Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамы қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасына немесе оның асырауындағы адамдарға (мұрагерлеріне) біржолғы өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 шілдедегі N 644 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.10.27. N 1079 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің  526-бабының  3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамы қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасына немесе оның асырауындағы адамдарға (мұрагерлеріне) біржолғы өтемақы төлеу ережесі бекітілсін.

      2. Осы құжат ресми түрде жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2003 жылғы 2 шілдедегі 
N 644 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы кеден органының
лауазымды адамы қызметтік міндеттерін атқаруына
байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда қаза
тапқан (қайтыс болған) адамның отбасына немесе оның
асырауындағы адамдарға (мұрагерлеріне) біржолғы
өтемақы төлеу ережесі

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Кеден кодексінiң  526-бабының  3-тармағына сәйкес әзiрлендi және кеден органының лауазымды адамы қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасына немесе оның асырауындағы адамдарға (мұрагерлерiне) бiржолғы өтемақы (бұдан әрi - бiржолғы өтемақы) төлеудiң тәртiбiн айқындайды.

      2. Бiржолғы өтемақы кеден органының лауазымды адамы қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасына немесе оның асырауындағы адамдарға (мұрагерлерiне) төленедi.

      3. Лауазымды адамның жұмыс орны бойынша кеден органы бiржолғы өтемақы алуға құқығы бар адамдарға бiржолғы өтемақы төлеу туралы өтiнiш беру қажеттiгi туралы мiндеттi түрде жазбаша хабардар етедi.

      4. Бiржолғы өтемақы алуға құқығы бар адамдар лауазымды адамның жұмыс орны бойынша кеден органының бастығына мынадай құжаттарды ұсына отырып, 1-қосымшаға сәйкес бiржолғы өтемақы төлеуге өтiнiш бередi:
      алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      азаматтық хал актiлерiн жазу органдарының (АХАЖ) қайтыс болғандығы туралы куәлiгiнiң нотариалды расталған көшiрмесi;
      кәмелетке толмаған алушының туу туралы куәлiгінің көшiрмесi;
      неке туралы куәлiк, не сот органдарының алименттер туралы атқару парағы (қамқоршылық туралы құжат), не мұраға құқығы туралы куәлiк;
      қаза тапқан (қайтыс болған) адамның соңғы атқарған қызметi бойынша ақшалай үлесi туралы анықтама.

      5. Лауазымды адамның жұмыс орны бойынша кеден органы 2-қосымшаға сәйкес бiржолғы өтемақы төлеуге арналған өтiнiштердi тiркеу журналында тiркелген күннен бастап 30 күннен аспайтын мерзiмде ұсынылған құжаттарды қарайды және бiржолғы өтемақыны алушыға арналған iс қағазын жүргiзедi.
      Лауазымды адамның жұмыс орны бойынша кеден органы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 3 наурыздағы N 326  қаулысымен  бекiтiлген Еңбек қызметiмен байланысты жазатайым оқиғалар мен қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тексеру және есепке алу ережесiнде белгіленген тәртіппен кеден органы лауазымды адамының қаза табуы (қайтыс болу) жағдайлары туралы тексеру жүргізіледі.
      Біржолғы өтемақы aлушының іс-қағазы деректерінің негізінде біржолғы өтемақы төлеу туралы қорытынды, тағайындау туралы рапорт дайындалады, одан кейін іс қағаз төлеу туралы не бас тарту туралы шешім қабылдау үшін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      6. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кеден органы лауазымды адамының қаза табуы (қайтыс болуы) қызметтік міндеттерін атқаруға қатысы жоқ жағдайларға байланысты болғандығы дәлелденсе, біржолғы өтемақы төленбейді.

      7. Кеден ісі мәселелерi жөніндегі уәкiлетті орган біржолғы өтемақыны тағайындауға арналған құжаттарды алған сәттен бастап 15 күннен аспайтын мерзімде біржолғы өтемақыны тағайындаудың күнін көрсете отырып, біржолғы өтемақыны төлеу туралы шешім қабылдайды.

      8. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның шешімін алғаннан кейін лауазымды адамның жұмыс орны бойынша кеден органы 15 күннің ішінде біржолғы өтемақыны алуға құқығы бар адамдарды қабылданған шешім туралы хабардар етеді.
      Біржолғы өтемақыны лауазымды адамның жұмыс орны бойынша кеден органы республикалық бюджетте аталған ерекшелікке көзделген қаражаттың есебінен төлеу туралы шешім қабылданған сәттен бастап екі айдың ішінде Қазақстан Республикасының шегінде екінші деңгейдегі банкке алушының дербес шотына аудару, сондай-ақ оларды почта арқылы аудару жолымен төлейді.

      9. Кәмелетке толмаған алушыларға біржолғы өтемақыны төлеу қамқоршылық және қорғаншылық органына, сондай-ақ оның заңды өкілдеріне өтініш берілген сәттен бастап екі айдың ішінде бір мезгілде хабарлай отырып, оның тұрғылықты жері бойынша екінші деңгейдегі банктегі оның дербес шотына аудару жолымен жүргізіледі.

      10. Кеден органы біржолғы өтемақыны төлеуден бас тартқан жағдайда, бас тарту туралы шешім шығарылған сәттен бастап 15 күннің ішінде өтініш беруші бұл туралы жазбаша хабардар етеді. Бұл ретте өтініш берушінің кеден органының шешіміне заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануға құқығы бар.

Қазақстан Республикасы кеден органының 
лауазымды адамы қызметтік міндеттерін  
атқаруына байланысты қаза тапқан (қайтыс
болған) жағдайда қаза тапқан (қайтыс  
болған) адамның отбасына немесе оның  
асырауындағы адамдарға (мұрагерлеріне) 
біржолғы өтемақы төлеу ережесі    
1-қосымша                

Кімге ____________________________________________________________
              (мекеме (ұйым) басшысының лауазымы),
__________________________________________________________________
                    (арнайы атағы, Т.А.Ә.)
________________________________________________________мекен-жайы
бойынша тұратын___________________________________________________
                  (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
өтініш иесінің СТН N______________________________________________

Біржолғы өтемақы төлеуге өтініш

      Сізден (залалдың орны толтырылуы тиіс оқиғаның сипаты көрсетіледі) байланысты маған біржолғы өтемақыны төлеуіңізді сұраймын.
      Маған тиесілі соманы (банктің атауы, банктің СТН-і, банктің МФО-сы, алушының дербес есеп шотының N немесе байланыс бөлімшесі арқылы аудару жағдайында оның мекен-жайы) аударуыңызды сұраймын.
      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:
      1.
      2.
      3.
      4.
      5.      

      өтініш берушінің қолы_________________

Қазақстан Республикасы кеден органының 
лауазымды адамы қызметтік міндеттерін  
атқаруына байланысты қаза тапқан (қайтыс
болған) жағдайда қаза тапқан (қайтыс  
болған) адамның отбасына немесе оның  
асырауындағы адамдарға (мұрагерлеріне) 
біржолғы өтемақы төлеу ережесі    
2-қосымша              

Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды
адамы қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты
қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда қаза тапқан
(қайтыс болған) адамның отбасына немесе
оның асырауындағы адамдарға (мұрагерлеріне)
біржолғы өтемақы төлеуге арналған
өтініштерді тіркеу журналы

___________________________________________________________________
Өтініш.|Қаза тапқан |Қаза тапқан |За.   |     Қарау нәтижесі
 тің   |  (қайтыс   |  (қайтыс   |лал.  |_________________________
келіп  |  болған)   |  болған)   |ды    |Бір. | Төлем  |   Бас
түскен | лауазымды  | лауазымды  |өтеу. |жол. | құжаты.| тартудың
 күні  |  адамның   |  адамның   |дің   |ғы   | ның N  |  себебі
       |Т.А.Ә. және | асырауын.  |негіз.|өтем.|  және  |
       |оның мекен- |дағы адам.  |демесі|ақы. |  күні  |
       |  жайы      |ның (мұра.  |      |ның  |        |
       |            |  гердің)   |      |сома.|        |
       |            |Т.А.Ә. және |      |сы   |        |
       |            |оның мекен- |      |     |        |
       |            |   жайы     |      |     |        |
___________________________________________________________________
  1          2            3          4     5      6         7
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Об утверждении Правил выплаты единовременной компенсации семье погибшего (умершего) или его иждивенцам (наследникам) в случае гибели (смерти) должностного лица таможенного органа Республики Казахстан в связи с исполнением служебных обязанностей

Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2003 года N 644. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 27 октября 2005 года N 1079 (P051079) (вводится в действие со дня официального опубликования).

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 27.10.2005 № 1079 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 3 статьи 526 Таможенного кодекса Республики Казахстан Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемые Правила выплаты единовременной компенсации семье погибшего (умершего) или его иждивенцам (наследникам) в случае гибели (смерти) должностного лица таможенного органа Республики Казахстан в связи с исполнением служебных обязанностей.

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня официального опубликования.

     
      Премьер-Министр
Республики Казахстан

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 2 июля 2003 года N 644

      Правила

      выплаты единовременной компенсации семье

      погибшего (умершего) или его иждивенцам (наследникам)

      в случае гибели (смерти) должностного лица

      таможенного органа Республики Казахстан в связи

      с исполнением служебных обязанностей

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с пунктом 3 статьи 526 Таможенного кодекса Республики Казахстан и определяют порядок выплаты единовременной компенсации семье погибшего (умершего) или его иждивенцам (наследникам) в случае гибели (смерти) должностного лица таможенного органа в связи с исполнением служебных обязанностей (далее - единовременная компенсация).

      2. Единовременная компенсация выплачивается семье погибшего (умершего) или его иждивенцам (наследникам) в случае гибели (смерти) должностного лица таможенного органа в связи с исполнением служебных обязанностей.

      3. Таможенный орган по месту работы должностного лица в обязательном порядке письменно ставит в известность лиц, имеющих право на получение единовременной компенсации, о необходимости подачи заявлений о выплате единовременной компенсации.

      4. Лица, имеющие право на единовременную компенсацию, подают заявление на выплату единовременной компенсации начальнику таможенного органа по месту работы должностного лица согласно приложению 1 с представлением следующих документов:

      копия документа, удостоверяющего личность получателя;

      копия свидетельства органов записи актов гражданского состояния (ЗАГСа) о смерти, заверенная нотариально;

      копия свидетельства о рождении несовершеннолетнего получателя;

      свидетельство о браке либо исполнительный лист судебных органов об алиментах (документ об опекунстве), либо свидетельство о праве на наследство;

      справка о денежном содержании погибшего (умершего) по последней занимаемой должности.

      5. Таможенный орган по месту работы должностного лица в срок не более 30 дней со дня регистрации в журнале регистрации заявлений на выплату единовременной компенсации согласно приложению 2 рассматривает представленные документы и формирует дело на получателя единовременной компенсации.

      Таможенный орган по месту работы должностного лица проводит расследование об обстоятельствах гибели (смерти) должностного лица таможенного органа в порядке, установленном Правилами расследования и учета несчастных случаев и иных повреждений здоровья работников, связанных с трудовой деятельностью, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 3 марта 2001 года N 326.

      На основании данных дела получателя единовременной компенсации готовятся заключение о выплате, рапорт о назначении единовременной компенсации, после чего дело передается в уполномоченный орган по вопросам таможенного дела для принятия решения о выплате либо об отказе.

      6. Единовременная компенсация не выплачивается, если в установленном законодательством Республики Казахстан порядке доказано, что гибель (смерть) должностного лица таможенного органа наступила в связи с обстоятельствами, не связанными с исполнением служебных обязанностей.

      7. Уполномоченный орган по вопросам таможенного дела в срок не более 15 дней с момента получения документов на назначение единовременной компенсации принимает решение о выплате единовременной компенсации с указанием даты назначения единовременной компенсации.

      8. После получения решения уполномоченного органа по вопросам таможенного дела таможенный орган по месту работы должностного лица в течение 15 дней уведомляет лиц, имеющих право на получение единовременной компенсации, о принятом решении.

      Единовременная компенсация выплачивается таможенным органом по месту работы должностного лица за счет средств, предусмотренных в республиканском бюджете на данную специфику, путем перечисления на лицевой счет получателей в банке второго уровня в пределах Республики Казахстан, а также перевода их по почте в течение двух месяцев с момента принятия решения о выплате.

      9. Несовершеннолетним получателям выплата единовременной компенсации производится путем перечисления на его лицевой счет в банке второго уровня по месту жительства, с одновременным уведомлением об этом органов опеки и попечительства, а также его законных представителей в течение двух месяцев с момента подачи заявления.

      10. В случае отказа таможенным органом в выплате единовременной компенсации в течение 15 дней с момента вынесения решения об отказе заявитель уведомляется об этом письменно. При этом заявитель имеет право обжаловать решение таможенного органа в установленном законодательством порядке.

  Приложение 1
к Правилам выплаты единовременной
компенсации семье погибшего (умершего)
или его иждивенцам (наследникам)
в случае гибели (смерти) должностного
лица таможенного органа
Республики Казахстан в связи
с исполнением служебных обязанностей

      Кому ________________________________

      (должность, специальное звание,

      ________________________________

      Ф.И.О. руководителя учреждения

      (организации)

      От _________________________________

      (фамилия, имя отчество обращающего)

      проживающего по адресу:_________

      РНН обращающегося N ____________

      Заявление на выплату

      единовременной компенсации

      Прошу Вас выплатить мне единовременную компенсацию в связи с

      (указывается характер события, по которому должен быть возмещен ущерб).

      Причитающуюся мне сумму прошу перечислить (указываются название банка, РНН банка, МФО банка, N лицевого счета получателя или его адрес в случае перевода через отделения связи).

      К заявлению прилагаю следующие документы:

      1.

      2.

      3.

      4.

      5.

      _______________ подпись заявителя

  Приложение 2
к Правилам выплаты единовременной
компенсации семье погибшего (умершего)
или его иждивенцам (наследникам)
в случае гибели (смерти) должностного
лица таможенного органа
Республики Казахстан в связи
с исполнением служебных обязанностей

      Журнал регистрации заявлений на выплату

      единовременной компенсации семье погибшего (умершего)

      или его иждивенцам (наследникам) в случае гибели

      (смерти) должностного лица таможенного органа

      Республики Казахстан в связи с исполнением

      служебных обязанностей

      ______________________________________________________________________

      Дата | Ф.И.О. | Ф.И.О. |Основа-| Результат рассмотрения

      поступ- |погибшего |иждивенца |ние |------------------------------

      ления |(умершего)|(наслед- |возме- |Сумма |N и дата | Причина

      заявления|должност- |ника) |щения |едино- |платеж- | отказа

      |ного лица |погибшего |ущерба |времен-|ного |

      |и его |(умершего)| |ной |документа|

      |адрес |должност- | |компен-| |

      | |ного лица | |сации | |

      | |и его | | | |

      | |адрес | | | |

      ----------------------------------------------------------------------

      1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7

      ----------------------------------------------------------------------

      ----------------------------------------------------------------------

      ----------------------------------------------------------------------

      ----------------------------------------------------------------------