Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 17 тамыздағы N 1175 қаулысына өзгерістер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 мамырдағы N 432 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі N 381 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23  N 381 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931  Жарлығына , сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi N 996  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамы директорларының кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 17 тамыздағы N 1175  қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1 және 2-тармақтардағы "Қазақстан Республикасының Шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi агенттiгiне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы 2) тармақшасының алтыншы, жетiншi және сегiзiншi абзацтары алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулыға қосымша қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.15.  N 873 Қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң        
2003 жылғы 7 мамырдағы   
N 432 қаулысына     
қосымша       

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң        
1999 жылғы 17 тамыздағы  
N 1175 қаулысына    
қосымша      

"Шағын кәсiпкерлiкті дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамы директорлар кеңесінiң құрамы

Андрющенко                - Қазақстан Республикасының
Александр Иванович          Индустрия және сауда бiрiншi
                            вице-министрi, төраға

Тәжияқов                  - Қазақстан Республикасының
Бисенғали Шамғалиұлы        Ұлттық банкi Төрағасының
                            орынбасары (келiсiм бойынша)

Дунаев                    - Қазақстан Республикасының
Арман Ғалиасқарұлы          Экономика және бюджеттiк
                            жоспарлау вице-министрi

Күрiшбаев                 - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ақылбек Қажығұлұлы          шаруашылығы вице-министрi

Кадюков                   - Қазақстан Республикасының
Николай Викторович          Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк
                            мүлiк және жекешелендiру
                            комитетi төрағасының орынбасары

Әбсәтiров                 - Қазақстан Республикасының
Кеңес Ғарапұлы              Индустрия және сауда министрлiгi
                            Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi
                            комитетiнiң төрағасы

Ибадоллаев                - "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры"
Азамат Абдол-Әмитұлы        жабық акционерлiк қоғамы
                            басқармасының төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады