Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23 N 381 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына , сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi N 996 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамы директорларының кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 17 тамыздағы N 1175 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1 және 2-тармақтардағы "Қазақстан Республикасының Шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi агенттiгiне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы 2) тармақшасының алтыншы, жетiншi және сегiзiншi абзацтары алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулыға қосымша қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.15. N 873 Қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2003 жылғы 7 мамырдағы
N 432 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
1999 жылғы 17 тамыздағы
N 1175 қаулысына
қосымша
"Шағын кәсiпкерлiкті дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамы директорлар кеңесінiң құрамы
Андрющенко - Қазақстан Республикасының
Александр Иванович Индустрия және сауда бiрiншi
вице-министрi, төраға
Тәжияқов - Қазақстан Республикасының
Бисенғали Шамғалиұлы Ұлттық банкi Төрағасының
орынбасары (келiсiм бойынша)
Дунаев - Қазақстан Республикасының
Арман Ғалиасқарұлы Экономика және бюджеттiк
жоспарлау вице-министрi
Күрiшбаев - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ақылбек Қажығұлұлы шаруашылығы вице-министрi
Кадюков - Қазақстан Республикасының
Николай Викторович Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк
мүлiк және жекешелендiру
комитетi төрағасының орынбасары
Әбсәтiров - Қазақстан Республикасының
Кеңес Ғарапұлы Индустрия және сауда министрлiгi
Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi
комитетiнiң төрағасы
Ибадоллаев - "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры"
Азамат Абдол-Әмитұлы жабық акционерлiк қоғамы
басқармасының төрағасы