Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Бельгия Корольдiгi Үкiметiнiң арасындағы Әуе қатынасы туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Жоба
Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Бельгия
Корольдiгi Yкiметiнiң арасындағы Әуе қатынасы
туралы келiсiмді бекіту туралы
2000 жылғы 27 маусымда Брюссель қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Бельгия Корольдiгi Yкiметiнiң арасындағы Әуе қатынасы туралы келiсiм бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Бельгия Корольдiгi
Yкiметiнiң арасындағы Әуе қатынасы туралы келiсiм
Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Бельгия Корольдiгiнің Yкiметi,
Чикагода 1944 жылғы 7 желтоқсанда қол қою үшiн ашылған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның қатысушылары ретінде,
олардың тиiстi аумақтары арасында әуе қатынасын белгiлеу мақсатында аталған Конвенцияға қосымша келiсiм жасауға тiлек бiлдiре отырып,
халықаралық әуе тасымалдары кезiнде ұшу қауiпсiздiгi мен авиация қауіпсiздігінің жоғары деңгейiн қамтамасыз етуге тiлек білдіре отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Анықтамалар
Осы Келiсiмнің мақсаттары үшiн, егер контекстен өзге мән туындамаса:
а) "Конвенция" терминi Чикагода 1944 жылғы 7 желтоқсанда қол қою үшiн ашылған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияны білдiредi және оған осы Конвенцияның 90-бабына сәйкес кез-келген Қосымша және Конвенцияның 90 және 94-баптарына сәйкес Қосымшаға немесе Конвенцияға кез-келген түзету, осы Қосымшалар мен түзетулер екi Тараппен де қабылданған және бекiтiлген дәрежеде кiредi;
b) "Келiсiм" терминi осы Келiсiмдi, оның Қосымшасын және осы Келiсiмнiң 19-бабына сәйкес қабылданған Келiсiмге немесе Қосымшаға кез-келген өзгерiстердi бiлдiредi;
с) "авиациялық билiк орындары" терминi Қазақстан тарабынан - Көлiк және коммуникациялар министрлiгiн, Бельгия Корольдiгi тарабынан - Коммуникациялар және инфрақұрылым министрлiгiн немесе, екi жағдайда да немесе осы кезде көрсетiлген билiк орындары жүзеге асыратын функцияларды орындауға уәкiлеттi кез-келген органды немесе тұлғаны бiлдiредi;
d) "аумақ", "әуе қатынасы", "халықаралық әуе қатынасы" "авиакәсiпорын", "коммерциялық емес мақсаттармен аялдау" терминдерi Конвенцияның 2 және 96-баптарында көрсетiлген мағынаны тиiсiнше білдіредi;
е) "тағайындалған авиакәсіпорын" терминi осы Келiсiмнiң 3 және 4-баптарына сәйкес тағайындалған және ұшуды орындауға рұқсат алған авиакәсiпорынды білдіреді;
f) "уағдаластық желiлерi" терминi жолаушыларды, жүктi және почтаны жеке және қиыстыра тасымалдау үшiн осы Келiсiмнiң Қосымшасында белгiленген бағыттар бойынша тұрақты әуе қатынасын білдiредi;
g) "тарифтер" терминi - агенттiк немесе басқа қосымша қызмет көрсетулерге бағаны және шарттарды қосқанда, бiрақ почтаны тасымалдау төлемдерi мен шарттары кiрмейтiн, жолаушыларды, теңдеме жүктi және жүктi тасымалдау үшiн төленетін бағаларды және осы бағалар қолданылатын шарттарды білдiреді;
h) "әуе кемесiн ауыстыру" терминi тағайындалған авиакәсiпорынның уағдаластық желiлерiнің бiрiн бағыттың басқа учаскесiне қызмет ететiн әуе кемесiнен көлемi бойынша өзгеше әуе кемесi қызмет ететiн бiр учаскенi пайдалануын бiлдiредi;
i) "әуе кемесiнiң жабдықтары", "жер бетiндегi жабдық", "борттық қорлар", "қосалқы бөлшектер" терминдерi Конвенцияның 9-қосымшасында көрсетiлген мағынаны тиiсiнше білдiреді;.
j) "алымдар" терминi авиакәсiпорыннан әуежайды бергенi үшiн, аэронавигацияның құралдары және авиациялық қауiпсiздiк, сондай-ақ басқа да қызмет көрсетулер үшiн алынатын алымды білдiреді.
2-бап
Құқықтар беру
1. Әрбiр Тарап екiншi Тарапқа тиiстi тағайындалған авиакәсiпорындар халықаралық әуе қатынасын орындау үшiн мына құқықтарды бередi:
а) олардың мемлекеттерiнiң аумақтары арқылы қонбастан ұшып өту;
b) олардың мемлекеттерiнің аумағына коммерциялық емес мақсаттармен қону;
с) олардың мемлекеттерiнiң аумағында екiншi Тарап мемлекетiнің аумағынан немесе аумағына Қосымшада белгiленген бағыттарды пайдаланған кезде жолаушыларды, жүктi және почтаны халықаралық тасымалдағанда бортқа тиеу және түсiру мақсатында қону.
2. Осы баптың 1-тармағында ешнәрседе бiр Тарап авиакәсiпорнының екiншi Тарап мемлекетінің аумағында жалдау шарты бойынша немесе сыйақы үшiн және осы екiншi Тарап мемлекетінiң аумағындағы басқа мекенге тасымалдауға жататын жолаушыларды, жүк пен почтаны бортқа алуына құқық бередi деп қаралмайтын болады.
3-бап
Ұшуды орындауға тағайындау
1. Әрбiр Тарап екiншi Тарапқа дипломатиялық арналар бойынша құлақтандыра отырып, осындай Тарап үшiн Қосымшада белгіленген бағыттар бойынша халықаралық қатынастарды орындау үшiн бiр немесе бiрнеше авиакәсiпорындар тағайындауға құқылы.
2. Әрбiр Тарап екiншi Тарапты дипломатиялық арналар бойынша құлақтандыра отырып, кез келген осындай авиакәсiпорындарды тағайындаудан бас тарту және басқасын тағайындау құқығы болады.
4-бап
Ұшуды орындауға рұқсат ету
1. Осы Келiсiмнiң 3-бабына сәйкес, бiр Тараптан авиакәсiпорындарын тағайындау туралы хабар алу бойынша екiншi Тарап мемлекетiнің авиациялық билiк орындары өз заңдары мен ережелерiне сәйкес осылай тағайындалған авиакәсiпорындарға кешiктiрмей, қызмет көрсету тiптi болмағанда Конвенцияның 16-қосымшасы (үшiншi басылым - 1993) бiрiншi томының екiншi бөлiмi III-тарауының талаптарына жауап беретiн әуе кемесiмен жүргiзiлген жағдайда, олар тағайындаған уағдаластық желiлерiн пайдалануға тиiстi рұқсаттар бepeдi.
2. Осындай рұқсаттарды алу бойынша авиакәсiпорын осы Келiсiмнің ережелерiне сәйкес әрекет еткен және де тарифтер осы Келiсiмнің 13-бабы ережелерiне сәйкес белгiленген жағдайда авиакәсiпорын кез-келген уақытта уағдаластық желiлерiн толық немесе бөлшектеп пайдалануды бастай алады.
5-бап
Ұшуды орындауға арналған рұқсаттың күшiн
жою және қолданылуын тоқтату
1. Әрбiр Тарап мемлекетiнiң авиациялық билiк орындары осы Келiсiмнiң 4-бабында аталған рұқсаттың қолданылуын тоқтатуға құқылы, екiншi Тарап тағайындаған авиакәсiпорынға қатысты осындай рұқсатты жоюға немесе тоқтатуға немесе уақытқа немесе тұрақты негiзде қажет деп санайтын осындай шарттарды орындауды талап етуге:
а) егер, осы авиакәсіпорындар Конвенцияға сәйкес халықаралық әуе қатынасын пайдаланғанда осы билiк орындары әдеттегідей және орынды қолданатын заңдар және ережелермен ұйғарылған шарттарды орындай алмағанда;
b) егер авиакәсіпорындар осы Келiсiмде ұйғарылған шарттарға сәйкес ұшуды орындай алмағанда;
с) егер осы авиакәсiпорындар осы Тараптың заңдары мен ережелерiн сақтай алмағанда;
d) егер авиакәсiпорын екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында тiркелген немесе олардың негiзгi қызмет орны орналасқандығына олардың дәлелi болмаса және бұдан басқа екiншi Тарап мемлекетінің авиациялық билiк орындары берген күшi бар Пайдаланушы куәлiгi болса.
2. Егер жоғарыда аталған тек шапшаң әрекеттер заңдар мен ережелердің бұдан әрi де бұзылуын болдырмау үшiн қажеттi болып табылмаса осы Баптың 1-тармағында көрсетiлген құқықтар осы Келiсiмнiң 17-бабына сәйкес екiншi Тараптың авиациялық билiк органдарымен консультациялардан кейiн ғана қолданылатын болады.
6-бап
Заңдар мен ережелердiң қолданылуы
1. Бiр Тарап мемлекетінің халықаралық ұшуды орындайтын әуе кемесiнің оның аумағына жiберуiне ұшып келуi мен ұшып кетуiне немесе аумағының шегінде осындай әуе кемесiнiң пайдаланылуын немесе навигациясына қатысты заңдары мен ережелерiн екiншi Тараптың тағайындалған авиакәсiпорны айтылған аумақ шегiнде келу, кету және болу кезінде сақтайтын болады.
2. Бiр Тарап мемлекетiнiң кiруге, тазартуға, транзитпен өтуге, иммиграцияға, құжаттық бақылауға, кедендiк бақылауға, валюталық реттеуге, санитарлық бақылау мен карантинге қатысты заңдары мен ережелерiн екiншi Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсiпорындары және олардың экипаждары, жолаушылары, жүгi мен почтасы немесе олардың атынан осындай Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағына транзитпен өту, жiберу, келу кезiнде және болу кезеңінде сақтайтын болады.
Кез келген Тарап мемлекетiнiң аумағы арқылы транзитпен өтетiн жолаушылар оңайлатылған бақылауға ұшырайды.
Осы ереже 1985 жылғы 14 маусымдағы Шенген Келiсiмiне сәйкес конвенцияның қатысушысы болып табылатын мемлекеттiң бағытындағы транзит жолаушысы болған жағдайда қолданылмайды.
3. Тараптардың ешқайсысы өзiнің тағайындалған авиакәсiпорнына немесе басқа авиакәсiпорынға осы Баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген өз ережелерін қолдануда немесе олардың бақылауындағы әуежайларды, әуе трассаларын, әуе қозғалысы қызметтерiн және соған байланысты жабдыққа осындай халықаралық әуе тасымалдарына қатысатын екiншi Тараптың тағайындалған авиакәсiпорынына бергенiнен артық құқық бермейдi.
7-бап
Куәлiктер, айғақ құжаттар және ұшулар қауiпсiздiгi
1. Тараптардың бiрi берген немесе күшi бар деп таныған және күш мерзiмi өтпеген ұшу жарамдылық куәлiктерi, бiлiктiлiк куәлiктерi және айғақ құжаттары осындай айғақ құжаттар мен куәлiктер Конвенция белгiлеген стандарттарға сәйкес тиiстi мемлекет берген және күшi бар танылған жағдайда, Қосымшада белгiленген келiсiлген әуе желiлерiн пайдалану мақсатында екiншi Тараппен де күшi бар деп танылады.
Әрбiр Тарап өз мемлекетi аумағының үстiнен ұшуға қатысты олардың азаматтарына екiншi Тарап мемлекетi берген бiлiктiлiк куәлiктерi мен айғақ құжаттарын танудан бас тартуға құқылы.
2. Егер осы Баптың 1-тармағында көрсетiлген айғақ құжаттар мен куәлiктер Конвенциямен белгiленген стандарттардан өзгеше болса және осындай өзгешелiктердi Халықаралық азаматтық авиация ұйымы тiркеген болса, екiншi Тарап мемлекетiнiң билiк орындары талаптар осы мәселе бойынша олар үшiн тиiмді екенiн қанағаттандыру мақсатында осы Келiсiмнің 17-бабына сәйкес кеңес өткiзу туралы сұрау сала алады.
Eгep ұшу қауiпсiздiгiне қатысты мәселелер жөнiндегi уағдаластыққа қол жеткiзiлмесе, бұл осы Келiсiмнiң 5-тармағын қолдануға негiздеме болып табылатын болады.
3.1. Әрбiр Тарап екiншi Тарап қабылдаған экипажға, әуе кемелерiне немесе оларды пайдалануға байланысты кез келген салада ұшу қауіпсiздiгiнің стандарттарына қатысты кез келген уақытта консультация өткiзу туралы сұрау сала алады. Бұндай кеңес сұрау салынған күнiнен бастап 30 күн iшінде өткізiлетiн болады.
3.2. Егер осындай консультация барысында бiр Тарап екiншi Тараптың осы сәтте кем дегенде Чикаго Конвенциясын белгiленген төмен стандарттарға сәйкес келетiн қауiпсiздiк стандарттарын мұндай кез келген салада тиiмсiз қолданатынын және орындайтынын білдiрсе, бiр Тарап екiншi Тарапты осындай кем дегендегi стандарттарға сәйкес келуi үшiн тұжырым және шаралар туралы құлақтандырады және екiншi Тарап ереженi түзетуге тиiстi шара қолданатын болады. Егер екiншi Тарап 15 күн iшiнде немесе келiсiле алатын осыған пара-пар уақыт iшiнде қажеттi шара қолданбаса, онда бұл осы Келiсiмнің 5-бабын қолдануға негiздеме болады (күшiн жою, тоқтату және ұшуды орындауға рұқсатты өзгерту).
3.3. Конвенцияның 33-бабында ескертiлген мiндеттемелерге қарамастан екiншi Тарап мемлекетiнің шегінде, оның аумағы желiлерінде және аумағындағы бiр Тарап мемлекетiнiң авиакәсiпорыны атынан немесе авиакәсiпорынымен пайдаланылатын немесе лизингтегi кез келген әуе кемесi екiншi Тарап мемлекетiнің уәкілеттендiрiлген өкілдерiмен әуе кемесiнiң бортында және сырт бөлiгiнде, әуе кемесiне құжаттардың жарамдылығы мерзiмi мен оның экипажы және әуе кемесiнің сыртқы жағдайы мен оның жабдықтары тексеріске ұшырай алатыны туралы уағдаластыққа, бұның негізсіз кiдiртуге апарып соқпайтындығы шартымен қол жеткiзiлдi (осы Бапта бұндай тексерiс "рамптық тексерiс" деп аталады).
3.4. Егер бұндай рамптық тексерiс немесе рамптық тексерiстер тобы:
а) әуе кемесi немесе әуе кемесiн пайдалану осы уақытқа Чикаго Конвенциямен белгiленген ең төменгi стандарттарға сәйкес келмеуге, немесе
b) Чикаго Конвенциясының 33-бабына сәйкес тексерiс жүргiзушi Тарап, осы уақытқа Чикаго Конвенциясымен белгiленген ұшу қауiпсiздiгiне сәйкес стандарттарды жеткiлiксiз түрде тиiмдi қолдану мен орындау орын алуға апарып соқтырса, шарттарға сәйкес осы әуе кемесiне немесе әуе кемесi экипажына қатысты берiлген айғақтар мен куәлiктер берiлдi немесе күшi бар деп мақұлданбаса, немесе осы әуе кемесiнiң шарттарға сәйкес ұшуларды орындауы Чикаго Конвенциясымен белгiленген ең төменгi стандарттарға тең емес болып табылады және олардан аспайды деп қорытуға құқығы бар.
3.5. Бiр Тараптың авиакәсiпорынымен немесе авиакәсiпорындарымен немесе жоғарыда көрсетiлген 3.3-тармаққа сәйкес олардың аттарынан пайдаланылатын әуе кемесiн рамптық тексерiс мүмкіндiгіне осы авиакәсiпорынның өкілдерiмен рұқсат етiлмесе, екiншi Тарап 3.4-тармақта көрсетiлген шынайы проблемалар бар деп есептеу негiздемесiне ие болады және осы тармаққа сәйкес шешiм қабылдайды.
3.6. Егер бiр Тарап рамптық тексерiс, топтық рамптық тексерiс кезiнде немесе рамптық тексерiс, консультация өткiзуге келісiм берілмегенде немесе басқа да жағдайларда авиакәсіпорындармен ұшуды қауiпсiз түрде орындауға жедел әрекеттер қажет болған жағдайда әрбiр Тарап екiншi Тараптың авиакәсiпорынымен немесе авиакәсiпорындарымен ұшу орындауын жедел тоқтату құқығын өзiне қалдырады.
3.7. Жоғарыда көрсетiлген 3.2 немесе 3.3-тармақтарға сәйкес бiр Тараппен қабылданған кез келген шара осы шараны қабылдауға негiздеме жарамсыз болған жағдайда тоқтатылады.
8-бап
Авиациялық қауiпсiздiк
1. Тараптар, осы Келiсімнің ажырамас бөлiгi болып табылатын, бір-бiрiне қатысты алған азаматтық авиацияның қауiпсiздігіне заңсыз араласу актiлерiнен қорғау міндеттерiн мақұлдайды.
2. Тараптар бiр Тараптың өтiнiшi бойынша азаматтық әуе кемелерiн заңсыз басып алу актiлерiне және осы әуе кемелерiнiң, олардың жолаушылары мен экипаждарының, әуежайлар мен аэронавигациялық құралдардың қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз актiлерге, сондай-ақ азаматтық авиация қауіпсіздігіне қатер төндiретiн әрқилы әрекеттерге жол бермеуде бiр-бiрiне қажеттi барлық көмегiн көрсетiп отыратын болады.
3. Тараптар сонымен бiрге, Токиода 1963 жылғы 14-қыркүйекте қол қойылған Әуе кемелерiнiң бортында жасалатын қылмыстар мен кейбiр басқа актiлер туралы конвенцияның, Гаагада 1970 жылғы 16 желтоқсанда қол қойылған Әуе кемелерiн заңсыз басып алуға тойтарыс беру жөніндегi конвенцияның және Монреальда 1971 жылғы 23 қыркүйекте қол қойылған Азаматтық авиация қауiпсiздiгiне қарсы жасалатын заңсыз актiлермен күресу туралы және басқа да екi Тарапқа да мiндеттi авиациялық қауiпсiздiк көптарапты кез келген келiсiмге сәйкес әрекет жасайды.
4. Тараптар екi жақты қарым-қатынасын Халықаралық азаматтық авиация ұйымы белгілеген және Халықаралық азаматтық авиация жөнiндегi Конвенцияға Қосымшалар аталатын авиация қауiпсiздiгi жөнiндегi ережелерге сәйкес, мұндай қауiпсiздiктер жөнiндегi ережелер Тараптарға қолданымды болатын дәрежеде iс-әрекет жүргiзедi; қызмет орыны мен тұрақты жұмыс орындары өз мемлекеттерiнiң аумағында болатын олар әуе кемелерiне пайдаланушылар немесе тiркеушiлер мен өз мемлекеттерiнiң аумақтарындағы әуежайларды пайдаланушы осындай авиация қауiпсiздiгi жөнiндегi ережелерге сәйкес әрекет жасауларын талап ететiн болады.
5. Әрбiр Тарап екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағы шегiнде ұшып баруға талап етiлетiн авиация қауіпсiздiгi жөнiндегi ережелердi толық сақтауға, жолаушыларды экипажды, қол жүктерiн, теңдеме жүктi және жүктi отырғызудан немесе тиеуден бұрын тексеру кезiнде орынды шаралар қолдануға келiседi. Әрбiр Тарап екiншi Тараптың нақты қатерге байланысты әуе кемелерiнiң және олардың жолаушыларының қауiпсiздiгi жөнiндегi арнайы шаралар қолдану туралы кез келген өтiнiшiн зор тiлекпен қарап отырады.
6. Азаматтық әуе кемесiн заңсыз басып алуға байланысты немесе әуе кемесiнiң, ондағы жолаушылар мен экипаждың, әуежайлар мен басқадай аэронавигациялық құрал-аспаптардың қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз актiлерге байланысты қақтығыстар немece қақтығыс қатерi туған жағдайда, Тараптар байланыс құралдарымен жәрдемдесу арқылы және ондай қақтығыс қатерiн жедел және қауiпсiз түрде жою мақсатында басқадай тиiстi шаралар қолдану арқылы бiр-бiріне көмектесетiн болады.
7. Егер Тарап осы Баптың авиациялық қауіпсiздiгi жөнiндегi ережелердi орындаудан жалтарса, онда екінші Тарап мемлекетiнің авиациялық билiк орындары ол Тарап мемлекетiнің авиациялық билiк орындарының дереу консультациялар өткiзуiн талап ете алады. Егер Тараптар отыз (30) күн iшiнде қанағаттанарлық келiсiмге келе алмаса, онда бұл осы Келiсiмнiң 5-бабын қолдануға негiз болады.
9-бап
Алым ставкалары
1. Бiр Тарап мемлекетiнiң аумағында екiншi Тараптың тағайындалған авиакәсiпорындарынан әуежайларды және басқа да авиациялық жабдықтарды екіншi Тараптың тағайындалған авиакәсiпорындарының әуе кемелерi пайдаланғаны үшiн алынатын алымдары бiрiншi Тараптың осындай халықаралық әуе қатынасында қолданылатын ұлттық авиакәсiпорнынан алынатын алымдар ставкасынан жоғары болмайды.
2. Әр Тарап жабдықтарды және қызмет көрсетулердi пайдаланатын уәкілеттi билiк орындарының және тағайындалған авиакәсiпорындарының арасында кеңестердi жүргiзудi мүмкіндiгiнше, авиакәсiпорындарды білдiретiн ұйымдар арқылы ынталандыратын болады. Алымдар ставкаларының кез келген болжамды өзгерiстерi туралы оларға өзгерiстер жасалғанға дейiн өз пiкiрлерiн бiлдiруге мүмкіндiк беру үшін тиісті құлақтандыру жасалады.
10-бап
Кедендiк баждар мен акциздiк алымдар
1. Әрбiр Тарап екiншi Тараптың тағайындалған кәсiпорындарын әуе кемесiне, отынға, жағармайға, тұтынылатын техникалық қорларға, қозғалтқыштарды қоса қосалқы бөлшектерге, борттық табельдiк жабдыққа, жердегi жабдыққа борттық қорларға және сондай-ақ, басылған билеттер, авиа жүк, тауар құжаттамалары, кәсiпорынның белгiсi бар кез келген баспалық материал және бұл тағайындалған авиакәсіпорындар тарататын жай баспалық материалдар сияқты уағдаласқан желiлердi пайдаланатын екiншi Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсiпорындарының әуе кемелерiн пайдалануға ғана және қызмет етуiне байланысты арналған басқа да заттарын импорт бойынша шектеулерден, кедендiк баждардан, акциздiк және алымдардан және басқа да мемлекеттiк, аймақтық және жергiлiктi баждардан немесе салықтардан босатады.
2. Осы бап ұсынған босатулар пайдаланатын немесе тұтынылатын, немесе, пайдаланылмайтын немесе тұтынылмайтын, босатуды білдіретiн Тарап мемлекетiнiң аумағы шегiнде осы баптың 1-тармағында атап көрсетiлген материалдарға қолданылатын болады, егер ондай материалдар:
а) бiр Тарап мемлекетiнің аумағына екiншi Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсіпорындарымен немесе олардың атынан әкелiнген, бiрақ аталған Тарап мемлекетiнің аумағында иелiктен шығарылмаған болса;
b) бiр Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсiпорнының әуе кемесiнiң бортында екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына келгенде немесе аумағынан кеткенде сақталатын болса;
с) бiр Тарап мемлекетінің тағайындалған авиакәсiпорнының әуе кемесiне бортына екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында қабылданған және уағдаластық желiлердi пайдалануға беруде пайдалану үшін арналған болса.
3. Борттық табельдiк жабдықтар, жер бетi жабдығы әдетте кез келген Тараптың тағайындалған авиакәсiпорындарының әуе кемелерінің бортында ұсталатын материалдар мен қорлар сияқты, екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында тек аталған аумақтың кедендiк билiк орындарының рұқсатымен ғана түсiрілуi мүмкін. Мұндай жағдайда олар аталған билiк орындарының қадағалауына, кедендiк заңдар мен ережелерге сәйкес, алып кеткенше немесе басқаша түрде пайдаланғанша қойылуы мүмкiн.
4. Тiкелей транзитпен баратын теңдеме жүк пен жүк кедендiк баждар мен басқа да салықтардан босатылатын болады.
5. Сондай-ақ, бiр Тараптың тағайындалған авиакәсiпорындары басқа Тараптан осындай босатуды пайдаланатын басқа авиакәсіпорны мен займды немесе бiр Тарап мемлекетiнiң аумағы шегiнде осы Баптың 1-тармағында атап көрсетiлген заттарды беру туралы уағдаласса, осы баппен ұсынылатын босатулар қолданылатын болады.
11-бап
Көлем
1. Әрбiр Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсiпорындарының тиiстi аумақтар арасында және одан тыс, осы Келiсiмге қосымшада белгiленген бағыттар бойынша уағдаластық желiлердi пайдалануға әдiлеттi және тепе-тең мүмкiндiктерi болады.
2. Уағдаласқан желiлердi пайдалануда Әр Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсiпорындары екiншi Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсiпорындарының бүкiл бағытта немесе бұл бағыттың учаскесінде қамтамасыз ететiн тасымалдауларына залал тигiзбеу үшiн соңғылардың мүдделерiн назарға алатын болады.
3. Тараптар мемлекеттерiнің тағайындалған авиакәсiпорындары қамтамасыз ететiн уағдаластық желiлерi белгiленген бағыттардағы тасымалдауларда қоғамдық қажеттiлiкке сәйкес болады және мұндай көлем ұсыну бiрінші кезектi мақсат болады, өйткенi әуе кемесiн тиеудің орынды коэффициентiнде Тараптар мемлекеттерінің аумақтары арасындағы жолаушылар, жүктер мен почта тасымалдауларында ағымдық және болжамды қажеттiлiктерге жауап беретiн болар едi.
4. Тағайындалған авиакәсіпорындар кез келген уағдаластық желiнi пайдалану басталғанға дейiн 30 күннен кешiктiрмей екi Тарап мемлекеттерінің билiк органдарының бекiтуіне ұшудың болжамдық бағдарламасын ұсынады. Ұшудың аталған бағдарламалары ұшудың пайдалануы, жиiлiгi мен кестесiн болжау үшiн қажет қызмет типтерiн, әуе кемелерi типiн қосады.
Мұндай рәсiм өзгерiстер болатын жағдайда қолданылады.
Ерекше жағдайларда уақыт кезеңi авиациялық билiк орындарының өзара уағдаласуы бойынша қысқаруы мүмкiн.
12-бап
Әуе кемесiн ауыстыру және кодтарды бiрiгiп пайдалану
1. Бiр Тарап мемлекетінің тағайындалған авиакәсiпорындары екiншi Тарап мемлекетінің аумағында әуе кемесiн мынадай жағдайларда ауыстыра алады:
а) ауыстыру пайдалануды үнемдеу себептерiмен түсiндiрiлгенде;
b) Тараптар мемлекетінің аумағынан тым алыстағы учаскесiнде пайдаланылатын, авиакәсіпорын тағайындаған әуе кемелерi ұшуды одан гөрi жақынырақ учаскеде тұрған әуе кемесiмен бiрге ғана орындайтын болғанда және оны жүйелi жүргiзетiн болғанда; бiрiншiлер ауыстыру пункттеріне соңғылардан қабылданған немесе соңғылар берген тасымалдауларды орындау мақсатында келетiн болғанда және сол мақсатпен көлем бiрiншi кезекте айқындалғанда;
с) егер осы Келiсiмге Қосымшада басқа жолмен рұқсат етiлген болмаса, авиакәсiпорындар жарнама жолымен немесе қандай да бiр басқа тәсiлмен әуе кемесi ауыстырылатын пунктте басталатын тасымалдауды жүргiзуді қоғамға өздерi ұсынбағанда;
d) егер екiншi Тарап мемлекетiнің авиациялық билiк орындарымен бiр ұшудан артық орындауға рұқсат етiлген болмаса, басқа Тарап мемлекетінің аумағында әуе кемесi айырбас жүргiзiлген кез келген бiр ұшуына байланысты осы аумақтан тек бiр ұшу ғана рұқсат етiлгенде.
2. Осы Баптың 1-тармағының шарттарына байланыссыз Қосымшада белгiленген бағыттар бойынша уағдаластық желiлердi пайдалануда әрбiр тағайындалған авиакәсiпорын кез келген мемлекеттің авиакәсiпорнымен кодтарды бiрлесiп пайдалану жөнiндегi келiсiмді соңғы авиакәсiпорынның тасымалдауға тиiстi бағыты мен құқығы бар жағдайында жасай алады.
13-бап
Тарифтер
1. Тараптар Қосымшада белгiленген бағыттардың бiрiндегi тарифтер тағайындалған авиакәсіпорындардың әрқайсысына, мүмкіндiгiнше, олардың арасындағы консультациялардан кейiн белгiленетінiне келiседі.
2. Уағдалас желiлер бойынша екіншi Тарап мемлекетiнiң аумағына немесе аумағынан тасымалдау үшiн тарифтер парасатты шекте, пайдалану шығындарын, орынды кiрiстi, қызмет көрсетулер сипаттамасын, тұтынушылар мүдделерiн қоса және егер барлық бағыт немесе бұл бағыттың учаскесi бойынша басқа авиакәсiпорындардың тарифтерi қолайлы деп есептелсе, барлық тиiстi факторларды есепке ала отырып, белгiленетiн болады.
3. Тарифтер екi Тарап мемлекеттерінің авиациялық билiк орындарының бекiтуiне, ең болмағанда, оларды енгiзудiң ұсынылған күнiнен қырық бес (45) күн бұрын ұсынылады; ерекше жағдайда авиациялық билiк орындарымен одан гөрi қысқарақ кезең қабылдануы мүмкiн.
Егер ұсынылған күннен бастап отыз (30) күн iшiнде бiр Тарап мемлекетiнің авиациялық билiк орындары екiншi Тарап мемлекетiнiң авиациялық билiк орындарын ұсынылған тарифпен өзiнiң келiспейтiндiгi туралы құлақтандырмаса, тариф бекiтiлген болып есептеледi және ұсынылған тариф үшiн белгiленген күннен бастап күшiне енедi.
Авиациялық билік орындары тарифтi ұсыну үшiн қысқарған кезең қабылдаған жағдайда, олар тарифтi қабылдамау туралы құлақтандыру берiлетiн уақыт отыз (30) күннен кем болады деп келiсуi мүмкiн.
4. Тарифтi қабылдамау туралы құлақтандыру осы Баптың 3-тармағына сәйкес алынған болса, Тараптар мемлекеттерiнiң авиациялық билiк орындары осы Келiсiмнің 17-бабына сәйкес кеңестер жүргiзедi және уағдаластық жолымен тарифтi айқындау үшiн күш салады.
5. Егер Тараптар мемлекеттерiнің авиациялық билiк орындары осы Баптың 3-тармағына сәйкес ұсынылған қандай да бiр тариф бойынша немесе осы Баптың 5-тармағына сәйкес кез келген тарифтi айқындау бойынша уағдаластыққа қол жеткiзе алмаса, онда дау-дамай осы Келiсiмнiң 18-бабының ережелерi бойынша реттелуi мүмкiн.
6. Егер бiр Тарап мемлекетiнің авиациялық билiк орындары белгiленген тарифпен келiспесе, олар ол туралы екiншi Тарап мемлекетiнiң авиациялық билiк орындарын құлақтандырады және қажет болған жағдайда тағайындалған авиакәсiпорындар уағдаластыққа жетуге талпынатын болады.
Егер қабылдамау туралы құлақтандыру алған күннен бастап тоқсан (90) күн iшiнде жаңа тариф тағайындалмаса, онда осы Баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген рәсімдер қолданылады.
7. Егер тарифтер осы Баптың ережелерiне сәйкес тағайындалса, ол тарифтер осы Баптың немесе осы Келiсiмнің 18-бабына сәйкес жаңа тариф тағайындалған кезге дейiн қолданылады.
8. Егер Тараптың кез-келген мемлекетiне авиациялық кәсiпорындары онымен келiспейтiн болса, осы Баптың 4-тармағының ережелерiне және осы Келiсiмнің 18-бабына сәйкес тариф белгiленген жағдайларды қоспағанда, тариф күшiне енбейдi.
9. Екi Тарап мемлекеттерiнiң авиациялық билiк орындары тағайындалған және алынатын тарифтердiң олар бекiткен және даусыз болып табылатын тарифтерге сәйкес болуын қамтамасыз ету үшiн күш салады.
14-бап
Өкiлдiк
1. Бiр Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсiпорындарына өзаралық негiзде екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында өз өкiлдерiн, коммерциялық, жұмысшы және уағдаластық желiлердi пайдалану үшін қажеттi техникалық персонал ұстауға құқық беріледі.
2. Мұндай өкілдiктiң тағайындалған авиакәсiпорындар қалауы бойынша кез келген ұлттан тұратын жеке меншiк персоналы бола алады немесе екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында iс-әрекет ететiн және болған Тарап мемлекетiнің аумағында мұндай қызмет көрсетулерді жүзеге асыруға уәкiлеттендiрiлген кез келген басқа ұйымның, компанияның және авиакәсiпорынның қызмет көрсетулерiн пайдалана алады.
3. Өкiлдер мен персонал екiншi Тарап мемлекетінің аумағында iс жүзінде қолданылатын заңдар мен ережелерге бағынатын болады. Осындай заңдар мен ережелерге сәйкес әр Тарап өзаралық негiзде және ең аз кiдірiспен жұмысқа қажеттi рұқсаттарды, осы Баптың 1-тармағында көрсетiлген өкілдер мен персонал үшiн жұмысқа орналасуға рұқсаты бар визаны және осы сияқты басқа құжаттарды ұсынады.
4. Екi Тарап уақытша негiзде белгiленген қызметтер мен мiндеттердi жүзеге асыратын персонал үшін, бұл қолданыстағы заңнамада рұқсат етiлген дәрежеде, жұмысқа рұқсатты немесе жұмысқа орналасуға рұқсат берген визаны басқа да сол сияқты құжаттарды талап етуінсiз амалдай алады.
15-бап
Тасымалдарды сату және кiрiстер
1. Тағайындалған әр авиакәсiпорынға екiншi Тарап мемлекетінің аумағында авиатасымалдар бойынша тiкелей немесе өз қалауы бойынша, өзінің агенттері арқылы қызмет көрсетулердi сатуды жүзеге асыру құқығы берiледі.
Тағайындалған әр авиакәсiпорынның өзiнiң авиакөлiктiк қызмет көрсетулерiн ұлттық немесе кез келген басқа еркiн айырбасталатын валютада еркiн сатуға құқығы болады.
Кез келген адам мынадай тасымалдау қызметiн осы авиакәсіпорынның қабылдайтын валютасында сатып алуға құқығы бар.
2. Әр Тарап екiншi Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсiпорындарына бұл авиакәсiпорындардың аумағында алынған кiрiстердiң шығыстардан артылған сомасын еркiн аударуға құқық бередi. Мұндай аударулар ағымдағы төлемдер үшiн айырбастың ресми бағамы негiзiнде жүзеге асырылады немесе, егер ресми айырбас бағамы жоқ болса, екiншi Тараптың тағайындалған авиакәсiпорындарының ауыстыру туралы сұрау салу берген күнiне қолданылатын ағымдық төлемдер рыногының басымдық айырбас бағамы бойынша және қызмет көрсетулер үшiн мұндай аударуларда банктер алатын жай алымдарды қоспағанда, алымдар салынбайды.
3. Әрбiр Тарап өзара тiлектестiк негізде екiншi Тараптың тағайындалған кәсiпорындарын бiрiншi Тарап аумағында осы кәсiпорындар тапқан кiрiстер мен табыстарға салық салудың кез келген нысанынан, сондай-ақ айналым мен капиталға арналған кез келген салықтардан босататын болады.
Егер Тараптар арасында Қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенция қолданылатын болса, осындай босатуды көздейтiн бұл ереже қолданылмайды.
16-бап
Ақпараттар алмасу
1. Екі Тарап мемлекеттерiнің авиациялық билiк орындары екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына, аумағы арқылы немесе аумағынан әуе қатынасын жүзеге асыру үшiн олардың тағайындалған авиакәсiпорындарына ұзартылған ағымдық рұқсаттарға қатысты ақпараттармен жедел алмасады. Бұл ақпарат iс жүзiндегi куәлiктер мен уағдаластық желiлердi пайдалануға өзгерiстермен бiрге рұқсаттардың көшiрмелерiн, босатуға тапсырыстарды және пайдалануға рұқсаттар үлгiлерiн қосады.
2. Әрбiр Тарап екiншi Тарап мемлекетiнiң авиациялық билiк орындарына алдын ала, бұл қаншалықты жүзеге асыруға болатынына қарай, тарифтер, кестелер, олардың кез келген өзгерiстерiн қоса, көшiрмелерiн және тағайындалған бағыттардың әрқайсысын қамтамасыз ететiн көлем туралы ақпараттарды қоса, уағдаластық желiлердi пайдалануға қатысты барлық басқа тиiстi ақпараттарды және екінші Тарап мемлекетінің авиациялық билiк орындары осы Келiсімнің ережелерiн тиiстi түрде сақталған болуы үшiн қамтамасыз етуге сұралатын кез келген ақпаратты ұсынуда жәрдемдесетiн болады.
3. Әр Тарап өзiнiң тағайындалған авиакәсiпорындарына екiншi Тарап мемлекетінің авиациялық билiк орындарына уағдаластық желiлердегi тиеу және түсiру пункттерi көрсетiлген тасымалдауларға қатысты статистикалық ақпараттарды ұсынуда жәрдемдесетiн болады.
17-бап
Консультациялар
1. Тараптар мемлекеттерінің авиациялық билiк орындары осы Келiсiмнiң ережелерiне және оның Қосымшасын орындауға және сәйкес келуiне әсер ететiн барлық мәселелер бойынша тығыз ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатында мезгiл-мезгiл бiр-бiрiмен консультациялар жүргiзiп отыратын болады.
2. Егер екi Тарап та басқалай уағдаластыққа қол жеткiзе алмаса, мұндай консультациялар мұндай сұрау салу алған күннен бастап алпыс (60) күн iшiнде басталатын болады.
18-бап
Дауларды реттеу
1. Осы Келiсiмдi талғап-талдап түсiндiруге немесе қолдануға байланысты Тараптар арасында кез келген дау туындаған жағдайда, Тараптар оларды ең алдымен келiссөздер жолымен реттеуге талаптанады.
2. Егер Тараптар дауларды келiссөздер жолымен басқалай реттеуге қол жеткiзе алмаса, олар дауды белгiлi тұлғаның немесе органның шешуіне беруге келiсе алады, сондай-ақ Тараптардың кез келгенi дауды үш төрешіден тұратын Төрелiк Соттың шешуiне ұсына алады.
3. Төрелiк Сот мынадай түрде құрылатын болады:
Әр Тарап бiр Тараптың дипломатиялық арналары бойынша екiншi Тараптан төрелiктi жүргiзуге сұрау салуын алған күннен бастап алпыс (60) күн iшiнде төрешiнi тағайындайды. Осындай екi төрешi уағдаластық бойынша келесi алпыс (60) күн iшiнде үшiншi төрешiнi тағайындайды.
Үшiншi төрешi үшiншi мемлекеттің азаматы болады және Төрелiк Соттың төрағасы ретiнде iс-қимыл жасайды және оның өткiзілу орнын айқындайды.
Егер Тараптың бiреуi аталған кезең уақытында төрешiнi тағайындамаса немесе егер үшiншi төрешi көрсетiлген кезеңде тағайындалмаған болса, кез келген Тараптың өтiнiшi бойынша Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы Кеңесінің Президентi төрешiнi немесе жағдай талап етуiне қарай төрешiлердi тағайындайды.
4. Тараптар осы Баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес құрылған Төрелiк Сот қабылдаған кез келген шешiмдi орындауға мiндеттенедi. Егер бiр Тарап мұндай шешiмдi орындамаса, екiншi Тараптың осы Келiсiмнiң 5-бабын қолдануына негiзi болады.
5. Төрелiк Соттың шығындары екi Тараптың арасында тепе-тең бөлiнетiн болады.
19-бап
Түзетулер
1. Егер Тараптың бiреуi осы Келiсiмнiң қандай да бiр ережесiн өзгертуге ниет етсе, ол екiншi Тарапқа консультация жүргiзуге сұрау сала алады. Авиациялық билiк орындарының арасындағы мұндай консультациялар келiссөздер немесе хат жазысу арқылы жүргiзілуi мүмкiн және сұрау салынған күннен бастап алпыс күн iшiнде басталады.
2. Егер жалпы көптарапты авиациялық конвенция екі Тарапқа қатысты күшiне енетiн болса, мұндай конвенцияның ережелерi басым болады. Консультациялар осы Баптың 1-тармағына сәйкес осы Келiсiмге көптарапты конвенцияның ережелерiнiң әсер ететiн деңгейiн анықтау мақсатымен өткiзілуі мүмкiн.
3. Мұндай консультациялардың нәтижесiнде келiсiлген кез келген өзгерiс дипломатиялық ноталармен алмасу жолымен расталғаннан кейiн күшiне енедi.
4. Тараптар Қосымшадағы бағыттар кестесi авиациялық билiк орындарының арасында әкiмшiлiк тәртiппен өзгертiлуi мүмкiндiгiне келiстi.
20-бап
Күшiнiң тоқтатылуы
1. Осы Келiсiм Тараптың бiреуi жазбаша түрде екiншi Тарапты осы Келiсiмнің күшiн жою туралы өзiнiң ниетiмен жазбаша түрде құлақтандырғанша күшінде қалады.
Мұндай құлақтандыру бiр мезгiлде Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымына жолданады.
2. Бұл жағдайда, егер Келiсiмнiң күшiн жою туралы құлақтандыру өзара келiсiм бойынша аталған кезең өткенге дейiн керi шақыртылып алынбаса, екiншi Тарап мұндай құлақтандыруды алған күннен он екi (12) айдан кейiн Келiсiмінің күшi жойылады.
Екiншi Тарап құлақтандыруды алғаны туралы растамаған жағдайда, соңғы Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы құлақтандыруды алғаннан он төрт (14) күннен кейiн алынған болып есептеледi.
21-бап
Тiркеу
Осы Келiсiм және оған енетiн кез келген өзгерiстер Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымында тiркелетiн болады.
22-бап
Күшіне енуi
Әрбiр Тарап екiншi Тарапты дипломатиялық арналар арқылы осы Келiсiмнің күшiне ену қажеттiгі туралы конституциялық нысандылықтардың орындалғаны туралы құлақтандырады.
Келiсiм келесi құлақтандыру күнiнен бiр ай өткеннен соңғы бiрiншi күнi күшiне енедi.
Осыны куәландыра отырып, оған өздерiнiң тиiстi Үкiметтерiмен лайықты түрде уәкiлеттендiрiлген төменде қол қоюшылар осы Келiсiмге қол қойды.
2000 жылы 27 маусымда Брюссель қаласында екi данада, ағылшын тілдерінде жасалды.
Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдiгiнiң
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
Қосымша
Бағыттар кестесi
1. Қазақстан Республикасының бағыттары
___________________________________________________________________
Жөнелту | Аралық | Бару | Тысқары
пункттерi | пункттер | пункттерi | пункттер
___________________________________________________________________
Қазақстандағы Бельгиядағы
пункттер пункттер
___________________________________________________________________
2. Бельгия Корольдiгiнiң бағыттары
___________________________________________________________________
Жөнелту | Аралық | Бару | Тысқары
пункттерi | пункттер | пункттерi | пункттер
___________________________________________________________________
Бельгиядағы Қазақстандағы
пункттер пункттер
___________________________________________________________________
Уағдаластық бағыттағы кез келген пункт немесе пункттер екi Тараптың тағайындалған авиакәсiпорындарымен алынып тасталуы мүмкiн немесе жөнелту немесе бару пункттері олардың азаматтығы мемлекетінің аумағында болған жағдайда кез келген тәртiппен кез келген немесе барлық бағыттарда пайдаланылуына болады.