Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 18 қыркүйектегi N 952 қаулысына өзгерiстер енгiзу және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы N 611 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.03.15. N 169 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi мемлекетаралық комиссиясының қазақстандық бөлiгі туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 18 қыркүйектегi N 952  қаулысына мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:

      1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi мемлекетаралық комиссиясы қазақстандық бөлiгiнiң құрамына мыналар енгізiлсiн:

Кравченко              - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Иван Михайлович          сауда бiрiншi вице-министрi, тең төраға

Бөлегенов              - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Ерғали Бөлегенұлы        министрлiгi Тәуелсiз Мемлекеттер
                         Достастығы iстерi департаментiнiң
                         директоры, жауапты хатшы;

      көрсетiлген құрамнан Ғұсман Кәрiмұлы Әмрин, Самат Исламұлы Ордабаев шығарылсын;

      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегі мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлiгi туралы ережеде:
      7-тармақтың 4) тармақшасындағы "және қажет болған кезде нақты мерзiмдерi мен тiкелей орындаушыларын көрсете отырып, қол жеткiзген уағдаластықтарды iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы Үкiмет шешiмiнiң жобасын" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсiбi кешенiн мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 43  қаулысы ;

      2) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi комитетiн тарату туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 20 мамырдағы N 467  қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 21-22, 211-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 7-тармағы;

      3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 43 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 8 қарашадағы N 1117  қаулысы .

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады