Қазақстан Республикасының " Бағалы қағаздар рыногы туралы " 2003 жылғы 2 шiлдедегi және " Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңдарына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi лицензиялау туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1997 жылғы 2 қазандағы N 1402
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 45, 413-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1997 жылғы 2 қазандағы N 1402 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 мамырдағы N 439
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 19, 193-құжат).
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі