Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi өкiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 25 қарашадағы
N 1176 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күші жойылған
кейбiр шешімдерiнiң және Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi күшi жойылған өкiмдерiнiң
Тізбесі
1. "Дүниежүзiлiк Банктiң зейнетақы реформасын қолдауға арналған Бағдарламалық Займы бойынша iс-шараларды iске асыру жөнiндегi ведомствоаралық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 6 шiлдедегi N 932 қаулысы .
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 6 шiлдедегі N 932 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 желтоқсандағы N 1962 қаулысы .
3. "Оңтүстiк Қазақстан облысында жәрдемақыларды төлеу мәселелерi бойынша комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 сәуiрдегi N 518 қаулысы .
4. "Жалақы мен зейнетақының ең төмен мөлшерлерiн, аудандық коэффициенттердi белгiлеу бұрын 1992 жылға дейiн, 1992-1994 жылдары, 1994 жыл - 1996 жылғы шiлде кезеңiнде тағайындалған зейнетақыларды қайта есептеу мәселелерiн қарау жөнiндегi комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 7 наурыздағы N 282 қаулысы .
5. "Зейнеткерлiк жасы алдындағы жұмыспен қамтылмаған халықты әлеуметтiк қорғаудың қосымша нысандары туралы ұсыныстарды әзiрлеу жөнiнде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 12 наурыздағы N 299 қаулысы .
6. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң "Зейнетақы жүйесi тұжырымдамасының жобасын әзiрлеу жөнiндегi жұмыс тобын құру туралы" 1997 жылғы 30 қаңтардағы N 16 өкiмi .
7. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң "Жалақы төлеу жөнiндегi берешекке талдау жасау үшiн жұмыс тобын құру туралы" 1998 жылғы 1 қазандағы N 189 өкiмi .
8. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1998 жылғы 1 қазандағы N 189 өкiмiне өзгерiстер енгізу туралы" 2000 жылғы 22 қаңтардағы N 13 өкiмi .
9. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын пысықтау үшiн жұмыс тобын құру туралы" 1999 жылғы 3 маусымдағы N 76 өкiмi .
10. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу үшiн ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы" 2001 жылғы 28 тамыздағы N 70 өкiмi .
11. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң "Еңбек заңнамасын жетілдiруге бағытталған ұсыныстар әзiрлеу жөнiндегi жұмыс тобын құру туралы" 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 2 өкiмi .
12. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң "Ұшу-сынақ полигондары мен "Байқоңыр" кешенi жанында орналасқан аудандарда тұратын азаматтарды әлеуметтiк қолдауды айқындау мәселесiн қарау жөнiндегi жұмыс тобын құру туралы" 2002 жылғы 25 ақпандағы N 10 өкiмi .
13. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң "Азаматтық қызмет туралы" заң жобасы бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөнiндегi жұмыс тобын құру туралы" 2002 жылғы 6 мамырдағы N 41 өкiмi .
14. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң "Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2003 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатылған баптарының қолданылуын қайта жалғастыру мүмкiндiгi туралы ұсыныстар әзiрлеу жөнiндегi жұмыс тобын құру туралы" 2002 жылғы 7 маусымдағы N 70 өкiмi .
15. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заң жобасына ұсыныстар әзiрлеу жөнiндегi жұмыс тобын құру туралы" 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 207 өкiмi .
16. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы 2002 жылғы 26 наурыздағы N 19 өкiмi .
17. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң "Ынтымақты зейнетақы жүйесiн жетiлдiру жөнiнде жұмыс тобын құру туралы" 2003 жылғы 7 мамырдағы N 82 өкiмi .