Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 2 қазандағы N 1402 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 24 шілдедегі N 735 қаулысы

      Қазақстан Республикасының " Бағалы қағаздар рыногы туралы " 2003 жылғы 2 шiлдедегi және " Қазақстан Республикасында зейнетақымен  қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңдарына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi лицензиялау туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1997 жылғы 2 қазандағы N 1402 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 45, 413-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1997 жылғы 2 қазандағы N 1402 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 мамырдағы N 439 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 19, 193-құжат).

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады