаралық ережелерiне сәйкес орындалуы тиiс. Бұл peттe жауынгерлiк авиацияның ұшақтары топпен емес кезекпен ұшуы, 0.80 M-нан аспайтын ұшу жылдамдығын ұстануы және Қазақстанның әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарымен азаматтық авиацияның әуe кемелерiн пайдалану үшiн белгiленген жиiлiкте байланыста болулары тиiс.
      Норвегия Корольдiгінің Үкiметi Қазақстан Республикасының Үкiметіне әуежайдың қосымша әуеайлақ ретiнде ықтимал пайдалану туралы AFTN: UAAKZDZX, UAAAZDZX мекен-жайына ұшардан кемінде бiр сағат бұрын Әуе қозғалысын жоспарлаудың бас орталығына ұшу жоспарын жiберу арқылы хабарлайды.

      IV. Ұшу қауiпсiздiгiне қауiп төндiретiн және ұшақтың дереу қонуын талап ететiн борттағы авариялық ахуал жағдайында Қазақстан Республикасының Үкiметi Норвегия Корольдігінің тергеушiлерiне Қазақстан Республикасының аумағында ұшақтың болуына байланысты авиациялық немесе өзге оқиғаларды тексеру жөнiндегi комиссиялық жұмысына қатысуға, сондай-ақ Норвегия Корольдiгi Үкiметiнің персоналын жөндеу және қалпына келтiру жұмыстарын жүзеге асыру үшiн ұшаққа жiберуге мүмкiндiк бepeдi. Норвегия Корольдігінің тергеушілерi мен персоналы тергеу мен жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейiн дереу Қазақстаннан кетедi.
      Норвегия Корольдiгiнiң Үкiметi Қазақстан Республикасының Үкiметiне коммерциялық әуе кемелерi осындай қызметтер көрсету үшiн төлейтін жарияланған ставкалардан қолайлылығы кем емес, қабылдауға  болатын ставкалар бойынша соңғысы ұсынған барлық сұратылған қызметтер көрсету үшiн шығындарды өтейдi.
      Норвегия Корольдiгiнің Үкiметi Қазақстан Республикасының Yкiметiне әуежайды пайдалану кезiнде келтiрiлуi мүмкiн материалдық зиянды өтейдi.
      Әуежай ұсынған барлық қызметтер көрсетуге ақы төлеудi Норвегия Корольдігiнің Yкiметi сұратылған қызметтер көрсету ұсынылған күннен бастап бiр айдың iшiнде жүргiзедi.

      V. Жазатайым оқиға кезiнде Тараптар әрiптестiк тұрғысында консультациялар өткiзедi.
      Осы Meмopaндумның кiрiспесiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, Норвегия Корольдiгiнің кез келген персоналы әрекетiн немесе әрекетсiздiгінің нәтижесінде түскен үшiншi тараптың талаптары PfP SOFА келiсiмiне сәйкес қаралады.

      VI. Норвегия Корольдігінің ұшақтары экологиялықты қоса алғанда, ұшу қауіпсiздiгінің халықаралық стандарттарына сәйкес ұшатын болады.

      VII. Тараптар осы Меморандумға тиiстi хаттамалармен ресiмделетін және осы Меморандумның ажырамас бөлiгі болып табылатын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзе алады.

      VIII. Осы Меморандум қол қойылған күнiнен бастап уақытша қолданылады және Тараптар оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлаған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Тараптардың бipeуi басқа Тарапты жазбаша хабардар ету жолымен осы Меморандумның қолданылуын тоқтатуы мүмкiн. Осы Meмopaндум Тараптардың бipeуi басқа Тараптың тиiсті хабарламасын алған күнiнен бастап бiр айдан кейiн қолданылуын тоқтатады.

      2003 жылғы "____"_________ Астана қаласында, әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тілдерiнде екi түпнұсқалық данада жасалды, бұл ретте барлық мәтіндердiң күшi бiрдей. Осы Меморандумның ережелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнедi.

      Қазақстан Республикасының      Норвегия Корольдiгінің
      Yкiметi үшін                   Yкіметi үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады