"2003 жылғы 8 шiлдеде жасалған Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасындағы Астана қаласын сумен жабдықтау және кәрiз жобасы жөнiндегі Қарыз туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 қазандағы N 1073 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "2003 жылғы 8 шiлдеде жасалған Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасындағы Астана қаласын сумен жабдықтау және кәрiз жобасы жөнiндегi қарыз туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба 

Қазақстан Республикасының Заңы "2003 жылғы 8 шiлдеде жасалған Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасындағы Астана қаласын сумен жабдықтау және кәрiз жобасы жөнiндегi Қарыз туралы келiсiмдi бекiту туралы"

      2003 жылғы 8 шiлдеде жасалған Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасындағы Астана қаласын сумен жабдықтау және кәрiз жобасы жөнiндегi Қарыз туралы келiсiм бекiтiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қарыз туралы келісім N KAZ-P5

Жапон халықаралық Ынтымақтастық Банкі
мен
Қазақстан Республикасының Үкіметі
арасындағы
Астана қаласын сумен жабдықтау және кәріз жобасы
жөніндегі
Қарыз туралы Келісім
 
2003 жылғы 8 шілде

      Жапон Халықаралық Ынтымақтастық банкі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің арасындағы 2003 жылғы шiлдедегi N KAZ-P5 Астананы сумен жабдықтау және кәрiздеу жобасы жөнiндегi Қарыз туралы келiсiм
      Қазақстан Республикасының экономикалық тұрлаулылығы мен дамуы жөнiндегi қадамдарға жәрдемдесу мақсатында Жапония беретiн қарызға жатқызылған 2002 жылғы 29 наурыздағы Жапония Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы нота алмасу мазмұны тұрғысынан, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өтiнiшiне орай.
      Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Банкі (бұдан әрi - "БАНК" деп аталады) мен қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрi "Қарыз алушы" деп аталады) осымен мына Қарыз туралы келiсiмдi жасасады, осы келiсiмге қосымша барлық келiсiмдердi қамтиды (бұдан әрi "Қарыз туралы келiсiм" деп аталады).

I бап
Қарыз

      1-бөлiм. Қарыздың сомасы мен мақсаттары

      БАНК Қарыз туралы келiсiмде айтылған шарттарды және ережелерде және Жапонияның тиiстi заңдары мен ережелерiне сәйкес сипаттауы осы Келiсiмнiң 1-қосымшасында келтiрiлетiн Астана қаласын сумен жабдықтау және кәрiздеу жобасын (бұдан әрi - "Жоба" деп аталады) iске асыру үшiн негiзгi сома түрiнде жиырма бір миллиард үш жүз алпыс бір миллион (21,361,000,000) жапон иенiнен аспайтын соманы (бұдан әрi - "Қарыз" деп аталады) Қарыз алушыға беруге келiсiм бередi, алайда, егер төлемдердiң жалпы сомасының жиынтығы Қарыз туралы келiсiмге сәйкес жоғарыда көрсетiлген шектi сомаға жеткен жағдайда БАНК одан әрi ешқандай төлемдер жүргiзбейдi.

      2-бөлiм. Қарыз қаражатын пайдалану

      (1) Қарыз алушы сипаттауы осы Келiсiмнiң 2-қосымшасында
          келтiрiлген Қарыз қаражатын бөлуге сәйкес сипатталуы осы
          Келiсiмнiң 4-қосымшасында келтiрiлетiн қолайлы
          ел-көздерден (бұдан әрi - "Қолайлы ел (дep) - көз (дep)
          берушiлерден, мердiгерлерден немесе консультанттардан
          (бұдан әрi бiрлесiп "Берушi (-лер)" деп аталатындар)
          Жобаны орындау үшiн қажеттi қолайлы тауарлар мен
          қызметтердi сатып алу үшiн Қарыз қаражатын пайдалануды
          қамтамасыз етедi.
      (2) Қарыз туралы келiсiмге сәйкес түпкiлiктi төлем Қарыз
          туралы келiсiм күшiне енген күннен кейiнгi тоғыз (9)
          жылдан кейiн сол күннен және айдан кешiктiрмей
          жүргiзiледi және одан кейiн БАНК, егер БАНК пен Қарыз
          алушының арасында өзгеше келiсілмесе, одан әрi ешқандай
          төлемдердi жүргiзбейдi.

II-бап
Өтеу және проценттер

      1-бөлiм. Қарыздың негізгi сомасын өтеу

      Қарыз алушы осы Келiсiмiң 3-қосымшасында келтiрiлген Борыштың мерзiмiн ұзартып төлеу кестесiне сәйкес БАНККЕ Қарыздың негiзгi сомасын өтейдi.

      2-бөлiм. Проценттерi және оларды өтеу тәсiлi

      (1) Қарыз алушы БАНККЕ төменде көрсетiлген (а), (b) және (с)
          санаттарына сәйкес негiзгi сома бойынша жылына екi бүтiн
          оннан екi процент (2,2%) ставка бойынша жарты жылда бiр
          рет процент төлейдi, одан төлемдер (бұдан әрi "Негiзгi
          сома (1) деп аталады) жүргiзіледi және ол бойынша төлемге
          ұсынылмаған сома болады:
      (а) (А) санатына жатқызылған Қарыз қаражатынан төленетiн
          негiзгi сома (ол осы Келiсiмнiң 2-қосымшасының
          1-бөлiмiнде көзделедi);
      (b) Төлемдерге қатысты Қарыз қаражатынан төленетiн қызмет
          көрсеткенi үшiн алымдар, ол туралы жоғарыда (1) (а)
          тармақшада айтылады;
      (с) (С) санатынан қайта бөлiнетiн (ол осы Келiсiмге
          2-қосымшаның 1-бөлiмiнде көзделгендегi сияқты) және
          жоғарыда келтiрiлген (1) (а) тармақшаға және/немесе (1)
          (b) тармақшаға төленетiн кез келген негiзгi сома.
      (2) Қарыз алушы БАНККЕ төменде көрсетiлген (а), (b), (с)
          санаттарына сәйкес негiзгi сома бойынша жылына төрттен үш
          ставкасы (0,75%) бойынша жарты жылда бiр рет процент
          төлейдi, одан төлемдер (бұдан әрi "Негiзгi сома" (ІІ) деп
          аталады) жүргiзiледi және ол бойынша төлемге ұсынылмаған
          сома болады:
      (а) (В) санатына жатқызылған Қарыз қаражатынан төленетiн
          негiзгi сома (ол осы Келiсiмнiң 2-қосымшасының
          I-бөлiмiнде көзделедi);
      (b) Төлемдерге қатысты Қарыз қаражатынан төленетiн қызмет
          көрсеткенi үшiн алымдар, ол туралы жоғарыда (2) (а)
          тармақшада айтылады;
      (с) (С) санатынан қайта бөлiнетiн (ол осы Келiсiмнiң
          2-қосымшасының 1-бөлiмiнде көзделгендей) және жоғарыда
          келтiрiлген (2) (а) тармақшаға және/немесе (2) (b)
          тармақшаға төленетiн кез келген негiзгi сома.
      (3) Қарыз алушы БАНККЕ (i) Қарыз қаражатын төлеу аяқталған
          күнге дейiн (бұдан әрi - "Төлемдердiң аяқталу күнi")
          әрбiр жылдың 20 мамырында алдағы жылдың 20 қазанынан
          бастап 19 сәуiрiне дейiн жинақталған проценттердi және
          әрбiр жылдың 20 қарашасында ағымдағы жылдың 20 сәуiрiнен
          бастап 19 қазанына дейiн жинақталған проценттердi; және
          (ii) төлемдердiң аяқталу күнiнен кейiн әрбiр жылдың 20
          сәуiрiнде алдағы жылдың 20 қазанынан бастап 19 сәуiрiне
          дейiн жинақталған проценттердi және әрбiр жылдың 20
          қазанында ағымдағы жылдың 20 сәуiрiнен бастап 19 қазанына
          дейiн жинақталған проценттердi төлейдi.
      (4) Егер Төлемдердiң аяқталу күнi 20 мамырдан немесе 20
          қарашадан бастап кемiнде үш ай бұрын басталған жағдайда,
          алдындағы бөлiмшелерге қарамастан Төлемдердiң аяқталу
          күнiнен кейiн проценттердi бастапқы төлеу осы күндердiң
          қайсысы ерте басталғанына қарамастан 20 мамырда немесе 20
          қарашада жүргiзiледi.

ІII бап
Ерекше жағдайлар

      1-бөлiм. Жалпы шарттар мен ережелер

      Қарыз туралы келiсiмде әдетте қолданылатын басқа шарттар мен ережелер келесi қосымша ережелерiмен 1999 жылғы қазандағы Дамытуға ресми көмек (ДРК) Қарыздары жөнiндегi Жалпы шарттар мен ережелерде (бұдан әрi "Жалпы шарттар және ережелер" деп аталады) көрсетiледi:
      (1) "Негiзгi сома" терминi оны Жалпы шарттар мен ережелерде
          пайдаланудың барлық жағдайларында "Негiзгi сома (І) және
          Негiзгi сома (ІI)" терминдерiмен ауыстырылады;
      (2) Қарыз алушы негiзгi соманы өтеудi немесе проценттi немесе
          өзге де соманы төлеудi төлемдердi белгiлi бiр төлемдерге
          жатқызу тәртiбiн көрсетпей жүргiзген жағдайда, БАНК
          Негiзгi сома (І) және Негiзгi сома (II) бойынша негiзгi
          сома, проценттер немесе өзге де төлемдер арасында
          төлемдердi осындай жатқызу тәртiбi туралы шешiм қабылдай
          алады;
      (3) Жалпы шарттар мен ережелердiң 3.07-бөлiмiне қатысты Қарыз
          алушы Қарыз бойынша негiзгi соманың, проценттердiң және
          басқа да төлемдердiң барлық төлемдерiн
            Tokyo-Mitsubishi Ltd.,          "Токио-Мицубиси Лтд."
                  Tokyo                             Токио
                  Japan                            Жапония
            Account No.3577055                  N 3577055 шот
          банкiнде БАНКТIҢ кредит шотына жатқызады

      (4) 9.03 Жалпы шарттар мен ережелер бөлiмi мынамен
          ауыстырылсын:
          Қарыз туралы келiсiмдегi тараптарға барлық хабарламалар,
          сұратулар және басқа да хабарлауларды Қарыз туралы
          келiсiмде көрсетiлген мекен-жайлар немесе Қарыз туралы
          келiсiмдегi қандай да болмасын тарап Келiсiмдегi екiншi
          тараптардың әрқайсысы жазбаша хабарламасында көрсете
          алатын осындай басқа мекен-жайлар бойынша тапсырыстық
          авиапочта бойынша немесе халықаралық деңгейде танылған
          курьер арқылы немесе телекс немесе факсимальдiк байланыс
          бойынша (растауды алу телекс немесе факсимальдік байланыс
          бойынша тиiстi хабарламаны нақты алу үшiн қажеттi болып
          табылмаса да тапсырыс авиапочтамен немесе халықаралық
          деңгейде танылған курьер арқылы дереу растай отырып)
          берiледi немесе ұсынылады.
      (5) Жалпы ережелер мен шарттардың 10.02 (1) Бөлiмiнде
          көрсетiлген 5-нысан осы Келiсiмге қоса берiлетiн N 3
          нысанмен ауыстырылатын болады.

      2-бөлiм. Сатып алу рәсiмi

      Жалпы шарттар мен ережелердiң 4.01-бөлiмiнде айтылатын сатып алу және кеңес берушiлердi жалдау үшiн ереже 4-қосымша түрiнде осы Келiсiмге қоса берiлген Сатып алу рәсiмдерiнде келiсiлгендер болып табылады.

      3-бөлiм Төлем рәсiмдерi

      Жалпы шарттар мен ережелердiң 5.01-бөлiмiнде сөз болған төлем рәсiмдерi мыналар болып табылады:
      (1) Осы Келiсiмге 5-қосымша түрiнде ұсынылатын
          мiндеттемелермен байланысты рәсiм Қазақстан
          Республикасының валютасынан ерекшеленетiн валютада
          көрсетiлген валютада келiсiм-шарт бөлiгiне қатысты
          Қазақстан Республикасынан өзгеше қолайлы ел(дер)ден - көз
          (дер) ден Берушiге (лерге) төлемдер жасаған жағдайда
          қолданылады.
      (2) Осы Келiсiмге 6-қосымша түрiнде ұсынылатын өтеу рәсiмi
          Қазақстан Республикасының Берушiсiне (-лерiне) және
          Қазақстан Республикасынан өзгеше қолайлы елдiң
          (-дердiң) - көздiң (-дердiң) Берушiсiне (-лерiне)
          жүргiзiлетiн келiсiм-шарт бөлiгiне қатысты Қазақстан
          Республикасының валютасында көрсетiлген төлемдер бойынша
          өтеген жағдайда қолданылады.

      4-бөлiм. Қарызды басқару

      (1) Қарыз алушы Астана қаласының Үкiметiне (Әкiмдiк) (бұдан
          әрi - "Атқарушы-ұйым" деп аталады) Қарыз туралы келiсiмге
          сәйкес жобаны iске асыруға уәкiлеттiк бередi.
      (2) Қарыз алушы Жобаны орындау үшiн Атқарушы-ұйымдардың
          консультанттарды жалдауын қамтамасыз етедi.
      (3) Егер Қарыздан берiлетiн қаражат Жобаны орындау үшiн
          жеткілiксiз болса, Қарыз алушы тез арада қажеттi
          қаражатты беру жөнiндегi шараларды қабылдайды.
      (4) Жобаны орындау үшiн Қарыз алушы Атқарушы-ұйымға Қарыз
          қаражатын қарызға бере алады (бұдан әрi - "Қосалқы қарыз"
          деп аталады). Қосалқы қарыздың шарттары мен ережелерi
          Қарыз туралы келiсiмнiң шарттары мен ережелерiне
          қарағанда онша қолайсыз болып табылмайды.
      (5) Қарыз алушы Атқарушы-ұйымның БАНК негiздеп сұрата алатын
          осындай нысанда және осындай егжей-тегжейлi тәптiштеп
          Жоба аяқталғанға дейiн Жобаның орындалу барысы туралы
          тоқсан сайынғы есептердi (әрбiр жылдың қаңтар, сәуiр,
          шiлде және қазанында) БАНККЕ берудi қамтамасыз етедi.
      (6) Қарыз алушы Жоба аяқталғаннан кейiнгi, бiрақ кез келген
          жағдайда алты (6) ай iшiнде кiдiрiссiз Атқарушы-ұйымның
          БАНК негiздеп сұратуы мүмкiн осындай нысанда және осындай
          егжей-тегжейлi тәптiштелген есептi БАНККЕ ұсынуды
          қамтамасыз етедi.

      5-бөлiм. Хабарламалар мен сұратулар

      Жалпы шарттар мен ережелердiң 9.03-бөлiмiнiң мақсаттары үшiн мынадай мекен-жайлар көрсетiледi:

      БАНКТIҢ мекен-жайы:

      JAPAN ВАNК FOR INTERNATIONAL            Жапон Халықаралық
             COOPERATION                     Ынтымақтастық Банкі
        4-16 Ohtemachi 1-chome               4-1, Охтемачи 1-чом
             Chiyoda-ku                          Чийода-ку
           Tokyo 100-8144                     Токио 100-8144
               Japan                              Жапония
             Attention                       Дамытуға Ықпалдасу
           Director General                 жөніндегі IV бөлімнің
      Development Assistance                  Бас директорының
         Departrnent IV                           Назарына

               Telex:                              Телекс:

      (1) Саll No. :  J23360           (1) Шақырылатын нөмiр: J28360
          Answer Back : JBIC J28360    Автожауапбергіш: JBIC J28360
          Code                         Коды

      (2) Саll No. : J28430            (2) Шақырылатын нөмiр: J28430
          Answer Back : JBIC J28430    Автожауапбергiш: JBIC J28430
          Code                         Коды

          FAX: +81-3-5218-3973         Факсимальдiк байланыс нөмiрi:
                                              +81-3-5218-3973

      Қарыз алушының мекен-жайы:
      Почталық мекен-жайы:

      МINISTRY ОҒ FINANCЕ ОҒ THE       Қазақстан Республикасының
      REPUBLIС OF KАZАKНSТАN                 Қаржы министрлігі
          33 Pobeda Ave.                       Астана 473000
          Аstana, 473000                     Жеңіс даңғылы, 33
      The Republic of Kazakhstan          Қазақстан Республикасы

             Attention:                         Министрдің

              Мinister                           назарына:

                Fax:                   Факсимальдық байланыс нөмірі:
          +7-3172-117762                      +7-3172-117762
      Атқарушы-ұйымның мекен-жайы:
      Почталық мекен-жайы:

            АSTANА СIТҮ                   Астана қаласының Үкіметі
        GОVЕRNМЕNТ (АКIМАТ)                      (Әкімдік)
         Оmаrоvа str., 60                  Қазақстан Республикасы
           Astana 473000                        Астана 473000
      The Republic of Kazakhstan              Омаров көшесі, 60

       Attention: Mayor (Akim)            Мэрдің (Әкімнің) назарына

              Fax:                     Факсимальдық байланыс нөмірі:
         +7-3172-321223                      +7-3172-321223

      Жоғарыда көрсетiлген мекен-жайлар және/немесе атаулар өзгерген жағдайда, осындай өзгерiстер орын алған тарап келесi тарапқа жаңа мекен-жайлары мен атаулары туралы жазбаша түрде хабардар етедi.

      Осыны куәландыру үшін БАНК және Қарыз алушы тиiстi түрде өздерiнiң уәкiлеттi өкiлдерi арқылы өз аттарынан осы Келiсiмнiң тиiсiнше жасалуын және басында жоғарыда көрсетiлген күнi және жылы Токио, Жапонияға оны ресми берудi қамтамасыз еттi.

      Жапон Халықаралық                 Қазақстан Республикасының
      Ынтымақтастық Банкі               Үкіметі

      үшін                              үшін
      _____________________             _____________________
      Кюсуке Шинозава                   Тiлеухан Қабдырахманов
      Басқарушы                         Қазақстан Республикасының
                                        Жапониядағы Төтенше және
                                        Өкiлеттi Елшiсi

1-қосымша
 
Жобаны сипаттау

      1-бөлiм. Жобаны сипаттау

      (1) Мақсаты
      (і)  Қазiргi бар ескiрген жүйелердi қалпына келтiру және
           ауыстыру және оларды кеңейту жолымен Астана қаласының
           тұрғындарын сумен жабдықтау және кәрiздеу жөнiндегi
           қызметтерге тұрақты қол жетуiн қамтамасыз ету
      (іi) судың ағып кетуiн азайту және экономикалық тиiмдi
           жоспарлауды ынталандыру және сумен жабдықтау және
           кәрiздеу саясатын экономикалық тиiмдi жоспарлауды,
           басқаруды және дамытуды ынталандыру жолымен шектелген
           суларды тиімдi пайдалануға ықпал ету;
      (2)  Орналасқан жерi
      Астана қаласының аймағы
      (3) Орындаушы-ұйым
      Астана қаласының Үкiметi (Әкiмдiк)
      Мынадай екi мекеме Астана қаласының Үкiметiмен (Әкiмдiгiмен) ынтымақтастық жобасын iске асыруға тартылатын болатын.
      (i)  Астананы Дамыту Корпорациясы (АДК) - акцияларының
           100%-i Қазақстан Үкiметiне тиесілі Астана қаласын кеңейту
           үшін сыртқы қаражатты тарту үшiн 1999 жылы құрылған жабық
           акционерлiк қоғам; және
      (ii) Астана Су Арнасы, (ACA) сумен жабдықтау және кәрiздеу
           жөнiндегi күнделiктi жұмысқа жауап беретiн Астана қаласы
           Үкiметiне бағынатын құрылымдардың бipeуi
      (4) Жұмыстардың көлемi
      (а) Тұтыну санауыштарын қоса алғанда сумен жабдықтау жүйесi
          жөнiндегi құрылыс жұмыстары
      (b) Ағынды сулар жүйесi жөнiндегi құрылыс жұмыстары
      (с) Консультациялық қызметтер
      Қарыз қаражаты (а), (b) және (с) тармақтары бойынша берiледi.
      Жоғарыда көрсетiлген және кез келген басқа тармақтар бойынша кез келген қалдықты Қарыз алушы қаржыландырады.

      2-бөлiм. Бағалауға сәйкес қаржыландыруға жылдық
                қажеттiлiк төменде көрсетiледi:

     Қаржы жылы          Қарыз бойынша             Жоба бойынша
(қаңтар-желтоқсан)  (миллион жапон иенiмен)  (миллион жапон йенiмен)
      2003                   35                         46
      2004                 2,052                       2,736
      2005                 6,867                       9,155
      2006                 6,051                       8,068
      2007                 5,755                       7,673
      2008                   601                        803
___________________________________________________________________
     Барлығы               21,361                       28,481

      Қарыз қаражатын төлеудi БАНК үшiн Жапон Yкiметiнiң жыл сайынғы бюджеттiк қаржы бөлулерiнiң шегiнде жүргiзiледi.

      3-бөлiм. Жобаны ақауларды жою жөнiндегi жауапкершiлiктiң
                кейiнгi кезеңiмен 2008 жылдың ақпанына аяқтау
                ұйғарылады.

2-қосымша
 
Қарыз қаражатын бөлу

      1-бөлiм. Бөлу

      Санаты                        Қарыз         Қаржыландырылатын
                                 қаражатының        шығыстар %-пен
                                 сомасын бөлу
                                (миллион жапон
                                   иенiмен)
      Мынадай баптар бойынша
      шетел валютасындағы
      бөлiгi

      (А) Құрылыс жұмыстары         17,004                 89
      (В) Консультациялық
          қызметтер                 1,698                 100
      (С) Күтпеген шығыстар         2,659                  -
___________________________________________________________________
      Жиыны:                        21,361

      Ескерту: Қаржыландыруға қолайсыз баптар төменде көрсетiледi:

      (а) Жалпы әкiмшiлiк шығыстар
      (b) Салықтар мен баждар
      (с) Жердi және өзге де жылжымайтын мүлiктi сатып алу
      (d) Өтемақы
      (e) Жанама шығыстардың өзге баптары

      Әрбiр санат бойынша төлемдерге қатысты төленетiн сома егер БАНК пен Қаржы алушы арасында өзгеше келiсiлмесе, осы бөлiмде көрсетiлетiн тиiстi санаттың процентiне көбейтiлген қолайлы шығыстардың сомасынан есептеледi.

      2-бөлiм. Шығыстар сметасында өзгерiстер кезiнде
                қаражатты қайта бөлу

      (1) Егер (А) және/немесе (В) санаттарының кез келген бiреуiне
          енгiзiлген баптар бойынша шығыстар сметасында азайту
          болса, бұл жағдайда осындай санатқа арналған, бiрақ ол
          үшiн оған қажеттiлiк жоқ соманы БАНК қайта бөледi және
          (С) санатына жатқызылатын болады.
      (2) Егер (А) және/немесе (В) санаттарының қандай да бiреуiне
          енгiзiлген баптар бойынша шығыстар сметасында көбейту
          болса, Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын осындай
          көбейтудiң бөлiгiне тең соманы БАНК Қарыз алушының сұрауы
          бойынша алайда басқа Санаттардағы баптар бойынша
          шығыстарға қатысты БАНК анықтайтын күтпеген шығыстарға
          жатқызылған талаптарды ескере отырып, (С) Санатынан
          осындай Санатқа жатқызатын болады.

3-қосымша
 
Борышты мерзiмiн ұзартып өтеу кестесi

      1. Негiзгi соманы өтеу (1)

                                                        Сомасы
      Шартталған мерзiмi                            (жапон иенiмен)
      2012 жылғы 20 желтоқсан                         479,600,000
      2013 жылғы 20 маусымнан бастап 2032 жылғы
      20 желтоқсанды қоса алғанда әрбiр жылдың 20
      маусымы мен 20 желтоқсаны                       479,585,000

      2. Негiзгi Соманы өтеу (ІІ)

      Шартталған мерзiмi                                Сомасы
                                                    (жапон иенiмен)
      2012 жылғы 20 қазан                              27,840,000
      2013 жылғы 20 сәуiрден бастап 2042 жылғы
      20 қазанды қоса алғанда әрбiр жылдың 20
      сәуiрi мен 20 қазаны                             27, 836,000

4-қосымша
 
Сатып алу рәсiмi

      1-бөлiм. Қарыз бойынша сатып алу кезiнде
                қолданылатын ережелер

      (1) Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын консультациялық
          қызметтердi қоспағанда, барлық тауарлар мен қызметтердi
          сатып алу Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Банкiнiң ОDА
          Қарыздары бойынша (Дамуға ресми көмек (ДРК) сатып алу
          ережесiне (1999 жылғы қазан) (бұдан әрі - "Сатып алу
          ережесi") сәйкес жүргiзiледi.
      (2) Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын консультанттарды
          жалдау Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Банкiнің ДРК
          Қарыздар бойынша консультанттарды жалдау ережесiне (1999
          жылғы қазан) (бұдан әрi - "Консультанттарды жалдау
          ережесi") сәйкес жүргiзiледi.

      2-бөлiм. Қолайлы елдер-көздер

      (1) Әлемнiң барлық елдерi мен аймақтары Қарыз қаражатынан
          қаржыландырылатын консультациялық қызметтердi қоспағанда,
          барлық тауарлар мен қызметтердi сатып алу үшiн қолайлы ел
          (дер)-көз (дер) болып табылады.
      (2) Қазақстан Республикасы мен Жапония Қарыз қаражатынан
          қаржыландырылатын консультациялық қызметтерге өтiнiш
          бiлдiру үшiн қолайлы ел (дер)-көз (дер) болып табылады.
      (3) Консалтингтiк фирмаларды жалдау жүргiзiлгенде, мұндай
          фирмалар мынадай талаптарға сәйкес келуi тиiс:
      (a) жазылу бойынша шығарылған акциялардың көбi Қолайлы
          елдер-көздердiң азаматтарына тиесiлi;
      (b) толық жұмыс аптасында қолы бос емес директорлардың көбi
          Қолайлы-елдер-көздердің азаматтары болып табылады;
      (с) мұндай фирмалардың заңды тұлға мәртебесі бар және
          Қолайлы елдер-көздерде тiркелген.
      (4) Жоғарыда (3) тармақта айтылған талаптарға сәйкес келмейтін
          консалтингтiк фирмалар iшiнара көрсететiн
          консультациялық қызметтер егер мұндай фирмалардағы
          адам-айлардың жалпы саны консультациялық қызметтер үшiн
          талап етiлетiн адам-айлардың кемiнде елу процентiн
          (50%-iн) құраса қаржыландыру үшiн қолайлы болуы мүмкiн.
          Алайда мұндай консалтингтiк фирмаларды Қарыз алушы жалға
          алмайды, жоғарыда (3) тармақта айтылатын барлық үш шартқа
          жауап беретін консалтингтiк фирмалармен қосалқы шарт
          жасасуы мүмкiн емес.

      3-бөлiм. БАНКТIҢ консультациялық қызметтердi қоспағанда,
                тауарлар мен қызметтердi сатып алуы туралы
                шешiмдердi қарауы

      (1) Осы Келiсiмге 2-қосымшада көрсетiлгендей (А) санатына
          жатқызылған Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын
          келiсiм-шарттар жағдайында Жалпы шарттар мен ережелердiң
          4.02-бөлiмiне сәйкес мынадай рәсiмдер БАНКТIҢ қарауына
          және мақұлдауына жатады.
      (а) Құны бағалауға сәйкес кемiнде Бес жүз миллион жапон иенiн
          (500,000,000) құрайтын кез келген келiсiм-шартқа қатысты:
      (i)   Егер Қарыз алушы Халықаралық бәсекелестiк саудадан
            ерекшеленетiн сатып алу рәсiмдерiн қабылдауға ниет
            бiлдiрсе, Қарыз алушы БАНККЕ сатып алу тәсiл (-дер)iн
            қарау туралы сұрау салу бередi. БАНК Қарыз алушыға
            Сатып алу тәсiл (дер)iне қатысты хабарламада өзiнiң
            келiсiмi туралы хабарлайды.
      (іі)  Алдын ала баға алған фирмалардың қатарынан iрiктеу
            жүргiзiлгеннен кейiн БАНККЕ оның қарауына және
            мақұлдауына мұндай фирмалардың тiзiмiн және жасалған
            таңдаудың негiздемесiмен және Алдын ала бағалаудың
            нәтижелерiн қарау туралы сұрау салумен бiрге барлық
            қажеттi құжаттарды қоса бере отырып, iрiктеу процесi
            туралы есептi бередi. Қарыз алушы БАНККЕ оның назарына
            БАНК негiздi түрде сұрататын алдын ала балалауға
            қатысты осындай басқа құжаттарды бередi. Егер БАНКТIҢ
            жоғарыда аталған құжаттарға келiспеушiлiктерi болмаған
            жағдайда БАНК тиiсiнше Қарыз алушыны Алдын ала бағалау
            нәтижелерiне қатысты Хабарлама жолымен Қарыз алушыны
            ақпараттандырады.
      (ііі) Қарыз алушы алдын ала бағалаудың құжаттары үшiн Жапон
            Халықаралық Ынтымақтастық Банкiнiң ОDА Қарыздары
            (Дамуға ресми көмек) бойынша Алдын ала бағалау жөнiндегi
            құжаттардың үлгiлерiн қолданады. Қажет болған жағдайда
            алдын ала бағалаудың нысаны Қарыз алушы БАНКТIҢ алдын
            ала келiсiмi үшiн Алдын ала бағалаудың нысанынан
            ерекшеленетiн түсiндiрудi бередi деген шартпен
            келiсiм-шарт жасасу туралы ұсыныс сипатына бейiмделуi
            мүмкiн.
      (iv)  "екi конверт" жүйесi бойынша сауда рәсiмiн қабылдаған
            жағдайда Қарыз алушы бағаларды ұсынуды жариялағанға
            дейiн БАНККЕ оның қарауына және мақұлдауына техникалық
            ұсыныстарды талдауды қарау туралы сұрау салумен бiрге
            техникалық ұсыныстарды талдауды бередi.
      (v)   Тендердi жеңiп алған қатысушыға мердiгерлiк беру туралы
            хабарлама жіберу алдында Қарыз алушы БАНККЕ оның
            қарауына және мақұлдауына саудадағы өтінімдерді
            талдауды және Саудадағы өтінімдерді талдауды қарау
            туралы сұрау салумен бірге мердігерлік беру туралы
            ұсынысты және Мердігерлікті беру туралы ұсыныстарды
            (жоғарыда (іv) тармақшада айтылатын іс-әрекеттерді
            орындау кезінде "Саудадағы өтінімдерді талдау" деген сөз
            тіркесі бұдан әрі "Бағалардың ұсыныстарын талдау"
            дегенді білдіреді) береді. Қарыз алушы Банкке оның
            назарына тапсырысты беруге қатысты, мысалы, БАНК
            негізді сұрататын тендер құжаттары сияқты басқа
            құжаттарды береді. Егер БАНКТІҢ жоғарыда аталған
            құжаттарға келіспеушілігі болмаған жағдайда БАНК
            тиісінше Саудадағы өтінімдерді талдауға және
            Мердігерлікті беру туралы ұсынысқа жатқызылатын
            Хабарлама арқылы қарыз алушыны ақпараттандырады.
      (vі)  Сатып алу ережесінің 5.10-бөлімінде айтылған жағдайда
            және Қарыз алушы саудадағы барлық өтінімдерді кейінге
            қалдырғысы немесе ең төмен баға алған сауданың
            қатысушысымен келіссөз жүргізгісі келсе (немесе,
            келесі ең төменгі баға алған қатысушымен келіссөздердің
            қолайлы нәтижесі болмаған кезде) қолайлы келісім-шарт
            жасасу мақсатында Қарыз алушы өзінің себептері туралы
            БАНКТІ хабардар етеді және алдын ала қарау мен
            мақұлдауды сұрайды. Егер БАНКТІҢ келіспеушіліктері
            болмаса, ол Қарыз алушыны өзінің келісімі туралы
            хабардар етеді. Сауданы қайта өткізген
            жағдайда кейінгі барлық рәсімдер мәні жағынан (і)
            бастап (v) дейін қоса алғандағы тармақтарға сәйкес
            келеді.
      (vіі) Келісім-шарт жасалғаннан кейін Қарыз алушы тез арада
            БАНККЕ оның қарауына және мақұлдауына тиісінше
            Келісім-шартты қарау туралы сұрау салумен бірге
            келісім-шарттың расталған көшірмесін (осы келісімге
            қоса берілетін N 1 Нысанға сәйкес) береді. Егер БАНК
            келісім-шарт Қарыз туралы келісімге қарама-қайшы
            кемейді деп анықтаған жағдайда, БАНК тиісінше
            Келісім-шартқа жатқызылған Хабарлама арқылы Қарыз
            алушыны ақпараттандырады.
      (vііі) Банк қараған келісім-шартты кез келген өзгерту немесе
            жою үшін оған БАНКТІҢ жазбаша келісімі талап етіледі,
            алайда елеулі болып табылмайтын және келісім-шарттың
            бағасына әсер етпейтін келісім-шарттың өзгерістері үшін
            БАНКТІҢ мұндай келісімі талап етілмейді.
      (b)   Құны бағалауға сәйкес кемінде БІР МИЛЛИАРД
            (1,000,000,000) жапон иенін құрайтын кез келген
            келісім-шартқа қатысты:
            Жоғарыда (a) (i) бастап (vіі і) қоса алғандағы
            тармақшаларда айтылған барлық рәсімдерге қосымша
            ретінде мынадай іс-әрекеттер орындалады. Алдын ала
            бағалау туралы жариялау және/немесе хабардар ету
            алдында Қарыз алушы БАНККЕ оның қарауына және
            мақұлдауына алдын ала бағалаудың өлшемдерін мұндай
            өлшемдері қарау туралы сұрау салумен бірге береді. БАНК
            Қарыз алушыдан БАНКТІҢ назары үшін алдын ала бағалауға
            байланысты құжаттарды беруді талап ету құқығын өзіне
            қалдырады. Егер БАНКТІҢ жоғарыда аталған өлшемдерде
            келіспеушіліктері болмаса, БАНК тиісінше Қарыз алушыны
            Алдын ала бағалаудың өлшемдеріне жатқызылатын Хабарлама
            жолымен ақпараттандырады. Заемшының кейіннен жоғарыда
            аталған өлшемдерді өзгертуі үшін БАНКТІҢ алдын ала
            жазбаша келісімі талап етіледі. Егер БАНК қажет деп
            санаса, Банктің алдын ала бағалау құжаттарын қарауы
            және мақұлдауы талап етіледі.
      (c)   Құны бағалауға қатысты кемінде ҮШ МИЛЛИАРД
            (3,000,000,000) жапон иенін құрайтын кез келген
            келісім-шартқа қатысты:
            Жоғарыда (a) (i) бастап (vіі і) және (b) қоса алғандағы
            тармақшаларда айтылған барлық рәсімдерге қосымша
            ретінде мынадай іс-әрекеттер орындалады.
            Саудаға қатысу үшін шақыру алдында Қарыз алушы БАНККЕ
            оның қарауына және мақұлдауына саудаға арналған
            өтінімдер бағасының өлшемдерін мұндай өлшемдерді қарау
            туралы сұрау салумен бірге береді. БАНК Қарыз алушыдан
            БАНКТІҢ назарына тендерге байланысты құжаттарды беруді
            талап ету құқығын өзіне қалдырады. Егер БАНКТІҢ
            жоғарыда аталған өлшемдерге келіспеушіліктері болмаған
            жағдайда БАНК тиісінше Саудадағы өтінімдерді бағалау
            өлшемдеріне жататын Хабарлама арқылы Қарыз алушыны
            ақпараттандырады. Қарыз алушының кейіннен жоғарыда
            аталған өлшемдерді кез келген өзгертуі үшін БАНКТІҢ
            оған алдын ала жазбаша келісімі талап етіледі. Банк
            қажет деп есептеген жағдайда БАНКТІҢ тендер құжаттарын
            қарауы және мақұлдауы талап етіледі.
      (d)   Құны бағалауға сәйкес кемінде БЕС ЖҮЗ МИЛЛИОН
            (500,000,000) жапон иенін құрайтын кез келген
            келісім-шартқа қатысты:
            (i) Қарыз алушы келісім-шартты жасасқаннан кейін
            тез арада оның қарауына және мақұлдауына тиісінше
            Келісім-шартты қарау туралы сұрау салумен бірге
            келісім-шарттың расталған көшірмесін (осы Келісімге
            қоса берілетін N 1 нысанға сәйкес) береді. Егер БАНК
            келісім-шарт Қарыз туралы Келісімге қайшы келмейді деп
            анықтаса, ол тиісінше Келісім-шартқа жатқызылатын
            Хабарлама жолымен Қарыз алушыны ақпараттандырады. Қарыз
            алушы БАНККЕ оның назарына БАНК негізді сұрататын
            келісім-шартқа жатқызылатын басқа осындай құжаттарды
            береді.
            (ii) Банк қараған келісім-шартты кез келген өзгерту
            немесе жою үшін оған БАНКТІҢ жазбаша келісімі талап
            етіледі, алайда елеулі болып табылмайтын және
            келісім-шарттың бағасына әсер етпейтін келісім-шарттың
            өзгерістері үшін БАНКТІҢ мұндай келісімі талап
            етілмейді.

      4-бөлiм. БAHКTIҢ консультанттарды жалдауға қатысты
                шешiмдердi қарауы

      (1) Жалпы шарттар мен ережелердiң 4.02-бөлiмiне қатысты
          мынадай рәсiмдер БАНКТIҢ қарауына және мақұлдауына жатады.
      (а) Консультанттардың ұсыныстарды беруiне шақыру алдында Қарыз
          алушы БАНККЕ оның қарауына және мақұлдауына Құзыретiнiң
          шегi туралы мәлiметтердi, Консультанттардың қысқаша
          тiзiмiн және мұндай құжаттарды қарау туралы сұрау салумен
          бipгe Шақыру-хатын бередi. Егер БАНКТIҢ жоғарыда аталған
          құжаттарға қарсы келiспеушiлiктерi болмаса, ол тиiсiнше
          Құзыретiнiң шегi, Консультанттардың қысқаша тiзiмi және
          Шақыру-хаты туралы хабарлама жолымен Қарыз алушыны
          ақпараттандырады. Қарыз алушының жоғарыда құжаттарды
          кейiннен кез келген өзгертуi үшiн БАНКТIҢ алдын ала
          келiсiмi талап етіледi.
      (b) Келiсiм-шарт жасасу туралы келiссөздердi бастау үшiн
          жоғары баға алған консультантты шақыру алдында Қарыз
          алушы БАНККЕ оның қарауына және мақұлдауына
          консультанттардың ұсыныстарын бағалау туралы есептi қарау
          туралы сұрау салумен бiрге олар алған ұсыныстарды бағалау
          нәтижелерiн бередi. Егер БАНКТIҢ жоғарыда аталған
          құжаттарға қарсы келiспеушiлiктерi болмаса, ол тиiсiнше
          Консультанттардың ұсыныстарын бағалау туралы есепке
          қатысты Хабарлама жолымен Қарыз алушыны ақпараттандырады.
      (с) Консультанттарды жалдау ережесiнiң 3.01 (2) бөлiмiнде
          көзделетiндегідей, егер Қарыз алушы консультант ретiнде
          нақты тұлғаны жалдағысы келсе, ол жазбаша түрде өзiнiң
          себептерi туралы БАНККЕ оларды Шақыру-хатпен және
          Құзыретiнiң шегi туралы мәлiметтермен бiрге қарау және
          мақұлдау үшiн жазбаша түрде хабарлайды. БАНК-тiң
          келiсiмiн алғаннан кейiн Қарыз алушы Шақыру хатын және
          сөз қозғалып отырған консультанттың техникалық тапсырмасы
          туралы мәлiметтер жiбере алады.
          Егер Қарыз алушы консультанттың ұсынысын қолайлы болады
          деп санаса, ол келiсiм-шарттың ережелерi (қаржы шарттарын
          қоса алғанда) туралы келiссөздер жүргiзе алады.
      (d) Келiсiм-шарт жасағаннан кейiн Қарыз алушы дереу БАНККЕ
          Келiсiм-шартты қарау туралы сұрау салумен бiрге
          келiсiм-шарттың (осы Келiсiмге қоса берiлген N 2 нысанға
          сәйкес) расталған көшiрмесiн тиiстi түрде қарауға және
          мақұлдауға бередi. Егер БАНК келiсiм-шартты Қарыз туралы
          келiсiмге қайшы келмейдi деп анықтаса, ол тиiсiнше Қарыз
          алушыны Келiсiм-шарт туралы хабарлама жолымен
          ақпараттандырады.
      (е) БАНК қараған келiсiм-шарттың кез-келген өзгерiстерi немесе
          күшiн жойғаны үшiн сол БАНК-тiң алдын-ала жазбаша келiсiмi
          талап етiледi, алайда келiсiм-шарттың өзгерiстерi үшiн
          мәндi болып табылмайтын және келiсiм-шарттың бағасына әсер
          етпейтiн шарттар кезiнде, БАНК-тiң мұндай келiсiмi талап
          етiлмейдi.
      (2) Әрбiр келiсiм-шартқа консалтинг фирмалардың қолайлылығына
          қатысты консалтинг фирмалары қол қойған және күнi
          көрсетiлген мынадай өтiнiш қоса берiледi:

          "Мен, төменде қол қойған, (консалтинг фирмасының атауы)
          заңды тұлға мәртебесi бар және (Қолайлы ел (-дер)-көзiнiң
          (-дерiнiң) атауы) тiркелгенiн және қолайлы консалтинг
          фирмасы болып табылатынын, акцияларға жiберiлген
          жазылыстың ___ процентi (__%) (Қолайлы ел (-дер)-көзiнiң
          (-дерiнiң) атауы (-лары) азаматтарына және ____
          процентi (__%) бүкiл жұмыс аптасында iспен шұғылданатын
          директорларға тиiстi екенiне қарамастан (Қолайлы ел (-дер)
          -көзiнiң (-дерiнiң) атауы (-лары) азаматтары болып
          табылатынын растаймын."

          "Мен, төменде қол қойған, осы Қарыз туралы келiсiмнiң
          4-қосымшасының (4) 2-бөлiмiнде айтылған талаптар
          қанағаттандырмайтын консалтинг фирмаларына келетiн
          адам-айдың жалпы саны консультациялық қызмет көрсетулер
          талап ететiн адам-ай санының ____ процентiн (__%)
          құрайтынын растаймын.

      5-бөлiм. Тiлi

      БАНК-тiң мекен-жайына жiберiлген барлық хат-хабарларды Қарыз алушы ағылшын тiлiнде жасайды. Саудаға қатысты құжаттарды қоса алғанда, барлық құжаттар ағылшын тiлiнде жасалады.

N 1 нысан
 
  Күнi:                  
Сiлтеме үшiн нөмiрi:   

      Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Банкі
      Токио, Жапония

      Дамуға көмек жөнiндегi ІV-бөлiмнiң
      Бас Директорының назарына

      Құрметтi мырзалар:

Келісім-шартты қарау туралы сұрау салу

      2003 жылғы 8 шiлдедегi N KAZ-P5 қарыз туралы келiсiмнiң тиiстi ережелерiне сәйкес осымен бiз осыған қоса берiлетiн Келiсiм-шарттың расталған көшiрмесiн Сiздiң қарауыңызға ұсынамыз. Келiсiм-шарт туралы егжей-тегжейлi деректер төменде келтiрiледi:

      1. Келiсiм-шарттың нөмiрi мен күнi : _______________________
      2. Берушiнiң атауы (тегi) және
         азаматтығы                      : _______________________
      3. Сатып алушының атауы (тегi)     : _______________________
      4. Келiсiм-шарттың бағасы          : _______________________
      5. үшiн пайдаланылатын
         қаржыландыру сомасы (қолайлы
         шығыстардың __ % құрайтын)      : _______________________

      Егер Сiздер Келiсiм-шартқа қатысты Хабарламаларыңызды жіберіп, Келiсiм-шартқа қатысты өздерiңiздiң келiсiмдерiңiз туралы хабарласаңыздар, алғысымызды бiлдiремiз.

Құрметпен,                           
_______________________              
(Қарыз алушының атауы)               
_______________________              
(құжатқа қол қоюға                   
уәкiлеттiк берiлген ресми            
тұлғаның қолы)                       

N 2 нысан
 
  Күнi:                  
Сiлтеме үшiн көмiрi:   

      Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Банкі
      Токио, Жапония

      Дамуға көмек жөнiндегi ІV-бөлiмнiң
      Бас Директорының назарына

      Құрметтi мырзалар:

Келісім-шартты қарау туралы сұрау салу
(консультациялық қызметтерге)

      2003 жылғы 8 шiлдедегi N KAZ-P5 қарыз туралы келiсiмнiң тиiстi ережелерiне сәйкес осымен бiз осыған қоса берiлетiн Келiсiм-шарттың расталған көшiрмесiн Сiздiң қарауыңызға ұсынамыз. Келiсiм-шарт туралы егжей-тегжейлi деректер төменде келтiрiледi:

      1. Келiсiм-шарттың нөмiрi мен күнi : _______________________
      2. Консультанттың атауы (тегi)
         және азаматтығы                 : _______________________
      3. (1) Қолайлы елдер-көздердiң
         азаматтарына тиiстi акцияларға
         жазылу жөнiнде жiберiлген
         процент                         : _______________________
         (2) Қолайлы елдер-көздердiң
         азаматтары болып табылатын
         барлық жұмыс аптасында iспен
         шұғылданған директорлардың
         процентi                        : _______________________
      4. Сатып алушының атауы (тегi)     : _______________________
      5. Келiсiм-шарттың бағасы          : _______________________
      6. үшiн пайдаланылатын
         қаржыландыру сомасы (қолайлы
         шығыстардың __% құрайтын)       : _______________________

      Егер Сiздер Келiсiм-шартқа қатысты Хабарламаларыңызды жiберiп, Келiсiм-шартқа қатысты өздерiңiздiң келiсiмдерiңiз туралы хабарласаңыздар, алғысымызды бiлдiремiз

Құрметпен,                           
_______________________              
(Қарыз алушының атауы)               
_______________________              
(құжатқа қол қоюға                   
уәкiлеттiк берiлген ресми            
тұлғаның қолы)                      

5-қосымша
 
  Мiндеттемелерге байланысты рәсiм

      ODA қарызы (1999 жылғы қазан) жөнiндегi мiндеттемелермен байланысты рәсiм (бұдан әрi - "Мiндеттемелермен байланысты рәсiм" деп аталатын) тиiстi өзгерiстерiмен Қазақстан Республикасының валютасынан ерекшеленетiн валютада көрсетiлген келiсiм-шарттың бөлiгiне қатысты Қазақстан Республикасынан ерекшеленетiн Қолайлы ел (-дер)-көзден (-дерден) Берушiден (-лерден) тауарлар мен қызметтер сатып алуға Қарыз қаражатын төлеу жағдайында мынадай қосымша ескертпелермен қолданылады:
      1. 1(3)-бөлiмiне қатысты Мiндеттемелерге байланысты рәсiмдер
         "Токио-Мицубиси Лтд." Токио Жапон Банкi және Эмиссиялық
         Банк болып табылады.
      2. (а) Қарыз алушы хатқа байланысты қызмет көрсеткенi үшiн
             ақы төлеу ретiнде Кепiлдiк хаттың сомасының нөл бүтiн
             оннан бiр процентiне (0,1%) тең жапон иенiнiң сомасын
             тиiстi Кепiлдiк хат берiлген күнi БАНККЕ төлейдi. БАНК
             қызмет көрсеткенi үшiн ақыны Қарыз алушыдан алғанда
             Жапон Банкiне Кепiлдiк хатын бередi.
         (b) Қызмет көрсеткенi үшiн ақы төлеудiң мұндай сомасына тең
             сома Қарыз қаражатынан қаржыландырылады және БАНК
             мұндай соманы өзiне Кепiлдiк хаты берiлген күнi қызмет
             көрсеткенi үшiн ақы түрiнде дереу төлейдi. Қарыз
             қаражатынан мұндай ақы төлеу Қарыз туралы келiсiмнiң
             шарттары мен ережелерiне сәйкес Қарыз алушының
             қолданыстағы және байланыстыратын мiндеттемесi болып
             табылады.

6-қосымша
 
  Ақы төлеу рәсiмi

      ODA қарыздарын (1999 жылғы қазан) төлеу рәсiмi (бұдан әрi - "Төлеу рәсiмi" деп аталатын) тиiстi өзгерiстерiмен Қазақстан Республикасының валютасынан ерекшеленетiн валютада көрсетiлген келiсiм-шарттың бөлiгiне қатысты Қазақстан Республикасынан ерекшеленетiн Қолайлы ел (-дер)-көзден (-дерден) Берушiден (-лерден) тауарлар мен қызметтер сатып алуға Қарыз қаражатын төлеу жағдайында мынадай қосымша ескертпелермен қолданылады:
      1. "Токио-Мицубиси Лтд." Токио Ақы төлеу рәсiмiн қоса алғанда,
         осы Қосымшада әрбiр еске алу кезiнде әр кезде Токиода
         валюта айырбастау жөнiндегi операцияларды жүзеге асырушы
         уәкiлеттi банк болып табылады.
      2. Төлеу рәсiмiнде еске алынатын Қарыз алушының аумағында
         валюта айырбастау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыруды
         уәкілеттi банк Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi
         белгiлеген банк болып табылады.
      3. Әр төлемдi растаушы және Төлеу рәсiмiнiң (b)2-тармағында
         оны пайдалану туралы айтылатын құжаттар, мыналар болып
         табылады:
      (a) берушілерге төлем бойынша
      (i)   берiлген немесе берiлетiн тауарды, оның саны және
            бағасын көрсете отырып берушiнiң шот-фактурасы;
      (ii)  шот-фактурада көрсетiлетiн тауарлардың берiлгенiн
            растайтын құжат; және
      (iii) берушi жүргiзетiн төлем күнiн және сомасын растайтын
            құжат.
      (b)   мердiгерлерге немесе консультанттарға ақы төлеу бойынша
      (i)   мердiгердiң немесе консультанттың орындаған жұмысы
            көрсетiлген мердiгердiң немесе консультанттың
            шот-фактурасы;
      (іі)  Атқарушы-ұйымның қолы қойылған мердiгердiң немесе
            консультанттың орындаған жұмыс туралы анықтама; және
      (ііі) мердiгерге немесе консультантқа жүргiзген төлем күнiн
            және сомасын растайтын құжат.
      4. (а) Қарыз алушы төлемге байланысты қызмет көрсеткенi үшiн
             ақы төлеу ретiнде Қарыз алушыға төлем сомасының нөл
             бүтiн оннан бiр процентке (0,1%) тең соманы жапон
             иенiмен осындай төлем күнi БАНККЕ төлейдi. Осы рәсiмге
             сәйкес БАНК төлемi қызмет көрсеткенi үшiн ақыны Қарыз
             алушыдан алғанда жүргiзiледi.
         (b) Қызмет көрсеткенi үшiн ақы төлеудiң мұндай сомасына
             тең сома Қарыз қаражатынан қаржыландырылады және БАНК
             мұндай соманы өзiне Қарыз алушыға төлем күнi қызмет
             көрсеткенi үшiн ақы түрiнде дереу төлейдi. Қарыз
             қаражаттарынан мұндай төлем Қарыз туралы келiсiмнiң
             шарттары мен ережелерiне сәйкес Қарыз алушының
             қолданыстағы және байланыстыратын мiндеттемесi болып
             табылады.
      5. Ақы төлеуге Сұрау салу сомасы жапон иенiмен көрсетiледi.

N 3 нысан
 
  Күнi:                  
Сiлтеме үшiн нөмiрi:   

      Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Банкі
      Токио, Жапония

      Басқарушының назарына

      Құрметтi мырзалар:

Қарыз туралы келісім-шарт бойынша заң қорытындысы

      Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Банкі (бұдан әрi - "БАНК" деп аталатын) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қарыз алушы мен БАНК арасындағы 2003 жылғы 8 шiлдедегi N KAZ-P5 қарыз туралы келiсiмнiң және оған қосымша басқа да Келiсiмдердiң (бұдан әрi "Қарыз туралы келiсiм" деп аталатын) шарттары мен ережелерiне сәйкес негiзгi сома ретiнде Жиырма бір миллиард үш жүз алпыс бір миллион (21,361,000,000) жапон иенiнен аспайтын Қарыздың жиынтық сомасында берген Қарызына қатысты, мен, төменде қол қойған, заң кеңесшiсi ретiнде iс-әрекет жасай отырып, мыналарды растаймын:

      Мен өзгелердiң арасында мынадай құжаттарды қарадым және зерделедiм:
      (а) Қазақстан Республикасының Yкiметi қажеттi iшкi
          мемлекеттiк рәсiмдердiң орындалғаны туралы Жапон
          Үкiметiнен ___ жылғы ________ жазбаша хабарлама алғаннан
          кейiн күшiне енген және Қазақстан Республикасының
          Парламентi бекiткен Қазақстан Республикасының Yкiметi мен
          Жапон Yкiметi арасындағы 2002 жылғы 29 наурыздағы ноталар
          алмасу;
      (b) Қарыз туралы келiсiм;
      (с) _________________ берiлген ________ жылғы ____________
          өкiлеттiктер мен Қолтаңба үлгiлерiн бекiту;
      (д) басқа да құжаттар;
      (e) Қарыз алушының Қарыз туралы келiсiм жасасуға, оған қол
          қоюға және ресми беру құқықтары және өкiлеттiктерiне
          қатысы бар Қарыз беруші елiндегi барлық заңдар мен
          ережелер.

      Жоғарыда айтылғандарды ескерiп, осымен төмендегiлердi:
      1. (заңдар немесе қаулыларға) сәйкес жасасуға, қол қоюға және
         ресми беруге құқығы және өкiлеттігі бар (уәкiлеттi адамның
         тегi және лауазымы) Қарыз туралы келiсiмдi жасағанын, қол
         қойғанын және ресми бергенiн;
      2. Қарыз берушi (заңдар немесе қаулыларға) сәйкес елден
         тысқары жерден шетел валютасындағы қаражаттарда қарыз
         алуға уәкiлеттi екенiн және Қарыз туралы келiсiмнiң
         шарттары мен ережелерi (заңдар немесе қаулылар)
         сәйкестiгiн;
      3. осының салдарынан Қарыз туралы келiсiмге тиiсiнше құқық
         берiлгенiн, Қарыз алушы атынан жасалғанын, қол қойылғанын
         және ресми берiлгенiн және оның барлық шарттары мен
         ережелерiне қатысты Қарыз алушының қолданыстағы және
         байланыстыратын мiндеттемесi болып табылатынын; және
      4. рұқсат және Қарыз туралы келiсiмдi орындау үшiн қажеттi
         барлық басқа да рәсiмдер тиiстi түрде алынғанын және
         орындалғанын растаймын.

      Осыны куәландыра отырып Мен, төменде қол қойған, ______ жылғы
_______ төменде өз қолымды және өзiмнiң ресми мөртаңбамды қойдым.

                                  Құрметпен,

                                       ________________
                                       Әділет министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады