Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және білім беру саласындағы 2003 жылғы мемлекеттік сыйлықтары мына авторларға берілсін:
1) "Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы дамытудың тұжырымдамалық негіздері" жұмыстар циклы үшін:
экономика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық инженерлік академияның, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының, Халықаралық жоғары мектеп академиясының және Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп ғылым академиясының академигі Оразалы Сәбденге;
2) "Жылу энергетикасының қалдықтары негізінде "золокерам" керамикалық материалдарының ресурс үнемдегіш технологиясын әзірлеу және өндіріске енгізу" жұмысы үшін:
"Жібек жолы - Қазақстан" ұлттық компаниясы" АҚ-тың президенті, техника ғылымдарының докторы, Халықаралық инженерлік академияның, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының академигі Асқар Алтынбекұлы Құлыбаевқа;
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кафедра профессоры, ғылыми зерттеу және оқу зертханасының жетекшісі, техника ғылымдарының докторы, профессор Марат Құлбекұлы Құлбекке;
"ҚұрылысжобалауҒЗИ" ЖАҚ құрылыс материалдары ғылыми-зерттеу және жобалау институтының басқарма бастығы, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының академигі Қанапия Ақпанұлы Нұрбатыровқа;
"Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы" ЖАҚ-тың кафедра меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының академигі Самархан Жекебайұлы Сайболатовқа;
3) "Қазақстанның табиғи шикізатының негізінде жаңа биологиялық белсенді заттарды, металл қосылыстарын және олардың ультрадисперсті ұнтақтарын алудың электр химиялық әдістері мен технологиялары" жұмысы үшін:
Д.В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электр химиясы институтының директоры, химия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Мұрат Жұрынұлы Жұрыновқа;
Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кафедра меңгерушісі, химия ғылымдарының докторы, профессор Абдуали Баешовке;
Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің факультет деканы, техника ғылымдарының докторы, профессор Ажар Қоспанқызы Баешоваға;
"Органикалық синтез және көмір химиясы институты" ЖШС директорының орынбасары, химия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Арыстан Мауленұлы Ғазалиевке;
"Органикалық синтез және көмір химиясы институты" ЖШС-ның зертхана меңгерушісі, химия ғылымдарының докторы, профессор Серік Драхметұлы Фазыловке;
4) "Қазақстан ферроқорытпалары сапасының бәсекелестік қабілетімен әлемдік деңгейін қамтамасыз ететін арнайы мақсаттағы материалдар: флюстердің және арнайы кокстың жаңа түрлері технологияларын әзірлеу және өндірісін ұйымдастыру" жұмысы үшін:
"Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институты" ЕМК-ның зертхана меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор Александр Абдуллович Ақбердинге;
"Казхром" трансұлттық компаниясы" ААҚ-тың вице-президенті, техника ғылымдарының кандидаты Валерий Иванович Гриненкоға;
"Казхром" трансұлттық компаниясы" ААҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауытының бас инженері Арман Бекетұлы Есенжоловқа;
"Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институты" ЕМК-ның директорының орынбасары, техника ғылымдарының докторы, доцент Василий Анатольевич Кимге;
"Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институты" ЕМК жетекші ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының кандидаты Александр Сергеевич Кимге;
"Казхром" трансұлттық компаниясы" ААҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауытының директоры Петр Степанович Петлюхке;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігінің төрағасы, техника ғылымдарының кандидаты Қабидолла Зұлқашұлы Сарекеновке;
"Арнайыкоксқұрылыс" ЖШС-ның бас директоры Жұмабек Элсұлы Сүлейменовке;
5) "Қазақстанның синтетикалық және өсімдік шикізаттарынан алынған жаңа бірегей отандық дәрілік заттарды әзірлеу, жасау және енгізу" жұмысы үшін:
Ә.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, зертхана меңгерушісі, химия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Қалдыбай Жайлауұлы Пірәлиевке;
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік медицина академиясының кафедра меңгерушісі, фармацевтика ғылымдарының докторы, доцент Танагүл Әкімбайқызы Арыстановаға;
Ә.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтының зертхана меңгерушісі, химия ғылымдарының докторы, доцент Болат Жазкенұлы Жиембаевқа;
Ә.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтының бас ғылыми қызметкері, химия ғылымдарының докторы, профессор Махмұд Пайзахметович Ирисметовке;
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Гурам Михайлович Пичхадзеге;
Ә.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтының ғылыми консультанты, химия ғылымдарының докторы, профессор Дмитрий Васильевич Соколовқа (қайтыс болғаннан кейін);
Ә.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтының жетекші ғылыми қызметкері, химия ғылымдарының кандидаты, доцент Валентина Константиновна Юге.
2. Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және білім беру саласындағы 2003 жылғы мемлекеттік сыйлықтарының ақшалай бөлігінің мөлшері 2180000 (екі миллион бір жүз сексен мың) теңге сомасында белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі:
республикалық бюджетте ғылымға көзделген қаражаттан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының ақшалай бөлігін төлесін;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаттарына тапсыру үшін дипломдар мен куәліктерді дайындауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы мен куәлігіне, сондай-ақ құрмет белгісіне қол қойсын және тапсырсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі