Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi мемлекетаралық комиссиясының қазақстандық бөлiгi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 қыркүйектегі N 952 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.03.15. N 169 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған мыналар бекiтiлсiн:
      1) Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi мемлекетаралық комиссиясы қазақстандық бөлiгiнiң құрамы;
      2) Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлiгi туралы ереже.

      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi мемлекетаралық комиссиясының ұлттық бөлiгiн жасақтау туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 17 қазандағы N 1541  қаулысы ;
      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 17 қазандағы N 1541 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1437  қаулысы ;
      3) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi комитетiн тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 20 мамырдағы N 467  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырудың 2-тармағы.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2003 жылғы 18 қыркүйектегі 
N 952 қаулысымен     
бекiтiлген        

Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң
Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi мемлекетаралық
комиссиясы қазақстандық бөлiгiнiң
Құрамы

  Кравченко              - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Иван Михайлович          сауда бiрiншi вице-министрi, тең төраға

Бөлегенов              - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Ерғали Бөлегенұлы        министрлiгi Тәуелсiз Мемлекеттер
                         Достастығы iстерi департаментiнiң
                         директоры, жауапты хатшы

Поспелов               - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Николай Николаевич       министрiнiң орынбасары, тең төрағаның
                         орынбасары

Коржова                - Қазақстан Республикасының Экономика
Наталья Артемовна        және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi
       Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.14. N  642 ,   2005.06.22. N  614 қаулыларымен .

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2003 жылғы 18 қыркүйектегі 
N 952 қаулысымен     
бекiтiлген        

Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің
Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегі мемлекетаралық
комиссияның қазақстандық бөлiгі туралы
Ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi мемлекетаралық комиссияның (бұдан әрi - Комиссия) қазақстандық бөлiгi Комиссияда қазақстандық  Тарапты  бiлдiретiн  консультативтiк-кеңесу органы болып табылады.

      2. Комиссияның қазақстандық бөлiгi өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Yкiметiнiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  2. Комиссияның қазақстандық бөлiгінiң негізгі мiндеттері

      3. Комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң негізгі мiндеттерi:
      1) Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдарымен және Комиссияның ұлттық бөлiктерiмен бiрлесiп, қару-жарақ пен әскери техниканы жасау, өндiру, жөндеу, жаңғырту және пайдалану саласында Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрi - ТМД) шеңберiнде көп жақты және екi жақты әскери-экономикалық ынтымақтастық мәселелерi жөнiнде ұсыныстарды қарау және әзiрлеу; Комиссияның қарауына ұсыну үшiн тиiстi ұсыныстарды дайындау;
      2) Комиссияның шешiмдерi мен ұсынымдарын орындау жөнiнде мемлекеттiк органдармен өзара іс-қимыл жасау болып табылады.

  3. Комиссияның негізгі функциялары

      4. Комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң негiзгi функциялары:
      1) мемлекеттік органдардың және Комиссияның ұлттық бөлiктерiнiң ұсыныстарын қарау, ұсынымдар әзiрлеу және Қазақстан Республикасының Yкiметiне баяндау үшiн Қазақстан Республикасының ТМД-ға қатысушы мемлекеттермен мына мәселелер бойынша көп жақты және екi жақты әскери-экономикалық ынтымақтастығын сипаттайтын материалдарды дайындауды ұйымдастыру:
      әскери-экономикалық ынтымақтастық мәселелерiн реттеу саласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң нормативтiк-құқықтық базасын жақындастыру ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде қару-жарақ пен әскери техниканы әзiрлеу, өндiру, жаңарту және жөндеу саласындағы басты бағыттарды айқындау;
      қорғаныс өнеркәсiбi саласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң экономикалық және ғылыми-техникалық саясатын келiсу;
      ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң қорғаныс қабiлетi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында әскери-техникалық мүлiктерi, жинақтауыш бұйымдарды, шикiзаттарды, материалдарды кооперацияланған өндiру;
      қару-жарақ пен әскери техника, жинақтауыш бұйымдар мен қосалқы бөлшектер өндiрiсiн мамандандыру және кооперациялау;
      қару-жарақ пен әскери техниканы, сондай-ақ олардың өндiрiсiне арналған технологиялық жабдықтарды стандарттау және бiрiздендiру;
      қару-жарақ пен әскери техника саласында ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды бiрлесiп өткiзу жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау;
      ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң тиiстi ұйымдарымен әскери техниканың жекеленген бұйымдарын бiрлесiп өндiрудi жоспарлау және ұйымдастыру;
      жұмылдыру қуатын сақтау және дамыту жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу;
      әскери мақсаттағы өнiмдер өндiрiсi саласындағы жетiстiктердi жалпы мақсаттағы өнiмдер өндiрiсiнде қолдану;
      ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң қорғаныс министрлiктерiнiң арасында қару-жарақ пен әскери техниканы жеткiзгенi және жөндегенi үшiн өзара есеп айрысу мен даулы мәселелердi реттеу жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;
      2) қорғаныс өнеркәсiбi саласында әскери-экономикалық ынтымақтастық мәселелерi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      3) өз жұмысының ұйымдық және рәсiмдiк мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдау;
      4) өз құзыретi шегiнде екi жақты және көп жақты келiсiмдердiң, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң қорғаныс өнеркәсiбi саласындағы экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастығы бойынша басқа да нормативтiк құжаттардың жобаларын дайындау және iске асыру;
      5) Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдарымен және ұйымдарымен, сондай-ақ әскери-экономикалық ынтымақтастықтың негiзгi мiндеттерiн шешуге қатысатын ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң атқарушы билiк органдарымен өзара iс-қимыл жасау.

  4. Комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң
қызметiн қамтамасыз ету

      5. Өзiнiң негiзгi функцияларын орындау үшiн Комиссияның қазақстандық бөлiгi Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары мен ұйымдары өкілдерiнен әскери-экономикалық ынтымақтастық саласындағы нақты мәселелер мен жобаларды пысықтау үшiн тұрақты немесе уақытша негiзде жұмыс топтарын құруға және олардың қызмет тәртiбiн айқындауға құқығы бар.

      6. Комиссияның қазақстандық бөлiгi тең төраға, тең төрағаның орынбасары, жауапты хатшы, оның мүшелерi құрамында құралады және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтіледi.

      7. Комиссияның қазақстандық бөлiгiнің тең төрағасы:
      1) Комиссияның қазақстандық бөлiгінің жұмысын үйлестiредi;
      2) бiрлескен жобаларды iске асыруға ықпал жасайды;
      3) Комиссияның кезектi отырысы алдында халықаралық әскери-экономикалық ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындау, күн тәртiбi мен хаттама жобаларын келiсу мақсатында Комиссияның қазақстандық бөлiгiнің мәжiлiсiн өткiзедi;
      4) Комиссия мәжiлiсiнiң қорытындылары туралы есеп беру ақпаратын Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi;
      5) ағымдағы жылғы желтоқсанда Комиссияның қызметi туралы есеп беру ақпаратын және оның қызметiн жандандыру жөнiндегi ұсынысты Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне бередi.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.22. N  614 қаулыларымен .

      8. Комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң және оның жұмыс топтарының қызметiн ұйымдық-әдiстемелiк қамтамасыз етудi Комиссияның қазақстандық бөлігінің жауапты хатшысы жүзеге асырады.

      9. Комиссияның қазақстандық бөлігінің жұмысы оның тең төрағасы бекiтетiн жоспарлар бойынша жүзеге асырылады.

      10. Жұмыс жоспарына оларды дайындау мен қараудың тәртiбi және мерзiмдерi, материалдарды Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынудың мерзімдерi көрсетiле отырып, Комиссияның қазақстандық бөлiгінің қарауына жататын мәселелер енгiзiледі.

      11. Комиссияның қазақстандық бөлiгiнің мәжiлiстерiн оның тең төрағасы, ал ол жоқ болған жағдайда тең төрағаның тапсыруы бойынша оның мүшелерiнің бiрi жүргiзедi. Комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң шешімдерi ашық дауысқа салумен қабылданады және егер олар үшiн Комиссияның қазақстандық бөлiгi мүшелерiнің жалпы санының басым бөлiгi дауыс берсе, қабылданған болып есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда тең төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып есептеледi.
      Комиссияның қазақстандық бөлiгi мәжiлiсiнiң өткiзiлуi нәтижесi бойынша мәжiлiске қатысқан оның мүшелерi қол қоятын хаттама жасалады және оны тең төраға бекітеді.

О казахстанской части Межгосударственной комиссии по военно-экономическому сотрудничеству государств-участников Содружества Независимых Государств

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 сентября 2003 года N 952. Утратило силу - от 15 марта 2006 года N 169 (P060169)

      Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемые:
      1) состав казахстанской части Межгосударственной комиссии по военно-экономическому сотрудничеству государств-участников Содружества Независимых Государств;
      2) Положение о казахстанской части Межгосударственной комиссии по военно-экономическому сотрудничеству государств-участников Содружества Независимых Государств.

      2. Признать утратившими силу:
      1)  постановление  Правительства Республики Казахстан от 17 октября 2000 года N 1541 "О формировании национальной части Межгосударственной комиссии по военно-экономическому сотрудничеству государств-участников Содружества Независимых Государств";
      2)  постановление  Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2002 года N 1437 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 октября 2000 года N 1541";
      3) пункт 2 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных  постановлением  Правительства Республики Казахстан от 20 мая 2003 года N 467 "Об упразднении Комитета оборонной промышленности Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан".

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.
      
       Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утвержден            
постановлением Правительства   
Республики Казахстан       
от 18 сентября 2003 года N 952  


  Состав
казахстанской части Межгосударственной комиссии
по военно-экономическому сотрудничеству государств-участников
Содружества Независимых Государств  <*>

      
     Сноска. Состав с изменениями - постановлениями Правительства Республики Казахстан от 14 июня 2004 года  N 642 ; от 22 июня 2005 г.  N 614  .

Поспелов Николай Николаевич   - заместитель Министра обороны
                                Республики Казахстан,
                                заместитель сопредседателя 

      
Кравченко                     - первый вице-министр индустрии 
Иван Михайлович                 и торговли Республики Казахстан,
                                сопредседатель

Булегенов                     - директор Департамента по делам 
Ергали Булегенович              Содружества Независимых Государств 
                                Министерства иностранных дел 
                                Республики Казахстан,
                                ответственный секретарь

Коржова Наталья Артемовна     - вице-министр экономики и
                                бюджетного планирования
                                Республики Казахстан

      Утверждено            
постановлением Правительства   
Республики Казахстан       
от 18 сентября 2003 года N 952

  Положение
о казахстанской части Межгосударственной комиссии 
по военно-экономическому сотрудничеству государств-участников Содружества Независимых Государств

  1. Общие положения

      1. Казахстанская часть Межгосударственной комиссии по военно-экономическому сотрудничеству государств-участников Содружества Независимых Государств (далее - Комиссия) является консультативно-совещательным органом, который представляет казахстанскую Сторону в Комиссии.
      2. Казахстанская часть Комиссии осуществляет свою деятельность, руководствуясь  Конституцией  Республики Казахстан, законами Республики Казахстан, актами Президента, 
Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами в соответствии с международными договорами Республики Казахстан и настоящим Положением.

  2. Основные задачи казахстанской части Комиссии

      3. Основными задачами казахстанской части Комиссии являются:
      1) рассмотрение и выработка рекомендаций совместно с заинтересованными государственными органами Республики Казахстан и национальными частями Комиссии по вопросам многостороннего и двустороннего военно-экономического сотрудничества в рамках Содружества Независимых Государств (далее - СНГ) в области создания, производства, ремонта, модернизации и эксплуатации вооружения и военной техники; подготовка соответствующих предложений для представления на рассмотрение Комиссии;
      2) взаимодействие с государственными органами по выполнению решений и рекомендаций Комиссии.

  3. Основные функции Комиссии

      4. Основными функциями казахстанской части Комиссии являются:
      1) рассмотрение предложений государственных органов и национальных частей Комиссии, выработка рекомендаций и организация подготовки материалов для доклада Правительству Республики Казахстан, характеризующих многостороннее и двустороннее военно-экономическое сотрудничество Республики Казахстан с государствами-участниками СНГ по вопросам:
      сближения нормативно-правовой базы государств-участников СНГ в области регулирования вопросов военно-экономического сотрудничества;
      определения главных направлений в области разработки, производства, модернизации и ремонта вооружения и военной техники в государствах-участниках СНГ;
      согласования экономической и научно-технической политики государств-участников СНГ в области оборонной промышленности;
      кооперированного производства военно-технического имущества, комплектующих изделий, сырья, материалов в целях обеспечения обороноспособности и безопасности государств-участников СНГ;
      специализации и кооперирования производства вооружения и военной техники, комплектующих изделий и запасных частей;
      стандартизации и унификации вооружений и военной техники, а также технологического оборудования для их производства;
      подготовки предложений и рекомендаций по совместному проведению научно-исследовательских и опытно-конструкторских работ в области вооружения и военной техники;
      совместного планирования и организации производства отдельных изделий военной техники с соответствующими организациями государств-участников СНГ;
      проведения мероприятий по сохранению и развитию мобилизационных мощностей;
      использования достижений в области производства продукции военного назначения в производстве продукции общего назначения;
      выработки рекомендаций по урегулированию взаиморасчетов и спорных вопросов за поставку и ремонт вооружения и военной техники между министерствами обороны государств-участников СНГ;
      2) выработка предложений по вопросам военно-экономического сотрудничества в области оборонной промышленности;
      3) принятие решений по организационным и процедурным вопросам своей работы;
      4) подготовка проектов и реализация в пределах своей компетенции двусторонних и многосторонних соглашений, а также других нормативных документов по экономическому и научно-техническому сотрудничеству государств-участников СНГ в области оборонной промышленности;
      5) взаимодействие с заинтересованными государственными органами и организациями Республики Казахстан, а также с органами исполнительной власти государств-участников СНГ, участвующими в решении основных задач военно-экономического сотрудничества.

  4. Обеспечение деятельности казахстанской части Комиссии

      5. Казахстанская часть Комиссии для выполнения своих основных функций имеет право создавать рабочие группы на постоянной или временной основе из представителей центральных и местных исполнительных органов и организаций Республики Казахстан, для проработки конкретных вопросов и проектов в области военно-экономического сотрудничества и определять порядок их деятельности.
      6. Казахстанская часть Комиссии формируется в составе сопредседателя, заместителя сопредседателя, ответственного секретаря, ее членов и утверждается в установленном законодательством порядке Правительством Республики Казахстан.
      7. Сопредседатель казахстанской части Комиссии:
      1) координирует работу казахстанской части Комиссии;
      2) способствует реализации совместных проектов;
      3) перед очередным заседанием Комиссии с целью определения приоритетных направлений международного военно-экономического сотрудничества, согласования проектов повестки дня и протокола проводит совещание казахстанской части Комиссии;
      4) вносит в Правительство Республики Казахстан отчетную информацию об итогах заседания Комиссии;
      5) в декабре текущего года представляет годовую отчетную информацию о деятельности Комиссии и предложения по активизации ее деятельности в Министерство иностранных дел Республики Казахстан.  <*>
      Сноска. В пункт 7 внесены изменения - постановлением Правительства РК   от 22 июня 2005 г.  N 614  .
      8. Организационно-методическое обеспечение деятельности казахстанской части Комиссии и ее рабочих групп осуществляет ответственный секретарь казахстанской части Комиссии.
      9. Работа казахстанской части Комиссии осуществляется по планам, утверждаемым ее сопредседателем.
      10. В план работы включаются вопросы, подлежащие рассмотрению казахстанской частью Комиссии и ее рабочими группами, с указанием порядка и сроков их подготовки и рассмотрения, сроков представления материалов в Правительство Республики Казахстан.
      11. Заседания казахстанской части Комиссии ведет ее сопредседатель, а в случае его отсутствия - один из членов по поручению сопредседателя. Решения казахстанской части Комиссии принимаются открытым голосованием и считаются принятыми, если за них подано большинство голосов от общего количества членов казахстанской части Комиссии. В случае равенства голосов принятым считается решение, за которое проголосовал сопредседатель.
      По результатам проведения заседания казахстанской части Комиссии составляется протокол, подписываемый присутствовавшими на заседании ее членами, и утверждается сопредседателем.