Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:
1. Оңтүстік Қазақстан облысының әкiмiне 2003 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің резервiнен нөсерлi жауынның және сел тасқынының салдарынан зардап шеккен шаруашылық қызмет пен инфрақұрылым объектілерін жөндеу-қалпына келтiрудiң тиiстi жұмыстарын жүргiзуге 300 (үш жүз) миллион теңге бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамаға сәйкес бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдалануын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi:
1) заңнамаға сәйкес төтенше жағдай туындауы салдарынан зардап шеккен халыққа материалдық көмек көрсетсін;
2) 2003 жылдың қорытындысы бойынша орындалған жұмыстардың көлемi мен құны туралы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігiне есептi ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі