"Publex, S.A." компаниясының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне жарнамалық-ақпараттық қызметтер көрсетуге ақы төлеу туралы талап-арызы бойынша Париж қаласы Халықаралық Төрелік Сотының 2003 жылғы 4 сәуірдегі шешімін орындау үшін, "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңына және "Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1408 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне Париж қаласы Халықаралық Төрелік Сотының 2003 жылғы 4 сәуірдегі "Publex, S.A." компаниясының пайдасына шешімін орындау үшін 2003 жылға арналған республикалық бюджетте соттардың шешімдері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің міндеттемелерін өтеуге көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен берілетін күнге орташа өлшемді биржалық бағам бойынша 98829 (тоқсан сегіз мың сегіз жүз жиырма тоғыз) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлінсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі