Ресей Федерациясынан Тәжікстан Республикасына жарылғыш материалдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 мамырдағы N 470 қаулысы

      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнің жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қосымшаға сай номенклатура мен санда 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 7-ТИ-03 келiсiм-шарт бойынша "Химзауыт" ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамы (Исфара қаласы, Тәжiкстан Республикасы) үшiн "Т.О.Р." (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы) жабық акционерлiк қоғамы беретiн жарылғыш материалдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ресей Федерациясынан Тәжiкстан Республикасына транзитiне рұқсат берiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттiгi мен Қазақстан Республикасының Көлiк жөне коммуникациялар министрлiгі заңнамада белгіленген тәртіппен жарылғыш материалдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiн бақылауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің         
2003 жылғы 21 мамырдағы   
N 470 қаулысына      
қосымша        

2003 жылғы 10 қаңтардағы N 7-ТИ-03 келісім-шарт бойынша "Химзауыт" ашық үлгідегі акционерлік қоғамы (Исфара қаласы, Тәжікстан Республикасы) үшін "Т.О.Р." (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы) жабық акционерлік қоғамы беретін жарылғыш материалдардың номенклатурасы мен саны

_________________________________________________________________
N      Берілетін    СЭҚ ТН   Өлшем  Саны  0% ҚҚС-пен,    Жалпы
р/с  жарылғыш мате.  коды   бірлігі        бір дана     құны АҚШ
      риалдардың                          үшін бағасы  долларымен
     номенклатурасы                          АҚШ       
      мен атауы                           долларымен
_________________________________________________________________
1   МЕМСТ 4117-78  360200000  тонна  400     1000        400000
    қабыршықталған
    тротил
_________________________________________________________________

      Шекаралық өту пункттері: Илецк-1 станциясы (Ресей Федерациясы)- Шеңгелді станциясы (Қазақстан Республикасы)
      Жөнелту пункті: (Чапаевск станциясы (Ресей Федерациясы)
      Белгіленген пункті: Исфара станциясы (Тәжікстан Республикасы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады