Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 тамыздағы N 841 қаулысы

      "Publex, S.A." компаниясының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне жарнамалық-ақпараттық қызметтер көрсетуге ақы төлеу туралы талап-арызы бойынша Париж қаласы Халықаралық Төрелік Сотының 2003 жылғы 4 сәуірдегі шешімін орындау үшін, "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңына және "Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1408 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне Париж қаласы Халықаралық Төрелік Сотының 2003 жылғы 4 сәуірдегі "Publex, S.A." компаниясының пайдасына шешімін орындау үшін 2003 жылға арналған республикалық бюджетте соттардың шешімдері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің міндеттемелерін өтеуге көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен берілетін күнге орташа өлшемді биржалық бағам бойынша 98829 (тоқсан сегіз мың сегіз жүз жиырма тоғыз) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлінсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 августа 2003 года N 841

      Во исполнение решения Международного Арбитражного Суда города Париж от 4 апреля 2003 года по иску компании "Publex S.A." к Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан об оплате рекламно-информационных услуг, в соответствии с Законом Республики Казахстан от 12 декабря 2002 года "О республиканском бюджете на 2003 год" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 сентября 1999 года N 1408 "Об утверждении Правил использования средств резерва Правительства Республики Казахстан" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Выделить Министерству финансов Республики Казахстан из резерва Правительства Республики Казахстан, предусмотренного в республиканском бюджете на 2003 год на погашение обязательств Правительства Республики Казахстан, центральных государственных органов и их территориальных подразделений по решениям судов, средства в сумме, эквивалентной 98829 (девяносто восемь тысяч восемьсот двадцать девять) долларам США по средневзвешенному биржевому курсу тенге к доллару США, установленному на день выдачи, для исполнения решения Международного Арбитражного Суда города Париж от 4 апреля 2003 года в пользу компании "Publex S.A.".

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
   Республики Казахстан