"Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнің жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қосымшаға сай номенклатура мен санда 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 7-ТИ-03 келiсiм-шарт бойынша "Химзауыт" ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамы (Исфара қаласы, Тәжiкстан Республикасы) үшiн "Т.О.Р." (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы) жабық акционерлiк қоғамы беретiн жарылғыш материалдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ресей Федерациясынан Тәжiкстан Республикасына транзитiне рұқсат берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттiгi мен Қазақстан Республикасының Көлiк жөне коммуникациялар министрлiгі заңнамада белгіленген тәртіппен жарылғыш материалдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiн бақылауды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 21 мамырдағы
N 470 қаулысына
қосымша
2003 жылғы 10 қаңтардағы N 7-ТИ-03 келісім-шарт бойынша "Химзауыт" ашық үлгідегі акционерлік қоғамы (Исфара қаласы, Тәжікстан Республикасы) үшін "Т.О.Р." (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы) жабық акционерлік қоғамы беретін жарылғыш материалдардың номенклатурасы мен саны
_________________________________________________________________
N Берілетін СЭҚ ТН Өлшем Саны 0% ҚҚС-пен, Жалпы
р/с жарылғыш мате. коды бірлігі бір дана құны АҚШ
риалдардың үшін бағасы долларымен
номенклатурасы АҚШ
мен атауы долларымен
_________________________________________________________________
1 МЕМСТ 4117-78 360200000 тонна 400 1000 400000
қабыршықталған
тротил
_________________________________________________________________
Шекаралық өту пункттері: Илецк-1 станциясы (Ресей Федерациясы)- Шеңгелді станциясы (Қазақстан Республикасы)
Жөнелту пункті: (Чапаевск станциясы (Ресей Федерациясы)
Белгіленген пункті: Исфара станциясы (Тәжікстан Республикасы)