Қазақстан Pecпубликасы Үкiметінің 1997 жылғы 2 қазандағы N 1402 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 мамырдағы N 439 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 шілдедегі N 735 қаулысымен. ~P030735

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегi қызметті лицензиялау туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 2 қазандағы N 1402 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 45, 413-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      жоғарыда аталған қаулымен бекiтiлген Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегi қызметтi лицензиялау туралы ережеде:
      кiрiспесi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Ереже Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi лицензиялау мен бақылаудың тәртiбiн белгiлейдi және осы қызметтi жүзеге асыруға бiлiктiлiк талаптарын айқындайды.";
      1-тармақта:
      "зейнетақы активтерiн және Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөнiндегi компаниялардың" деген сөздер "зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегi қызметтi дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ алынып тасталсын;
      5-тармақта:
      б) тармақшасы "тiркеу" деген сөзден кейiн "(қайта тiркеу)" деген сөздермен толықтырылсын;
      д) тармақшасы "құрылтайшыларға" деген сөзден кейiн "(акционерлерге)" деген сөзбен толықтырылсын;
      6-тармақ алынып тасталсын;
      7-тармақтағы "бухгалтерлiк" деген сөз "қаржылық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      27-тармақта:
      мынадай мазмұндағы а-1) және а-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "а-1) Қазақстан Республикасы заңнамасында айқындалған жарғылық капиталдың ең төменгi мөлшеріне, оның қалыптасу тәртiбiне және құрамына қойылатын талаптардың сақталуы;
      а-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған меншiк капиталының қалыптасу тәртiбіне қойылатын талаптардың сақталуы;".
      б) тармақшасындағы "делдалдық кеңселермен, зейнетақы қорларымен, Орталық депозитариймен және кастодиан банктермен өзара iс-қимылды қамтамасыз ететiн" деген сөздер "зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруды қамтамасыз ететін" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады