Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының ұлттық бөлігін жасақтау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 қазандағы N 1541 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.09.18. N 952 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 тамыздағы N 1226 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ресей Федерациясына 2000 жылғы 18-20 маусымдағы ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. Мынадай құрамда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының (бұдан әрі - Мемлекетаралық комиссия) ұлттық бөлігі жасақталсын:

     Әбдiрахманов Есiркеп    - Қазақстан Республикасының Индустрия
     Оңланбекұлы               және сауда министрлігi
                               Технологияларды дамыту
                               департаментінің директоры

     Литвинов Михаил         - Қазақстан Республикасының Сыртқы
     Константинович            iстер министрлiгi ТМД iстерi
                               жөнiндегi комитетiнiң төрағасының
                               орынбасары

     Андрющенко              - Қазақстан Республикасының Индустрия
     Александр Иванович        және сауда бiрiншi вице-министрi,
                               жетекшi

     Поспелов                - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
     Николай Николаевич        министрiнiң орынбасары
 
       Метте                   - "Қазақстан-инжиниринг" ұлттық
     Виталий Леонидович        компаниясы" ААҚ-ның президентi <*>

     Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.12.29. N 1437 қаулысымен.
     Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 20 мамырдағы N 467 қаулысымен.

     2. Мемлекетаралық комиссияның ұлттық бөлігі ресей тарапымен өткізілген консультациялардың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының одан әрі ықпалдасуы жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады